Об утверждении стандарта организации оказания медицинской реабилитации населению Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері туралы ереженің 16-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) оны мемлекеттік тіркеуден кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 759 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Стандарт амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан санаторийлік-курорттық ұйымдарда пациенттерге медициналық оңалту (бұдан әрі - МО) көрсету талаптары мен тәртібін белгілейді.
Тармақ 3
3. Халыққа МО көрсететін медициналық ұйымдардың штаттары «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 6173 тіркелген) штаттық нормативтерге сәйкес белгіленеді.
Тармақ 4
4. МО көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтаудың ең төменгі тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 27 қазандағы № 850 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың ең төменгі стандарттарына (нормативтеріне) сәйкес белгіленеді.
Тармақ 5
5. МО көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (бұдан әрі – ҚР ДСМ № 907 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген) сәйкес бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
Тармақша 1
1) медициналық оңалту – науқастардың және мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жойылған функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтердің кешені;
Тармақша 2
2) «Медициналық оңалту, қалпына келтіру емі (физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курортология) (ересектерге, балаларға арналған)» мамандығы бойынша дәрігер - аурудың негізгі клиникалық бейіні бойынша құралдарды қолдану және физикалық оңалту әдістері бойынша арнаулы білімі және даярлығы бар дәрігер;
Тармақша 3
3) Мультитәртіптік команда – (бұдан әрі – МТК) медициналық ұйымдардың басшылары МО барлық кезеңдерінде құратын үйлестіруші дәрігердің басшылығымен медициналық оңалту және кешенді оңалту көрсететін әртүрлі мамандардың тобы;
Тармақша 4
4) бейін бойынша үйлестіруші дәрігер (бұдан әрі үйлестіруші-дәрігер) – МТК үйлестіру жұмыстары мен медициналық оңалту мәселелері бойынша оқудан өткен көрсетілетін медициналық көмектің бейіні бойынша маман (кардиолог, невропатолог, ортопед-травматолог);
Тармақша 5
5) биоәлеуметтік функциялар (бұдан әрі - БӘФ) – бұл тіршілік әрекеті мен денсаулық шектеулері жұмыс істеуінің халықаралық жіктемесіне сәйкес индекстер бойынша анықталатын, өзіне қызмет көрсетуге, кеңістікке бейімделуі және уақытқа, қозғалысқа, сезінуге, сексуальдық қызметке, экономикалық және әлеуметтік тәуелсіздікке, еңбек және шығармашылық қызметке қабілеттілігі.
Тармақша 6
6) инновациялық медициналық технология – денсаулық сақтау саласында медицина (биомедицина), фармация және ақпараттандыру саласын енгізілуі экономикалық тиімді және (немесе) әлеуметтік маңызды болып табылатын ғылыми және ғылыми – техникалық қызметтер әдістерінің және құралдарының жиынтығы;
Тармақша 7
7) денсаулық сақтауды дамыту мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы – денсаулық сақтауды стратегиялық дамыту, медициналық көмекті, медициналық және фармацевтикалық ғылым және білім беруді ұйымдастыру, медициналық және фармацевтикалық қызметтің сапасы, медициналық қызметке ақы төлеу, денсаулық сақтауды қаржыландыру мәселелері бойынша сараптама жұмыстарын ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен құрылған консультативтік-кеңес органы (бұдан әрі – Сараптама комиссиясы);
Тармақша 8
8) оңалту диагнозы – туындаған зақымдануды сипаттауды және осы бұзушылықтың салдарынан болған тұрмыстық және кәсіби дағдыны және БӘФ қамтитын аурудың (жарақаттың) функциональдық салдарын бағалау өлшемін көрсететін диагноз;
Тармақша 9
9) оңалту әлеуеті – БӘФ, сонымен қатар әлеуметтік-қоршаған орта факторларын есепке ала отырып, оңалтудың айқындалған мақсатына жетудің белгілі бір уақыт аралығында клиникалық негізделген мүмкіндігі;
Тармақша 10
10) оңалту мақсаты – жоспарлы, өзіндік, өлшеулі, нақты қол жеткізілген, уақытпен белгіленген жүргізілген оңалту шараларының нәтижесі;
Тармақша 11
11) оңалту болжамы – оңалту әлеуетін іске асыру бойынша өткізілген оңалту іс-шараларынан кейінгі күтілетін нәтиже;
Тармақша 12
12) жеке оңалту бағдарламасы – науқастарға және мүгедектерге өткізілетін оңалтудың нақты көлемін, түрін және мерзімін анықтайтын құжат;
Тармақша 13
13) оңалту картасы – зерттеу жүргізілген, оңалту емінің нәтижесі көрсетілген науқастың объективті жағдайы туралы деректер жазылған (ҚР ДСМ № 907 бұйрығымен бекітілген 107-е нысаны) бастапқы медициналық құжаттаманың нысаны;
Тармақша 14
14) халықаралық өлшемдер (индекстер, шкалалар, тестер) – МО көлемін, тактикасын, кезеңділігін анықтайтын адамның оңалту әлеуетін, БӘФ бұзушылық дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін МО құралдар;
Тармақша 15
15) әлеуметтік қызметкер – денсаулық сақтау саласында арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін және (немесе) арнайы әлеуметтік қызметте қажеттілікті бағалауды және анықтауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес қажетті біліктілігі бар қызметкер;
Тармақша 16
16) Емдеуге жатқызу бюро порталы (бұдан әрі – Портал) – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуға пациенттерді бағыттауды электронды тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтаудың бірыңғай жүйесі.
