О формировании Президентского кадрового резерва специальных государственных органов Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының президенттік кадр резервін қалыптастыру туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының президенттік кадр резервін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының
президенттік кадр резервін қалыптастыру
ҚАҒИДАЛАРЫ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 624 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының
президенттік кадр резервін қалыптастыру
ҚАҒИДАЛАРЫ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының президенттік кадр резервін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін (бұдан әрі – қызметкерлер) Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының президенттік кадр резервіне (бұдан әрі – Президенттік кадр резерві) іріктеудің, алудың, оларды даярлаудың және одан шығарудың ерекше тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Президенттік кадр резерві – Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының бос тұрған жоғары басшы лауазымдарына ұсыну үшін осы Қағидаларда көзделген іріктеудің ерекше тәртібінен өткен қызметкерлердің тізімі.
Тармақ 3
3. Президенттік кадр резервін қалыптастыру мақсаты – Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы бос тұрған жоғары басшы лауазымдарға орналастыру үшін қызметкерлерді сапалы іріктеу және оларды даярлау арқылы кәсіби кадр құрамын құру.
Тармақ 4
4. Президенттік кадр резервін қалыптастыру «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және босататын және (немесе) онымен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын мемлекеттік саяси қызметшілер, лауазымды және өзге де адамдар лауазымдарының тізбесінде көзделген лауазымдарға қатысты жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Президенттік кадр резервін бекітуді осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен келісілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің (бұдан әрі – Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі) ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік күзет қызметі) қызметкерлерінің Президенттік кадр резервін бекітуді Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Президенттік кадр резервін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөліміне жүктеледі.
Президенттік кадр резервіне ұсынылған Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің тізімін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды дайындау Мемлекеттік күзет қызметіне жүктеледі.
Тармақ 7
7. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының лауазымдарына қолданылмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Президенттік кадр резервін қалыптастыру
2-тарау. Президенттік кадр резервін қалыптастыру
Тармақ 8
8. Президенттік кадр резервін қалыптастыру тоқсан сайын Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының басшы лауазымдарына орналасуға кандидаттарға ағымдағы және перспективадағы қажеттіліктің болжамы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Президенттік кадр резерві:
Тармақша 1
1) болжанатын лауазымға орналасу көзделген, қызмет өтілі, кәсіби даярлық деңгейі жөніндегі талаптарды қамтитын біліктілік талаптарына сәйкес келетін;
Тармақша 2
2) аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша атқаратын лауазымына сәйкес келетін, оның ішінде кадр резервіне алуға немесе жоғары тұрған лауазымға жоғарылатуға ұсынылған;
Тармақша 3
3) материалдарды жолдаған сәтте тәртіптік жазалары болмаған қызметкерлердің қатарынан қалыптастырылады.
Мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлер біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органының бірінші басшысы Президенттік кадр резервіне ұсынуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне іссапарға жіберілген, қойылатын талаптарға сәйкес келетін қызметкерлер Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі басшысының қызметкерді іссапарға жіберген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органының бірінші басшысымен келісілген ұсынуы бойынша Президенттік кадр резервіне алынуы мүмкін.
Тармақ 9
9. Президенттік кадр резервіне алу үшін кандидаттарды іріктеу қызметкерлердің жеке және іскерлік қасиеттерін, олардың қызметтік іс-әрекетінің нәтижелерін зерделеу мен бағалау және аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде жүргізілді.
Тармақ 10
10. Тиісті тоқсанның соңғы айының 1-күніне дейін Президенттік кадр резервіне алу үшін ұсынылған қызметкерлердің тізімдері Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберілуге жатады.
Президенттік кадр резервіне алу үшін ұсынылған қызметкерлердің тізімдеріне мынадай материалдар қоса берілуге тиіс:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органы бірінші басшысының ұсынуы:
қызметкердің іскерлік және жеке қасиеттері, атқаратын лауазымындағы қызметтік іс-әрекетінің негізгі көрсеткіштері (соңғы үш жылғы серпінде);
болжанатын лауазымға орналасу үшін көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келетіні;
аттестаттау комиссиясының шешімі, ал аттестаттауға жатпайтын адамдарға қатысты қызметтік жұмысы нәтижелерінің нақты көрсеткіштері көрсетіліп;
Тармақша 2
2) белгіленген нысандағы фотосуреті бар қызметтік анықтама (қызметтік тізім);
Тармақша 3
3) қызметкердің міндетті арнаулы тексеруден өткені туралы мәліметтер.
Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органының бірінші басшысы іссапарға жіберілген қызметкерлерге қатысты сипаттаушы материалдарды тиісті қызметкер қызмет өткеріп жатқан органның (ұйымның) басшысынан сұратуға құқылы.
