Об утверждении профессионального стандарта "Анализ состава и свойств материалов с использованием химических и физико-химических методов анализа" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Талдаудың химиялық және физика-химиялық әдістерін қолдана отырып материалдар құрамы мен қасиеттерін талдау" кәсіби стандартты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған «Талдаудың химиялық және физика-химиялық әдістерін қолдана отырып материалдар құрамы мен қасиеттерін талдау» кәсіби стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (С.Қ. Есімханов) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ____________ Т. Дүйсенова 2014 жылғы 10 қаңтар
Басқа 1. «Талдаудың химиялық және физико-химиялық әдістерін қолдана отырып материалдар құрамы мен қасиеттерін талдау» кәсіби стандарты
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 436 бұйрығымен бекітілген «Талдаудың химиялық және физико-химиялық әдістерін қолдана отырып материалдар құрамы мен қасиеттерін талдау» кәсіби стандарты
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Талдаудың химиялық және физико-химиялық әдістерін қолдана отырып материалдар құрамы мен қасиеттерін талдау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Электр энергетикасы саласында пайдаланылатын материалдарды сынау үшін талдаудың физикалық, химиялық,физикалық-химиялық әдістерін жүргізу» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және
Тармақша 1
1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
Тармақша 2
2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
Тармақша 3
3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
Тармақ 2
2. КС негізгі пайдаланушылары:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
Тармақша 2
2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
Тармақша 3
3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
Тармақша 4
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.
Тармақ 3
3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.
Тармақ 4
4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
Тармақша 2
2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
Тармақша 3
3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;
Тармақша 4
4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;
Тармақша 5
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
Тармақша 6
6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;
Тармақша 7
7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
Тармақша 8
8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;
Тармақша 9
9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
Тармақша 10
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
Тармақша 11
11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
Тармақша 12
12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
Тармақша 13
13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;
Тармақша 14
14) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
Тармақша 15
15) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
Тармақша 16
16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
Тарау 2. 2. КС паспорты
2. КС паспорты
Тармақ 5
5. КС паспорты келесіні анықтайды:
Тармақша 1
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы): Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) 71.20 Техникалық сынақтар мен талдау, 35.11 Электр энергиясын өндіру еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына, қызметкерлердің біліктілік деңгейіне, құзыретіне қойылатын талаптар.
Тармақша 2
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: электр энергетикасы саласында пайдаланылатын материалдарды сынау үшін талдаудың физикалық, химиялық, физикалық-химиялық әдістерін жүргізу.
Тармақша 3
3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.
Тарау 3. 3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары
Тармақ 1. 1-параграф
1-параграф «Химиялық реагенттерді даярлау жөніндегі аппаратшы»
Тармақ 6
6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
Тармақша 1
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2, СБШ бойынша - 2;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 8163 «Химиялық реагенттерді даярлау жөніндегі аппаратшы»;
Тармақша 3
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: химиялық реагенттерді даярлау жөніндегі аппаратшы, химиялық реагенттерді даярлау және жүктеу жөніндегі аппаратшы;
Тармақша 4
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы – субъектінің негізгі функцияларды жүзеге асырумен байланысты міндеттерді орындауы: химиялық реагенттер қоймасы және реагентті шаруашылық жабдықтарына қызмет көрсету, аппараттардағы әкті өшіру, әк тұнбасы ерітіндісін және басқа да реагенттерді дайындау;
Тармақша 5
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Химиялық реагенттерді даярлау жөніндегі аппаратшының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.
Тармақ 2. 2-параграф
2-параграф «Электр станциясын химиялық сумен тазалау аппаратшысы»
Тармақ 7
7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
Тармақша 1
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-4, СБШ бойынша - 2-4;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 8163 «Электр станциясын химиялық сумен тазалау аппаратшысы»;
Тармақша 3
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: электр станциясын химиялық сумен тазалау аппаратшысы, химиялық сумен тазалау аппаратшысы (кезекші);
Тармақша 4
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектінің негізгі функцияларды орындаумен байланысты үдерістерді жүзеге асыруы: қазандықтар мен жылу желілерін қыздыру үшін реагентті өңдеп жеңілдету тәсілі бойынша суды химиялық тазарту үдерісін жүргізу, химиялық талдау жүргізу;
Тармақша 5
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Электр станциясын химиялық сумен тазалау аппаратшысының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген.
Тармақ 3. 3-параграф
3-параграф «Электр станциялары жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі слесарі»
Тармақ 8
8. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
Тармақша 1
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-3, СБШ бойынша – 2-3;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7233 «Электр станциялары жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі слесарі»;
Тармақша 3
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: электр станциялары жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі слесарі;
Тармақша 4
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектінің негізгі функцияларды жүзеге асырумен байланысты міндеттерді орындауы: негізгі және көмекші жабдықтарға пайдалану-жөндеу қызмет көрсету, механикалық жабдықтардың апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Электр станциялары жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі слесарінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3-кестесінде келтірілген.
Тарау 4. 4. КС бірліктерінің тізімі
4. КС бірліктерінің тізімі
Тармақ 9
9. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1-3-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.
Тарау 5. 5. КС бірліктерінің сипаттамасы
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
Тармақ 10
10. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында келтірілген.
Тарау 6. 6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
Тармақ 11
11. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.
Тармақ 12
12. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында қарастырылған КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.
Тарау 7. 7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі
Тармақ 13
13. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
Тармақ 14
14. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.