Тарау 2. 2. Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсететін ұйымдардың қызметтерінің құрылымы және негізгі бағыттары
2. Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсететін ұйымдардың қызметтерінің құрылымы және негізгі бағыттары
Тармақ 7
7. МО көрсететін медициналық ұйымдарға:
Тармақша 1
1) республикалық, облыстық, қалалық оңалту орталықтары (бұдан әрі – ОО);
Тармақша 2
2) республикалық орталықтардың, көпбейінді стационарлардың (облыстық, қалалық ауруханалар, аудандық орталық ауруханалар (бұдан әрі –АОА), ауданаралық ауруханалар (бұдан әрі – ААА) және ауылдық аурухана (бұдан әрі – АА) МО бөлімшелері (төсектік);
Тармақша 3
3) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың МО бөлімшелері (кабинет);
Тармақша 4
4) санаторийлер жатады.
Тармақ 8
8. МО-ның мақсаттары денсаулықты, еңбекке қабілеттілікті, тұлғалық және әлеуметтік мәртебені қалпына келтіру, қоғам өмірінің қалыпты жағдайында интеграция, реинтеграцияның материалдық және әлеуметтік тәуелділігіне қол жеткізу болып табылады.
Тармақ 9
9. МО негізгі қағидаттары:
ерте бастау;
кезеңі;
үздіксіздігі;
үйлестігі;
жеке және мультитәртіптік тәсілі;
қолжетімділігі;
ұқсастығы;
оңалту іс-шараларын өткізудегі нақты қалыптастырылған мақсатқа бағдары.
Тармақ 10
10. Қойылған мақсатқа сәйкес МО ұйымдастыру мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
Тармақша 1
1) МО мәселелері бойынша заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
Тармақша 2
2) оңалтуды өткізу үшін, оны қайта бейімдеу жолымен қолдағы бар төсек қорын оңтайлы пайдалану;
Тармақша 3
3) жарақтандырудың ең төменгі стандарттарына сәйкес ұйымның материалдық-техникалық жағдайын жақсарту;
Тармақша 4
4) МО көрсететін мамандар үшін кәсіби білім беру бағдарламасын әзірлеу;
Тармақша 5
5) халықаралық талаптарға сәйкес оңалту бойынша кадрларды даярлау және клиникалық хаттамаларды әзірлеу;
Тармақша 6
6) практикада МО инновациялық, тиімді әдістерін енгізу.
Тарау 3. 3. Мультитәртіптік команданың қызметі
3. Мультитәртіптік команданың қызметі
Тармақ 11
11. Пациенттерге МО бойынша көмек көрсету барлық кезеңдерде медициналық оңалту бойынша дярлаудан өткен МТК-ның қатысуымен өткізіледі.
Тармақ 12
12. МТК міндеттері:
Тармақша 1
1) халықаралық өлшемдерге сәйкес пациенттің түскен кезде, динамикада және шығар алдында БӘФ бұзушылығы мен ауырлық жағдайының дәрежесін өткізу мен бағалау;
Тармақша 2
2) оңалту диагнозын, оңалту әлеуетін және болжамын анықтау;
Тармақша 3
3) МО өткізу үшін көлемін, кезеңін және медициналық ұйымды анықтау.
Тармақ 13
13. МТК қызметі:
Тармақша 1
1) пациенттің МО мақсаты мен міндетін оларды қайта бағалаумен анықтау;
Тармақша 2
2) жекеленген оңалту бағдарламасын қалыптастыру;
Тармақша 3
3) оңалту іс-шараларының кешенін өткізу;
Тармақша 4
4) клиникалық-инструменталдық және зертханалық зерттеулердің мәліметтеріне бағалау өткізу;
Тармақша 5
5) оңалту іс-шаралары кешенінің тиімділігін бағалау;
Тармақша 6
6) одан әрі оңалту бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;
Тармақша 7
7) үй жағдайында пациент пен оның отбасын күтім және оңалту шаралары бойынша оқыту;
Тармақша 8
8) стационарлық немесе амбулаториялық науқастың медициналық (оңалту) картасына қорытынды мен ұсыныс әзірлеу;
Тармақша 9
9) пациентті бейінді медициналық ұйымға бағыттауды жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. МТК-ны медициналық оңалту мәселелері бойынша оқытудан өткен, МТК-ның үйлестіруші және жетекші дәрігер болып табылатын үйлестіруші-дәрігер басқарады.
