О проведении приписки граждан к призывным участкам Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы" Заңының 12 бабына сәйкес:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1984 жылы туылған азаматтарын 2001 жылдың 3 қаңтардан 29 наурызға дейін аудандық, қалалық әскер комиссариаттарына тіркеуді өткізсін.
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) қосымшаға сәйкес тіркеу жөнінде комиссия құрсын, дәрігер-мамандардың, медбикелердің, техника қызметкерлерінің, қызмет көрсететін адамдар мен көліктің қажетті санын бөлсін;
Тармақша 2
2) азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс жүргізуі үшін әскер комиссариаттарын талаптарға сай келетін ғимараттармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскерге шақыру учаскелеріне 1984 жылы туылған азаматтарды тіркеу жөніндегі медициналық комиссиялардың жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ емдеу-алдын алу мекемелерінде медициналық тексеруден өтуді қаржыландыру қалалардың және аудандардың бюджеттері есебінен, бөлінген қаржылардың шегінде жүзеге асырылсын;
Тармақша 4
4) әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу үшін аудандық, қалалық әскер комиссариаттарына азаматтардың ұйымдасқан түрде келуі бойынша шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Б.Баймаханов), облыстық әскер комиссариатымен (Т.М.Нұров келісімі бойынша) бірлесе отырып тіркеу жөніндегі комиссияда жұмыс жүргізу үшін облыстық емдеу мекемелерінің дәрігер-мамандарын тарту тәртібін белгілесін және аудандық, қалалық тіркеу жөніндегі комиссиялары облыстық емдеу мекемелеріне жіберген азаматтарды бірінші кезекте тексеруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың, кәсіпорындардың және мекемелердің басшылары тіркеу жөніндегі комиссияның және медициналық куәландыру, сондай-ақ тіркелуге жататын азаматтармен жұмыс жүргізуге тартылған азаматтардың тұрақты жұмыс орнында орта жалақысы сақталынатындығын назарға алсын. Әскерге шақырылатындарды әскери есепке алумен байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа азаматтар жұмысынан (оқудан) босатылады.
Тармақ 5
5. Облыстық ішкі істер бас басқармасына (Р.Х.Өзбекғалиев келісімі бойынша) әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуден жалтарып жүргендерді іздеу және әскерге шақыру учаскелеріне оларды жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімді орындау жөніндегі атқарылған жұмыс туралы ақпаратты 2001 жылғы 15 сәуірге қарай облыс әкімі аппаратына тапсырсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Қ.Мынбайға жүктелсін.
Басқа 12. 1984 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне
тіркеу жөніндегі қалалық (аудандық) комиссиялардың
ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің 2000 жылғы
28 желтоқсандағы № 461
шешіміне қосымша
1984 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне
тіркеу жөніндегі қалалық (аудандық) комиссиялардың
ҚҰРАМЫ
Комиссия төрағасы - қала (аудан) әкімінің орынбасары
Комиссия төрағасының орынбасары - қалалық (аудандық) әскери комиссар
Комиссия мүшелері:
- медициналық куәландыруға қатысушы дәрігерлер
- әскери комиссариаттың өкілі
- комиссия хатшысы