О социальном партнерстве в Республике Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР 15.05.2007 № 252 (01.01.2008 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Осы Заң Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестiк (трипартизм) жүйесi жұмыс істеуiнiң құқықтық негiздерiн, мiндеттерi мен тәртiбiн айқындайды, тараптардың тең құқылы және өзара жауапкершiлiктi принциптерi негiзiнде ортақ әлеуметтiк маңызы бар мақсаттарға қол жеткiзуi үшiн Бас, салалық және аймақтық келiсiмдердi жасасу, өзгерту және бұзу тәртібін белгiлейдi.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Негiзгi ұғымдар
1-бап. Негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) қызметкерлердiң өкiлдерi - кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары, сондай-ақ заңдарда белгiленген тәртiппен құрылған қызметкерлер уәкiлеттiк берген өзге де адамдар мен ұйымдар;
Тармақша 2
2) жұмыс берушiлердiң өкiлдерi - заңдарда белгiленген тәртiппен құрылған жұмыс берушiлер органдары уәкiлеттiк берген адамдар;
Тармақша 3
3) келiсiм (бас), салалық (тарифтiк), аймақтық - республикалық, салалық және аймақтық деңгейде қызметкерлердiң еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтылуын және әлеуметтiк кепiлдiктерiн белгiлеу мазмұнын және тараптардың олар бойынша мiндеттемелерiн анықтайтын, әлеуметтiк әрiптестер арасында жасалатын құқықтық акт;
Тармақша 4
4) әлеуметтiк әрiптестiк - атқарушы билiк органдары өкiлдерiнiң, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер өкiлдерiнiң мүдделерiн келiстiрудi қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар мен тетiктер жүйесi;
Тармақша 5
5) әлеуметтiк әрiптестiк тараптары - атқарушы билiк органдарының өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер өкiлдерi;
Тармақша 6
6) әлеуметтiк әрiптестiк комиссияларына қатысушы - әлеуметтiк әрiптестiк тараптарының өкiлеттi өкiлi.
Бап 2. 2-бап. Заңның қолданылу аясы
2-бап. Заңның қолданылу аясы Осы Заңның күшi:
Тармақша 1
1) меншiк нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын барлық жұмыс берушiлерге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың қызметкерлерiне;
Тармақша 3
3) атқарушы билiк органдарына қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIКТIҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI, ПРИНЦИПТЕРI МЕН ЖYЙЕСI
2-тарау. ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIКТIҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI, ПРИНЦИПТЕРI МЕН ЖYЙЕСI
Бап 3. 3-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктiң мiндеттерi
3-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктiң мiндеттерi Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестiк мынадай негiзгi мiндеттердi шешуге бағытталған:
Тармақша 1
1) әлеуметтiк және еңбек қатынастарын және соларға байланысты экономикалық қатынастарды реттеудiң тиiмдi тетiгiн жасау;
Тармақша 2
2) қоғамдағы барлық жiктердiң мүдделерiн объективтi түрде ескеру негiзiнде әлеуметтiк тұрақтылық пен қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) қызметкерлердiң еңбек құқықтары кепiлдiктерiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу, олардың әлеуметтiк қорғалуын жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) барлық деңгейдегi әлеуметтiк әрiптестер арасындағы консультациялар мен келiссөздер процесiне жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарды шешуге жәрдемдесу.
Бап 4. 4-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктiң негiзгi принциптерi
4-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктiң негiзгi принциптерi Әлеуметтiк әрiптестiктiң негiзгi принциптерi:
Тармақша 1
1) тараптар өкiлдерiнiң өкiлеттiгi;
Тармақша 2
2) тараптардың тең құқықтығы;
Тармақша 3
3) талқылау үшiн енгiзiлетiн мәселелер тiзбесiн таңдау еркiндiгi;
Тармақша 4
4) мiндеттемелер қабылдаудың ерiктiлiгi және тараптардың оларды орындауға мiндеттiлiгi;
Тармақша 5
5) тараптардың мүдделерiн құрметтеу;
Тармақша 6
6) әлеуметтiк әрiптестердiң Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен мiндеттемелерiн сақтауы;
Тармақша 7
7) тараптардың, олардың өкiлдерiнiң келiсiм бойынша қабылданған мiндеттемелердi өздерiнiң кiнәсiнен орындамағаны үшiн жауаптылығы болып табылады.
