О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, "О приватизации" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендіру туралы" заң күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 163-құжат; "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 189-құжат; 1999 ж., N 21, 786-құжат; N 23, 916-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. 6-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Мүлiктiк кешен ретiнде жекешелендiруге жататын кәсiпорын (құрамына оларда сақтаулы тұрған мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары кiрмейдi.".
Тармақ 2
2. 17-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: "2-1) жекешелендiру объектiсiнде мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары болған жағдайда, мемлекеттiк материалдық резервтi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органға объект жекешелендiрiлгенге дейiн осы материалдық құндылықтарды бұдан кейiнгi жерде орналастыру туралы шешiм қабылдауы үшiн алдағы жекешелендiру туралы алдын ала хабарлайды;".
Тармақ 3
3. 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сатудан алынған қаражатты пайдалану тәртiбi өзге заң актiлерiмен белгiленедi.".