Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей улиц села Смирново Смирновского сельского округа Аккайынского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі Смирново ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі Смирново ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі Смирново ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданының
Смирново ауылдық округінің әкімі
Остертак Е.И.
2014 жылғы 30 қаңтар
Басқа 1
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы мәслихатының
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 20-12 шешімімен
Бекітілген
Тарау 1
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі Смирново ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Смирново ауылының көше тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Смирново ауылының аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – Смирново ауылының көшелерінің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Смирново ауылының аумағы учаскелерге (көшелерге) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Смирново ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Смирново ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Смирново ауылының көшелері шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Смирново ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың көшелерінен қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны ауылда, көшеде оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Смирново ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Смирново ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Смирново ауылы көшелері өкілдерінің кандидатураларын Аққайың ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Смирново ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 2
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы мәслихатының
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 20-12 шешіміне
қосымша
№
р/с
Көшелердің атаулары
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі
Смирново ауылы көше тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
1
Абай
3
2
Амангелді
3
3
Гагарин
3
4
Горький
3
5
Дорожный
3
6
Карбышев
1
7
Алексей Щербаков
3
8
Линейный
3
9
Лермонтов
3
10
Мир
3
11
Молодежная
3
12
Жамбыл
3
13
9 Мамыр
3
14
25 лет Целины
3
15
Жұмабаев
3
16
Зеленый
3
17
Заводской
2
18
Имаков
3
19
Мәншүк Мәметова
2
20
Народный
3
21
Октябрьский
3
22
Олег Кошевой
2
23
Клочков
2
24
Кардон
2
25
Абылай хан
1
26
Партизанский
2
27
Пушкин
3
28
Папанин
3
29
Әлия Молдағұлова
2
30
Панфилов
3
31
П. Филиппенко
2
32
Первомайский
2
33
Рабочий
2
34
Северный
3
35
Суворов
3
36
Сырғабеков
2
37
Сейфуллин
2
38
Сәбит Мұқанов
2
39
Надежда Крупская
2
40
Қайсар Таштитов
1
41
Савицкая
1
42
Труд
3
43
Титов
3
44
Ташитова
1
45
Школьная
3
46
Элеваторная
2
47
Южный
2
48
Терешкова
1
49
Чкалов
1
50
Ғабит Мүсрепов
1
51
Учхоз
1
52
Островский
1
53
Гастелло
1
54
Жаңа тұрмыс
1
55
Шаховский
1
56
Қауданды
1
57
Бозарал
1
58
Жаңажол
1
59
Больничный городок тұйық көше
1