Бап 5. 5-бап. Әлеуметтiк әрiптестiк жүйесi
5-бап. Әлеуметтiк әрiптестiк жүйесi Әлеуметтік әрiптестiк тараптардың өзара iс-қимылы нысанында әлеуметтiк әрiптестiктiң:
Тармақша 1
1) республикалық деңгейдегi;
Тармақша 2
2) салалық деңгейдегi;
Тармақша 3
3) аймақтық (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейдегi органдары арқылы қамтамасыз етiледi. Әлеуметтік әрiптестiктiң ұйымдар деңгейiндегi мәселелерi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
Бап 6. 6-бап. Әлеуметтiк әрiптестiк саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары
6-бап. Әлеуметтiк әрiптестiк саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары Әлеуметтiк әрiптестiк саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тарау 3. 3-тарау. ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIКТI ҰЙЫМДАСТЫРУ
3-тарау. ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIКТI ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бап 7. 7-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi республикалық деңгейде ұйымдастыру
7-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi республикалық деңгейде ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Әлеуметтiк әрiптестiкті республикалық деңгейде Әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссия (бұдан әрi - республикалық комиссия) қамтамасыз етедi.
Тармақ 2
2. Республикалық комиссия әлеуметтiк әрiптестердiң мүдделерiн үйлестiруді тиістi шешiмдермен ресiмделетiн консультациялар мен келiссөздер жүргiзу жолымен қамтамасыз ету жөнiнде тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң және жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi республикалық комиссияның қатысушылары болып табылады.
Бап 8. 8-бап. Әлеуметтік әрiптестiктi салалық деңгейде ұйымдастыру
8-бап. Әлеуметтік әрiптестiктi салалық деңгейде ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Әлеуметтiк әрiптестiктi салалық деңгейде әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi салалық комиссиялар (бұдан әрi - салалық комиссия) қамтамасыз етедi.
Тармақ 2
2. Салалық комиссия әлеуметтiк әрiптестер мүдделерiн үйлестiрудi тиiстi шешiмдермен ресiмделетiн консультациялар мен келiссөздер жүргiзу жолымен қамтамасыз ету жөнiнде тұрақты жұмыс істейтiн орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Тиiстi атқарушы органдардың өкiлеттi өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң өкiлдерi салалық комиссиялардың қатысушылары болып табылады.
Бап 9. 9-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi аймақтық деңгейде ұйымдастыру
9-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi аймақтық деңгейде ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Әлеуметтiк әрiптестiктi аймақтық деңгейде әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар (бұдан әрi - аймақтық комиссия) қамтамасыз етедi.
Тармақ 2
2. Аймақтық комиссия әлеуметтiк әрiптестер мүдделерiн үйлестiрудi тиiстi келiсiмдермен және шешiмдермен ресiмделетiн консультациялар және келiссөздер жүргiзу жолымен қамтамасыз ету жөнiнде тұрақты жұмыс істейтiн орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi өкiлеттi өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң өкiлдерi аймақтық комиссиялардың қатысушылары болып табылады.
Бап 10. 10-бап. Тұрақты жұмыс істейтiн республикалық, салалық, аймақтық комиссияларды құрудың принциптерi мен тәртiбi
10-бап. Тұрақты жұмыс істейтiн республикалық, салалық, аймақтық комиссияларды құрудың принциптерi мен тәртiбi
Тармақ 1
1. Комиссиялар мынадай принциптер:
Тармақша 1
1) атқарушы билiк органдары өкiлдерiнiң, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер өкiлдерiнiң комиссиялар қызметiне қатысуының міндеттiлiгi;
Тармақша 2
2) тараптардың өкiлеттiлiгi;
Тармақша 3
3) өкiлдiктiң теңбе-теңдiгi;
Тармақша 4
4) тең құқықтығы;
Тармақша 5
5) тараптардың өзара жауапкершiлiгi негiзiнде құрылады.
Тармақ 2
2. Комиссияларға қатысушылардың дербес құрамын әлеуметтiк әрiптестiктiң әр тарабы өз бетiнше жасақтайды. Әлеуметтiк әрiптестiкке қатысушы тараптардың бәрiне тең өкiлеттiлiк берiледi.
Бап 11. 11-бап. Тұрақты жұмыс істейтiн республикалық, салалық, аймақтық комиссиялардың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi
11-бап. Тұрақты жұмыс істейтiн республикалық, салалық, аймақтық комиссиялардың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Комиссиялардың негiзгi мақсаттары әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу мен тараптардың мүдделерiн үйлестiру болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссиялардың негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) әлеуметтiк және экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша тараптардың көзқарастарын үйлестiру;
Тармақша 2
2) келiсiмдердi жүзеге асыру жөнiндегi шараларды әзiрлеу, келiсу және бекiту;
Тармақша 3
3) келiсiмдердi әзiрлеу мен жасасу;
Тармақша 4
4) республикалық комиссия шеңберiнде халықаралық еңбек нормаларын бекiту мен қолдануға байланысты мәселелер бойынша консультациялар өткiзу және ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
Тармақ 3
3. Комиссиялар өздерi бекiткен ережелер мен жұмыс жоспарларына сәйкес жұмыс істейдi. Комиссиялардың отырыстары жылына кемiнде екi рет өткiзiледi.
Бап 12. 12-бап. Республикалық комиссияның негiзгi құқықтары
12-бап. Республикалық комиссияның негiзгi құқықтары Республикалық комиссия:
Тармақша 1
1) өз отырыстарында әлеуметтiк және еңбек қатынастары саласындағы келiсiлген саясатты жүргiзу проблемаларын қарауға;
Тармақша 2
2) келiсiм жобасын әзiрлеу, аталған келiсiмдi жүзеге асыру, комиссияның шешiмдерiн орындау кезiнде атқарушы органдардың, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер бірлестiктерiнiң мүдделерiн үйлестiруге;
Тармақша 3
3) атқарушы органдардан, жұмыс берушiлерден және (немесе) қызметкерлер өкiлдерiнен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу үшiн жасалатын және жасалған келiсiмдер туралы ақпарат сұратып алуға;
Тармақша 4
4) өз шешiмдерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, ал жауапты адамдар оларды орындамаған жағдайда анықталған жолсыздықтарды жою және келiсiм шарттарының орындалмауына кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар жасап, әрiптестiктiң тиiстi тарабына ақпарат жiберуге;
Тармақша 5
5) атқарушы органдардан ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және келiсiм жобасын әзiрлеуге, аталған келiсiмнiң орындалуын бақылауды ұйымдастыруға қажет Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк жағдай туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн сұратуға және алуға;
Тармақша 6
6) нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныс енгiзуге немесе Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және еңбек қатынастары саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бастамашылық жобаларын уәкiлеттi органдардың қарауына беруге;
Тармақша 7
7) ғалымдар мен мамандарды тарта отырып жұмыс тобын құруға;
Тармақша 8
8) республикалық комиссияның отырысына орталық атқарушы органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң қызметкерлерiн, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды шақыруға;
Тармақша 9
9) атқарушы органдар, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң бiрлестiктерi комиссия белгiлеген мерзiмде қарауға және орындауға мiндеттi болатын бiрлескен келiсiмдер мен шешiмдер қабылдауға;
Тармақша 10
10) әлеуметтiк және еңбек қатынастары мен әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi бойынша халықаралық, республикалық, аймақаралық кеңестер, конференциялар, конгрестер, семинарлар өткiзуге осы аталған шараларды ұйымдастырушылармен келiсiлген тәртiпте қатысуға құқылы.