Ұсынылған материалдардың толық еместігі анықталған немесе оларда қандай да бір нақты емес мәліметтер көрсетілген жағдайда Президенттік кадр резервіне алу үшін ұсынылған қызметкерлерге қатысты материалдар Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінен кері қайтарылмай, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының кадр бөлімшелері жоғарыда аталған кемшіліктерді жоя алады.
Кандидатты Президенттік кадр резервіне алуға қатысты материалдарды және лауазымға тағайындауды келісуге арналған ұсынуды бір мезгілде жіберуге жол берілмейді.
Тармақ 11
11. Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі тоқсан сайын:
Тармақша 1
1) тиісті тоқсанның соңғы айының 15-күніне дейін ұсынылған материалдардың анықтығын, толық болуын және Президенттік кадр резервіне ұсынылған қызметкерлердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады, қажет болған кезде мәліметтерді сұрату арқылы қосымша тексеру іс-шараларын жүргізеді;
Тармақша 2
2) тиісті тоқсанның соңғы айының 30-күніне дейін материалдарды қарау нәтижелері бойынша Президенттік кадр резервіне алу үшін ұсынылған қызметкерлер тізімін қалыптастырады;
Тармақша 3
3) Президенттік кадр резерві бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларына хабарлайды.
Тармақ 12
12. Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі Президенттік кадр резервіне кандидаттардың тізімі қалыптастырылғаннан және Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен келісілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бекітуіне енгізеді.
Президенттік кадр резервіне алуға ұсынуларды қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) Президенттік кадр резервіне алынсын;
Тармақша 2
2) Президенттік кадр резервіне алудан бас тартылсын.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының кадр бөлімшелері Президенттік кадр резервінің бекітілген тізімінен үзіндіні алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызметкерлерді Президенттік кадр резервіне алынғаны туралы хабардар етеді.
Тармақ 14
14. Қызметкердің Президенттік кадр резервінде болу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс. Президенттік кадр резервіне алынған, бірақ онда болу кезеңінде бос тұрған жоғары басшы лауазымдарға тағайындалмаған адамдар жалпы негізде жаңадан алынуы мүмкін.
Егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, жоғары тұрған басшы лауазымдарға тағайындау үшін Президенттік кадр резервінде болудың ең аз мерзімі кемінде үш айды құрауға тиіс.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органының бірінші басшысы осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Президенттік кадр резервіне қосымша кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Тармақ 16
16. Президенттік кадр резервінде тұрған қызметкерлер болжанып отырған басшы лауазымдарға тағайындауға қажетті кәсіби дағдыларын, басқару құзыретін жетілдіру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында кәсіби қайта даярлаудан және біліктілікті арттырудан етеді.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапармен барған қызметкерлерді қоспағанда, Президенттік кадр резервіне алынған қызметкерлерге «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен олар Президенттік кадр резервіне алынған лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша атқару жүктелуі мүмкін.
Тарау 3. 3-тарау. Президенттік кадр резервінен шығару
3-тарау. Президенттік кадр резервінен шығару
Тармақ 18
18. Қызметкер:
Тармақша 1
1) қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін, оны сот тәртібімен әкімшілік жауаптылыққа тартқан;
Тармақша 2
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін, оны тәртіптік жауаптылыққа тартқан;
Тармақша 3
3) оған қызметіне толық сәйкес келмейтіні туралы ескерту, атқаратын лауазымынан босату (лауазымын бір сатыға төмендету), арнаулы (әскери) атағын бір сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолданылған;
Тармақша 4
4) ол Президенттік кадр резервінен шығару туралы баянат берген;
Тармақша 5
5) осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген мерзім өткен;
Тармақша 6
6) оны Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызметтен шығарған;
Тармақша 7
7) оны Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарына, Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға ауыстырған (іссапарға жіберген);
Тармақша 8
8) аттестаттаудың нәтижелері бойынша оның лауазымы төмендетілген не атқарып отырған лауазымынан төмен тұрған лауазымға ауыстырған жағдайларда, оны Президенттік кадр резервінен шығару жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Қызметкерді Президенттік кадр резервінен шығару туралы шешімді осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының кадр бөлімшелері Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөліміне ұсынған материалдарға сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қабылдайды.
Тармақ 20
20. Осы Қағидалардың 18-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Президенттік кадр резервінен шығарылған қызметкерлер шығарудың негіздері жойылғаннан кейін бір жыл өткен соң осы Қағидаларда көзделген тәртіппен Президенттік кадр резервіне алынуы мүмкін.
____________________________