О документах, предоставляемых для прохождения налоговой экспертизы проектов контрактов на недропользование Күшін жойған
Басқа 0
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың жобаларын салық сараптамасынан өткізу үшін ұсынылатын құжаттар туралы
Келісім-шарттардың жобаларын салық сараптамасын өткізу үшін қажетті құжаттарды ұсыну мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 маусымдағы N 999 қаулысымен бекітілген Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға салық сараптамасын жүргізудің тәртібі туралы ереженің 7-тармағына сәйкес, Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Жер қойнауын пайдаланушылар келісім-шарттарға, оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға салық сараптамасын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне мынадай құжаттарды ұсынады деп белгіленсін:
Тармақша 1
1) кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын қоспағанда, пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша өндіруге, оның ішінде барлауға және одан әрі өндіруге арналған келісім-шарттарға салық сараптамасын жүргізу үшін:
жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың жобасын және оған қосымшаны;
жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарды жасау жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізуге Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген құзыретті органның шешімін немесе жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсының жеңімпазы туралы конкурстық комиссияның хаттамасын және жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың қорытындысын немесе жер қойнауын пайдалану құқығына лицензияны;
техникалық-экономикалық есептемелерді;
тарихи шығындарды өтеудің мөлшері мен тәртібінің есептемелерін;
кен орнын игеру зардаптарын жою қорын қалыптастыру мөлшері мен тәртібінің есептемелерін;
қажет болған жағдайда техникалық-экономикалық есептемелерге енгізілетін деректерді растайтын құжаттар;
Тармақша 2
2) кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларды қоспағанда, пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша барлауға арналған келісім-шарттарға салық сараптамасын жүргізу үшін:
жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың жобасын және оған қосымшаны;
құзыретті органмен келісілген жұмыс бағдарламасын.
Тармақ 2
2. Роялти ставкаларын белгілеу үшін ұсынылатын жобаның техникалық-экономикалық есептемелері конкурстық ұсыныспен белгіленген жылдар бойынша келісім-шартты қолданудың барлық кезеңіне есептеледі және өзіне мынадай қаржы-экономикалық көрсеткіштерді:
Тармақша 1
1) кірістердің сипаттамасы мен толық жазылуын, сондай-ақ:
белгіленген, күтілетін және/немесе алынатын қорлардың көлемін ескере отырып, өнімдердің (пайдалы қазбалардың түрлері бойынша) көлемін, кен орнының перспективалығын бағалауды және пайдалы қазбалардың сапалық сипаттамасын;
өндіріс көлемін (өнім түрлері бойынша);
инфляцияны ескере отырып қолданылып жүрген бағадағы сату бағасын (сату түрлері бойынша);
жиынтық табысты (өнімдердің түрлері бойынша және жалпы);
Тармақша 2
2) шығындардың сипаттамасы мен толық жазылуын (пайдалы қазбалардың түрлері бойынша және өнім түрлері бойынша), оның ішінде:
жер қойнауын пайдалану бойынша жасалатын операциялардың техникалық шарттарын, жабдықтардың жалпы сипаттамаларын және салық заңнамасымен белгіленген топтар бойынша амортизациялық аударымдардың тәртібін көрсете отырып, көмекші және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуды ескере отырып жасалған күрделі шығындарды;
пайдалану шығыстарын (негізгі баптарды тиянақты баяндай отырып, өнімдер мен қайта өңдеудің кезеңдері бойынша);
еңбекақы қорын (персоналдың санын көрсете отырып);
басқа да шығындарды;
Тармақша 3
3) салық салынатын базаларды көрсете отырып төленетін салықтарды, алымдар мен төлемдерді;
Тармақша 4
4) кәсіпорынның билігінде қалатын таза табысты;
Тармақша 5
5) жиынтық және таза табысты бөлудің құрылымын;
Тармақша 6
6) жобаның негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалауды, оның ішінде:
жобаның өзін ақтау мерзімін;
жоба бойынша қалыптасатын пайданың ішкі нормасын;
тәуекелдерді бағалауды;
бюджеттік тиімділіктерді бағалауды (инвестициялық салымдардың көлемін, олардың құнын өтеу мерзімін, жобаның жалпы пайдалылығын) қамтуы тиіс.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.