Бап 13. 13-бап. Салалық және аймақтық комиссиялардың негiзгi құқықтары
13-бап. Салалық және аймақтық комиссиялардың негiзгi құқықтары Салалық және аймақтық комиссиялар:
Тармақша 1
1) өз отырыстарында әлеуметтiк және еңбек қатынастары саласында келiсiлген саясатты жүргiзу проблемаларын қарауға;
Тармақша 2
2) келiсiм жобасын әзiрлеу аталған келiсiмдi жүзеге асыру, комиссияның шешiмдерiн орындау кезiнде атқарушы билiк органдарының, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер бірлестiктерiнiң мүдделерiн келiстiруге;
Тармақша 3
3) атқарушы билiк органдарынан, жұмыс берушiлерден және (немесе) қызметкерлер өкiлдерiнен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу үшін жасалатын және жасалған келiсiмдер туралы ақпарат сұратып алуға;
Тармақша 4
4) өз шешiмдерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, ал жауапты адамдар оларды орындамаған жағдайда анықталған жолсыздықтарды жою және келiсiм шарттарының орындалмауына кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар жасап, әрiптестiктiң тиiстi тарабына ақпарат жiберуге;
Тармақша 5
5) ғалымдар мен мамандарды тарта отырып жұмыс тобын құруға;
Тармақша 6
6) салалық және аймақтық комиссиялардың отырыстарына тиiсiнше орталық және жергiлiктi атқарушы билiк органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң қызметкерлерiн, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды шақыруға;
Тармақша 7
7) атқарушы билiк органдары, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер өкiлдерi салалық және аймақтық комиссиялар белгiлеген мерзiмде қарауға және орындауға мiндеттi болатын бiрлескен келiсiмдер мен шешiмдер қабылдауға;
Тармақша 8
8) әлеуметтiк және еңбек қатынастары мен әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi бойынша халықаралық, республикалық, аймақаралық кеңестер, конференциялар, конгрестер, семинарлар өткiзуге осы аталған шараларды ұйымдастырушылармен келiсiлген тәртiпте қатысуға құқылы.
Тарау 4. 4-тарау. ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIК ТАРАПТАРЫ АРАСЫНДА КЕЛIСIМДЕР ЖАСАСУ ТӘРТIБI
4-тарау. ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIК ТАРАПТАРЫ АРАСЫНДА КЕЛIСIМДЕР ЖАСАСУ ТӘРТIБI
Бап 14. 14-бап. Республикалық, салалық, аймақтық комиссиялардың шешiмдер қабылдау тәртiбi
14-бап. Республикалық, салалық, аймақтық комиссиялардың шешiмдер қабылдау тәртiбi
Тармақ 1
1. Комиссиялардың шешiмдерi барлық тараптардың келiссөздерде келiсiмге қол жеткiзуi негiзiнде ғана қабылданады және тиiстi келiсiмдермен ресiмделедi.
Тармақ 2
2. Келiссөздер жүргiзу барысында, егер тараптар келiсiмге келе алмаса, хаттама жасалып, оған тараптардың келiспеушiлiктердi жою жөнiндегi және келiссөздердi қайта жүргiзу мерзiмдерi туралы түпкiлiктi тұжырымдалған ұсыныстары енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Шешiмдер қабылдау мен жұмысты ұйымдастырудың тәртiбiн комиссиялар әзiрлейдi және бекiтедi.
Бап 15. 15-бап. Келiсiмдердiң тараптары, түрлерi және қолданылуы
15-бап. Келiсiмдердiң тараптары, түрлерi және қолданылуы
Тармақ 1
1. Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының Yкiметi, жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерi және қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерi арасында Бас келiсiм жасалады. Бас келiсiм - Қазақстан Республикасының Yкiметi, жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерi және қызметкерлердiң республикалық бірлестiктерi өздерiнiң құзыретi шегiнде жасасатын, аймақтық және салалық келiсiмдер мен ұжымдық шарттар жасасу кезiнде ескерiлетiн, республикадағы әлеуметтiк-еңбек қатынастарын және солармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудiң жалпы принциптерiн белгiлейтiн құқықтық акт.
Тармақ 2
2. Салалық деңгейде тиiстi атқарушы органдар және жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң уәкiлеттi өкiлдерi арасында салалық келiсiмдер жасалады. Салалық келiсiм - ақы төлеу нормалары мен еңбекке байланысты басқа да мәселелердi, өзара мiндеттемелердi, сондай-ақ нақты сала қызметкерлерi үшiн әлеуметтiк кепiлдiктер мен жеңiлдiктердi айқындайтын, барлық тараптар (әрiптестер) үшiн мiндеттi болатын және аймақтық келiсiмдер мен ұжымдық шарттарды жасасу кезiнде ескерiлетiн, әрiптестiк тараптары жасап, жазбаша шарт түрiнде ресiмдейтiн құқықтық акт.
