О внесении изменения и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам специальных государственных пособий Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Бап 1
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 8, 238-құжат; N 23, 925-құжат):
Тармақша 1
1) 4-бапта: мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: "4-1) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері;"; 9) тармақша "Ардақты ана" атағын алған" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 7-бапта: мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: "7-1) Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне - 9,0 айлық есептік көрсеткіш;"; 12) тармақша "Ардақты ана" атағын алған" деген сөздерден кейін ", І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Заңды күшіне енгізу туралы" 1993 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 8, 158-құжат; 1995 ж., N 23, 143-құжат): 4-тармақтың екiншi, үшiншi және төртiншi абзацтары алып тасталсын.
Бап 2
2-бап. 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн, I және II дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен марапатталған адамдарға арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар төлеуге қатысты нормаларды қоспағанда, осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi.