О неотложных мерах по борьбе с бешенством Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құтыру ауруымен күрес жөніндегі шұғыл шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 28.11.2001 № 225 шешімімен. 1995 жылы облыста құтыру ауыруы бойынша эпидемиологиялық және эпизоотикалық жағдай күрт күрделеніп кетті. Адамдардың арасында 7 өлім жағдайы тіркелген. Қауып алған және сілекей жұқтырғаннан кейін дәрігерлік көмек сұрағандардың саны 6986-ға жетті, оның 95% проценті иттен, 244-і құтырған жануарлардан зардап шегіп отыр. Бұл орайдағы жағдай 1996 жылдың қаңтарында да тұрақтанған жоқ. Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында бұдан әрі қарай құртыру ауруына жол бермеу мақсатында:
Тармақ 1
1. Қала және аудан әкімдері: - он күндік мерзім ішінде адамдар мен малдардың арасындағы құтыру ауруына қарсы күрестің жағдайы туралы мәселені қарасын, көрілген шаралар жөнінде облыс әкімшілігінің әлеуметтік сала бөліміне баяндасын; - елді мекендерде арнаулы бригадалар құрылсын, аңшылар мен балық аулаушылар қоғамының мүшелерін тарта отырып қаңғыған иттер мен мысықтарды аулау мен құрту үшін оларды көлікпен және қажетті құралдармен жабдықтасын; - елді мекендерде арнаулы бригадалар құрылсын, аңшылар мен балық аулаушылар қоғамының мүшелерін тарта отырып қаңғыған иттер мен мысықтарды аулау мен құрту үшін оларды көлікпен және қажетті құралдармен жабдықтасын; - аудандық және қалалық мәслихаттардың қарауына үй жануарларын ұстаудың ережелерін белгілеу туралы мәселе енгізсін; - жергілікті бюджеттің есебінен ит және мысықтарды жоюға күрес жүргізген адамдарға берілетін ақшалай сыйлыққа қаражат бөлінсін; - қаңғыған және жабайы аңдарды аулау кезеңінде арнаулы бригадаларға учаскелік инспекцияларды бекітсін.
Тармақ 2
2. Облыс әкімшілігінің денсаулық сақтау департаменті /Момынов/ облыс әкімшілігінің ауыл шаруашылығы басқармасы /Тұрсынқұлов/, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы /Торғауытов/: - құтыру ауруына қарсы малдәрігерлік-санитарлық шараларды орындауға қатаң бақылауды жүзеге асырсын, қауып алудан зардап шеккендерді тез арада анықтасын және малдәрігерлік, дәрігерлік көмек көрсетсін; - халықтың арасындағы санитарлық-ағарту жұмыстары кенінен қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық экология және биоресурстар басқармасы /Арыстанов/: - табиғатты қорғау қорының шығысын есептегенде қасқыр мен шиебөріні ату үшін жұмсалатын арнайы қаржы қаратылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамы /Троценко/: - экологиялық теңдік сақтауды, ескере отырып, жер-жерлерде етпен азықтанатын жабайы аңдарды / қасқыр, шиебөрі/ атуды, елді мекендерде қаңғыған иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастыруға ықпал етсін; - аңшыларды материалдық ынталандыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі № 1230 "Республикада жекелеген жыртқыш аңдардың түрлерін реттеу жөніндегі шаралар туралы" Қаулысына сәйкес әрбір атылып алынған жыртқыш пен ауланған аң үшін адамдарды ақшалай сыйлықтау ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитет /Нұрмадиева/: - бір апталық мерзім ішінде әрбір ауланған ит пен мысық үшін берілетін ақшаның мөлшері анықтасын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С.Ж. Бараховаға жүктелсін.