Тармақ 3
3. Аймақтық деңгейде жергiлiктi атқарушы органдар, жұмыс берушiлер, қызметкерлер бiрлестiктерi арасында аймақтық (облыстық, қалалық, аудандық) келiсiмдер жасалады. Аймақтық келiсiм - аумақтық ерекшелiктерге байланысты еңбек жағдайларын, әлеуметтiк кепiлдіктер мен жеңiлдiктердi белгiлейтiн, келiсiм тараптары әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер деңгейiнде жасайтын, барлық тараптар (әрiптестер) үшiн мiндеттi болатын және ұжымдық шарттарды жасасу кезiнде ескерiлетiн, жазбаша шарт түрiнде ресiмделетiн құқықтық акт.
Тармақ 4
4. Келiсiмдердiң күшi келiссөздерде өздерiнiң атынан осы келiсiмдi әзiрлеуге және жасасуға тараптардың тиiстi өкiлдерiне уәкiлдiк берген тиiстi атқарушы органдарға, жұмыс берушiлер мен қызметкерлерге, сондай-ақ келiсiм жасалғаннан кейiн оған қосылған атқарушы органдарға, жұмыс берушiлер мен қызметкерлерге қолданылады.
Бап 16. 16-бап. Келiсiмдердi әзiрлеу жөнiнде келiссөздер жүргiзу құқығы
16-бап. Келiсiмдердi әзiрлеу жөнiнде келiссөздер жүргiзу құқығы
Тармақ 1
1. Тараптардың кез келгенi келiсiмнiң әзiрленуi, мазмұны, жасалуы, өзгертiлуi, толықтырылуы жөнiндегi келiссөздердiң бастамашысы болуға құқылы.
Тармақ 2
2. Республикалық, салалық, аймақтық деңгейлерде қызметкерлер мен жұмыс берушiлер уәкiлдiк берген бiрнеше өкiлдер бар болған жағдайда олардың әрқайсысына өздерi өкiл болып отырған қызметкерлер мен жұмыс берушiлер атынан келiссөздер жүргiзуге құқық берiледi.
Бап 17. 17-бап. Келiсiмдердiң мазмұны
17-бап. Келiсiмдердiң мазмұны
Тармақ 1
1. Келiсiмдерде: қолданылу мерзiмi туралы; орындалуына бақылау жасау тәртiбi туралы; келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудiң тәртiбi туралы; тараптардың өздерiне алған мiндеттемелердi орындамаған жағдайдағы жауапкершiлiктерi туралы ережелер қамтылуға тиiс.
Тармақ 2
2. Бас келiсiмнiң мазмұнын Әлеуметтiк әрiптестік пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн республикалық үш жақты комиссия әлеуметтiк әрiптестiктiң барлық тараптары немесе олардың бiреуi ұсынған Бас келiсiмнiң жобаларын негiзге ала отырып айқындайды.
Тармақ 3
3. Салалық және аймақтық келiсiмнiң мазмұнын әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi тұрақты жұмыс істейтiн салалық және аймақтық комиссиялар әлеуметтiк әрiптестiктiң барлық тараптары немесе олардың бiреуi ұсынған келiсiмдердiң жобалары негiзiнде айқындайды.