Тармақ 15
15. МТК құрамына медициналық оңалту мәселелері бойынша оқытудан өткен мынадай мамандар кіреді:
үйлестіруші дәрігер;
оңалту дәрігері («медициналық оңалту, қалпына келтіру емі (физиотерапия, емдік денешынықтыру, курортология)» (ересек, балалар мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі бар);
психология саласының маманы («психиатрия (наркология, медициналық психология)» немесе жоғары медициналық емес (педагогикалық) «психология» мамандығы бойынша білімі бар));
емдеу мәдениеті бойынша нұсқаушы–маман (жоғары медициналық, медициналық емес (педагогикалық) білімі бар);
емдеу мәдениеті бойынша нұсқаушы–маман емдік денешынықтыру кабинетінің мейіргері, (орта медициналық және медициналық емес (педагогикалық) білімі бар);
еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы–маман (жоғары медициналық емес (педагогикалық) білімі бар);
еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы маман (орта медициналық және медициналық емес (педагогикалық) білімі бар);
физиотерапия кабинетінің мейіргері;
күтім жасайтын мейіргер;
әлеуметтік қызметкер.
Тармақ 16
16. Көрсетімдер бойынша МТК құрамына мыналар қатысады:
«дәстүрлі терапия (рефлексотерапия, мануальді терапия, су-джок-терапия, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия және басқа)» бейіні бойынша жоғары медициналық білім бар маман;
«функциналдық диагностика» бейіні бойынша жоғары медициналық білімі бар маман;
«оториноларингология (сурдология) (ересек, балалар)», «офтальмология (ересек, балалар)», «терапия (диетология)», «психиатрия (наркология, медициналық психология) (ересек, балалар) бейіні бойынша жоғары білімі бар маман;
массаж кабинетінің мейіргері
жоғары педагогикалық білімі бар мамандар: логопед, дефектолог- мұғалім, сурдолог-мұғалім, тифло-педагог, тәрбиеші, балаларға арналған мұғалім (педагог), әлеуметтік педагог, музыка мұғалімі;
ортезист–маман жоғары немесе орта медициналық немесе медициналық емес білімі бар.
Тармақ 17
17. МТК пациенттің жағдайының ауырлық деңгейін және БӘФ бұзылушылығын бағалау үшін аурулардың мынадай бейіндерінде халықаралық критерийлерді қолданады:
Тармақша 1
1) «неврология және нейрохирургия» бейінін: Бартела (Barthel) индексін, Mini Mental test, ASIA шкаласын;
1 жасқа дейінгі балалар үшін - Прехтла (Prechtl) шкаласын;
4 жасқа дейінгі нервтік-психикалық даму шкаласы, модифицирленген Бартел ( Barthel) шкаласы;
4 жастан үлкен – WeeFim шкаласы;
балалардың церебральды сал ауруымен ауыратын балалар үшін (бұдан әрі – БЦС) қосымша: Ашфорта (Ashworth) спастикалық шкаласы GMFCS, GMFM шкаласы, МACs қолдың функционалданған шкаласы;
Тармақша 2
2) «травматология және ортопедия» бейіні: Бартел ( Barthel), MRC scale, Карновский, гониометрия индекстері;
1 жасқа дейінгі балалар үшін: MRC scale, Карновский, гониометрия индекстері;
Тармақша 3
3) «кардиология және кардиохирургия» бейіні: Нью-Йорк жүрек қауымдастығы (NYHA) жіктемесі бойынша функционалдық кластарға (бұдан әрі – ФК) сәйкес жүрек функциясының жетіспеушілігі (бұдан әрі – ЖФЖ) деңгейі, Lown индексі бойынша жүрек соғысының өмірге қауіпті бұзылушылығын бағалау.
