Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Ивановского сельского округа Аккайынского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Ивановка ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Ивановка ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің қағидасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Ивановка ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ»: Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Ивановка ауылдық округінің әкімі Андамасов М.Қ. 2014 жылғы 30 қаңтар
Басқа 1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Ивановка ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2014 жылғы ​​​ 30 қаңтардағы № 20-4 шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Ивановка ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Ивановка ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің осы қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Ивановка ауылдық округі ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Ивановка ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – Ивановка ауылдық округінің ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Ивановка ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдарға) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ивановка ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Ивановка ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Ивановка ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ивановка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Ивановка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ивановка ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Аққайың ауданы мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Ивановка ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Ивановка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 20- 8 шешіміне қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Ивановка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Елді мекеннің атауы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Ивановка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам) Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Ивановка ауылдық округінің Ивановка ауылының тұрғындарына 3 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Ивановка ауылдық округінің Үлгі ауылының тұрғындарына 1