Тармақ 4
4. Келiсiмдерде:
Тармақша 1
1) еңбекке ақы төлеу, еңбек жағдайлары және еңбектi қорғау, еңбек және демалыс режимi туралы;
Тармақша 2
2) келiсiммен айқындалған, баға мен инфляцияның деңгейiн, күнкөрiстiң ең төменгi деңгейi мен көрсеткiштердiң орындалуын негiзге ала отырып, еңбекке ақы төлеудi реттеу тетiгi туралы;
Тармақша 3
3) өтем сипатындағы қосымша ақылар туралы;
Тармақша 4
4) қызметкерлердi жұмыспен қамтуға, кәсiби әзiрлеуге және қайта әзiрлеуге жәрдемдесу туралы;
Тармақша 5
5) жұмыс істеу және демалыс үшiн қолайлы жағдайлар жасау жолымен өндiрiстегi қызметкерлердiң денсаулығын қорғауды ұйымдастыру және тиiстi қоршаған ортаны қамтамасыз ету туралы;
Тармақша 6
6) салауатты өмiр салтын насихаттау жөнiндегi шаралар туралы;
Тармақша 7
7) қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау жөнiндегi арнаулы шаралар туралы;
Тармақша 8
8) өндiрiс уақытша тоқтап қалған жағдайда қызметкерлердi қорғау шаралары туралы;
Тармақша 9
9) жанжалдар мен ереуiлдердi болғызбау, еңбек тәртiбiн нығайту туралы;
Тармақша 10
10) әлеуметтiк-еңбек мәселелерi жөнiнде заңдарға қайшы келмейтiн басқа да ережелер;
Тармақша 11
11) әлеуметтiк инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу туралы ережелер көзделуi мүмкiн.
Бап 18. 18-бап. Келiссөздер жүргiзу, келiсiмдердi әзiрлеу мен жасасу тәртiбi
18-бап. Келiссөздер жүргiзу, келiсiмдердi әзiрлеу мен жасасу тәртiбi
Тармақ 1
1. Келiссөздiң басталуы туралы екiншi тараптан жазбаша ұсыныс алған тараптар күнтiзбелiк он күн ішiнде оларды қарауға және келiссөздерге кiрiсуге мiндеттi.
Тармақ 2
2. Келiссөздер жүргiзу тәртiбiн, келiсiмдердi әзiрлеу мен жасасу мерзiмдерiн, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi, оларға қосылуды комиссиялар бекiтедi.
Тармақ 3
3. Келiсiмдер оларға тараптар қол қойған сәттен не келiсiмдерде белгiленген күннен бастап күшiне енедi. Келiсiмге жасалған барлық қосымшалар оның ажырағысыз бөлiгi болып табылады және олармен бiрдей заңдық күшi болады.
Тармақ 4
4. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi тараптардың келiсiмi бойынша не жаңа келiсiм қабылданғанға дейiн белгiленедi, бірақ ол үш жылдан аспауға тиiс.
Тармақ 5
5. Қызметкерлерге бір мезгiлде бірнеше келiсiмнiң күшi қолданылатын жағдайда қызметкерлер үшiн келiсiмнiң ең қолайлы шарттары қолданылады.
Тармақ 6
6. Бас, салалық, аймақтық келiсiмдер әлеуметтiк әрiптестiк тараптары өкiлдерiнiң қол қоюымен бекiтiледi.
Тармақ 7
7. Тараптар қол қойған салалық, аймақтық келiсiмдер қосымшаларымен бiрге жетi күн мерзiмде хабарламалық тiркеу үшiн республикалық комиссияға жiберiледi.
Бап 19. 19-бап. Келiсiмдердiң орындалуына бақылау жасау
19-бап. Келiсiмдердiң орындалуына бақылау жасау Келiсiмдердiң орындалуына бақылау жасауды әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi тиiстi комиссиялар жүзеге асырады.
Бап 20. 20-бап. Комиссиялардың үйлестiрушiлерi
20-бап. Комиссиялардың үйлестiрушiлерi Республикалық, салалық және аймақтық комиссиялардың үйлестiрушiлерi тараптардың бiрлескен шешiмiмен тағайындалады. Комиссия үйлестiрушiсi: тараптардың қызметiне араласпайды; комиссияның жұмысына қатысу үшiн комиссия мүшесi болып табылмайтын, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер бірлестiктерiнiң өкiлдерiн, атқарушы билiк органдары өкiлдерiн, сондай-ақ ғалымдар мен мамандарды, басқа ұйымдардың өкiлдерiн шақырады; комиссия мен жұмыс топтарының жұмысын, хаттамалардың жүргiзiлуiн, шешiмдердiң жобасын әзiрлеудi және қабылданған шешiмдердiң орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етедi.