Тарау 4. 4. Медициналық оңалтуды ұсынудың көлемдері және кезеңдері
4. Медициналық оңалтуды ұсынудың көлемдері және кезеңдері
Тарау 5. 5. Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру
5. Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру
Тарау 6. 6. Қазақстан Республикасының ересек халқына «кардиология және кардиохирургия», «травматология және ортопедия», «неврология және нейрохирургия» бейіндері бойынша медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру
6. Қазақстан Республикасының ересек халқына «кардиология және кардиохирургия», «травматология және ортопедия», «неврология және нейрохирургия» бейіндері бойынша медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру
Тарау 7. 7. Қазақстан Республикасының балаларына «кардиология және кардиохирургия», «травматология және ортопедия», «неврология және нейрохирургия» бейіндері бойынша медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру
7. Қазақстан Республикасының балаларына «кардиология және кардиохирургия», «травматология және ортопедия», «неврология және нейрохирургия» бейіндері бойынша медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру
Басқа 1.1. Екінші кезең " II А оңалту" "Кардиология және кардиохирургия" бейіні (ересектер)
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
1-қосымша
Екінші кезең " II А оңалту" "Кардиология және кардиохирургия" бейіні (ересектер)
Басқа 1.2. Екінші кезең " II А оңалту" "Травматология және ортопедия" бейіні (ересектер)
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
2-қосымша
Екінші кезең " II А оңалту" "Травматология және ортопедия" бейіні (ересектер)
Басқа 1.3. Екінші кезең "II А оңалту" "Неврология және нейрохирургия" бейіні (ересектер)
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
3-қосымша
Екінші кезең "II А оңалту" "Неврология және нейрохирургия" бейіні (ересектер)
Басқа 1.4. Екінші кезең "II Б оңалту" "Неврология және нейрохирургия" (ересектер)
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
4-қосымша
Екінші кезең "II Б оңалту" "Неврология және нейрохирургия" (ересектер)
Басқа 1.5. Үшінші кезең «II Амбулаторлық оңалту»
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
5-қосымша
Үшінші кезең «II Амбулаторлық оңалту»
Басқа 1.6. Үшінші кезең "II Амбулаториялық оңалту" "Травматология және ортопедия" бейіні (ересектер)
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
6-қосымша
Үшінші кезең "II Амбулаториялық оңалту" "Травматология және ортопедия" бейіні (ересектер)
Басқа 1.7. Үшінші кезең "II Амбулаториялық оңалту" "Неврология және нейрохирургия" (ересектер)
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
7-қосымша
Үшінші кезең "II Амбулаториялық оңалту" "Неврология және нейрохирургия" (ересектер)
Басқа 1.8. Үшінші кезең «II Амбулаториялық оңалту»
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
8-қосымша
Үшінші кезең «II Амбулаториялық оңалту»
Басқа 1.9. "Қолдаушы оңалту" қолдаушы оңалтуы "Травматология және ортопедия" бейіні (ересектер)
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
9-қосымша
"Қолдаушы оңалту" қолдаушы оңалтуы "Травматология және ортопедия" бейіні (ересектер)
Басқа 1.10. "Қолдаушы оңалту" қолдаушы оңалтуы "Неврология және нейрохирургия" бейіні (ересектер)
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
10-қосымша
"Қолдаушы оңалту" қолдаушы оңалтуы "Неврология және нейрохирургия" бейіні (ересектер)
Басқа 1.11. Екінші кезең "II А оңалту" "Кардиология және кардиохирургия" бейіні (балалар)
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
11-қосымша
Екінші кезең "II А оңалту" "Кардиология және кардиохирургия" бейіні (балалар)
Басқа 1.12. Екінші кезең «II А оңалту»
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
12-қосымша
Екінші кезең «II А оңалту»
Басқа 1.13. Екінші кезең "II А оңалту" "Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
13-қосымша
Екінші кезең "II А оңалту" "Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)
Басқа 1.14. Екінші кезең "II Б оңалту" "Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
14-қосымша
Екінші кезең "II Б оңалту" "Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)
Басқа 1.15. Үшінші кезең Көлемі «II Амбулаторлық оңалту»
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
15-қосымша
Үшінші кезең Көлемі «II Амбулаторлық оңалту»
Басқа 1.16. Үшінші кезең «II Амбулаторлық оңалту»
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
16-қосымша
Үшінші кезең «II Амбулаторлық оңалту»
Басқа 1.17. Үшінші кезең "II Амбулаториялық оңалту" "Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
17-қосымша
Үшінші кезең "II Амбулаториялық оңалту" "Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)
Басқа 1.18. «Қолдаушы оңалту» қолдаушы оңалтуы
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
18-қосымша
«Қолдаушы оңалту» қолдаушы оңалтуы
Басқа 1.19. «Қолдаушы оңалту» қолдаушы оңалтуы
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
19-қосымша
«Қолдаушы оңалту» қолдаушы оңалтуы
Басқа 1.20. "Қолдаушы оңалту" қолдаушы оңалтуы "Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
20-қосымша
"Қолдаушы оңалту" қолдаушы оңалтуы "Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)
Басқа 1.21. «Қайта оңалту» қайта оңалтуы
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
21-қосымша
«Қайта оңалту» қайта оңалтуы
Басқа 1.22. «Қайта оңалту» қайта оңалтуы
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
22-қосымша
«Қайта оңалту» қайта оңалтуы
Басқа 1.23. "Қайта оңалту" қайта оңалтуы "Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)
Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
23-қосымша
"Қайта оңалту" қайта оңалтуы "Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)