Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Афанасьевского сельского округа района Шал акына Северо-Казахстанской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 25/3 шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округ бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округ тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын белгілейді.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округі аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу қағидалары
2. Бөлек жиындарды өткізу қағидалары
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округінің әкімі шақырады. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округ ауылдары шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашу алдында Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округі ауылдары өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатымен бекітілген сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 17
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 25/3 шешіміне қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Елді мекеннің атауы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің саны Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округінің Афанасьевка ауылының тұрғындарына 37 Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округінің Садовка ауылының тұрғындарына 11 Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округінің Рясинка ауылының тұрғындарына 9 Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округінің Двойники ауылының тұрғындарына 12 Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Афанасьев ауылдық округінің Қорғантас ауылының тұрғындарына 2