Басқа 1.1. Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері
«Талдаудың химиялық және физико-химиялық әдістерін қолдана отырып материалдар құрамы мен қасиеттерін талдау» кәсіби стандартына 1-қосымша Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері № р/с Қыз­мет тү­рі­нің ата­уы Ең­бек на­ры­ғы­ның үр­ді­сі ес­ке­рі­л­ген кә­сіп ата­уы ҚР МЖ 01-2005 сәй­кес кә­сіп ата­уы СБШ бі­лік­ті­лік дең­гей­ле­рі БТ­БА бой­ын­ша раз­ря­ды 1 Тал­да­удың хи­ми­я­лық және фи­зи­ко-хи­ми­я­лық әді­сте­рін қол­да­на оты­рып ма­те­ри­ал­дар құ­ра­мы мен қа­си­ет­те­рін тал­дау Хи­ми­я­лық ре­а­гент­тер­ді да­яр­лау жө­нін­де­гі ап­па­рат­шы Хи­ми­я­лық ре­а­гент­тер­ді да­яр­лау жө­нін­де­гі ап­па­рат­шы 2 2-3 2 Тал­да­удың хи­ми­я­лық және фи­зи­ко-хи­ми­я­лық әді­сте­рін қол­да­на оты­рып ма­те­ри­ал­дар құ­ра­мы мен қа­си­ет­те­рін тал­дау Электр стан­ци­я­сын хи­ми­я­лық су­мен та­за­лау ап­па­рат­шы­сы Электр стан­ци­я­сын хи­ми­я­лық су­мен та­за­лау ап­па­рат­шы­сы 2-4 3-6 3 Тал­да­удың хи­ми­я­лық және фи­зи­ко-хи­ми­я­лық әді­сте­рін қол­да­на оты­рып ма­те­ри­ал­дар құ­ра­мы мен қа­си­ет­те­рін тал­дау Электр стан­ци­я­ла­ры жаб­дық­та­ры­на қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі сле­са­рі Электр стан­ци­я­ла­ры жаб­дық­та­ры­на қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі сле­са­рі 2-3 2-5 Ескертпе: БТБА – Қазақстан Республикасы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, 52-шығарылым, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығымен бекітілген
Басқа 1.2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары Химиялық реагенттерді даярлау жөніндегі аппаратшының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
«Талдаудың химиялық және физико-химиялық әдістерін қолдана отырып материалдар құрамы мен қасиеттерін талдау» кәсіби стандартына 2-қосымша 1-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары Химиялық реагенттерді даярлау жөніндегі аппаратшының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кә­сі­бі бой­ын­ша ық­ти­мал жұ­мыс орын­да­ры (ұй­ым­дар) Электр стан­ци­я­ла­ры, энер­ге­ти­ка­лық ұй­ым­дар­дың жа­нын­да­ғы зерт­ха­на­лар Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры Қа­уіп­ті және зи­ян­ды өн­ді­рі­стік фак­тор­лар­дың, зи­ян­ды заттар­дың ар­тық қо­с­па­ла­ры­ның әре­ке­ті Жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат бе­ру­дің ерекше жағ­дай­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі Кә­сі­би бі­лі­мі мен оқу дең­гейі Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі 2 Жал­пы ор­та бі­лі­мі, бі­рақ негіз­гі ор­та­дан тө­мен емес бі­лі­мі болған жағ­дай­да прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сі және/неме­се кә­сі­би дай­ын­дық (бі­лім бе­ру ұй­ы­мы неме­се кә­сі­по­рын­дар­да бі­лім бе­ру ба­за­сын­да­ғы қы­сқа мер­зім­ді кур­стар) Ең­бек өті­лі қа­жет етіл­мей­ді 2-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары Электр станциясын химиялық сумен тазалау аппаратшысының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кә­сі­бі бой­ын­ша ық­ти­мал жұ­мыс орын­да­ры (ұй­ым­дар) Электр стан­ци­я­ла­ры, энер­ге­ти­ка­лық ұй­ым­дар­дың жа­нын­да­ғы зерт­ха­на­лар Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры Қа­уіп­ті және зи­ян­ды өн­ді­рі­стік фак­тор­лар­дың, зи­ян­ды заттар­дың ар­тық қо­с­па­ла­ры­ның әре­ке­ті Жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат бе­ру­дің ерекше жағ­дай­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі Кә­сі­би бі­лі­мі мен оқу дең­гейі Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі 2 Жал­пы ор­та бі­лі­мі, бі­рақ негіз­гі ор­та­дан тө­мен емес бі­лі­мі болған жағ­дай­да прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сі және/неме­се кә­сі­би дай­ын­дық (бі­лім бе­ру ұй­ы­мы неме­се кә­сі­по­рын­дар­да бі­лім бе­ру ба­за­сын­да­ғы қы­сқа мер­зім­ді кур­стар) Ең­бек өті­лі қа­жет етіл­мей­ді 3 Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сіз жал­пы ор­та бі­лім неме­се негіз­гі ор­та бі­лі­мі ба­за­сын­да кә­сіп­тік бі­лім және тех­ни­ка­лық неме­се жал­пы ор­та бі­лім болған­да кә­сіп­тік дай­ын­дық (бір жы­л­ға дей­ін­гі бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша кә­сіп­тік дай­ын­дық ба­за­сын­да ұй­ым­да­сты­ру кур­ста­ры неме­се ұй­ым­да­ғы бі­лім) және/неме­се прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе Жұ­мыс өті­ліне та­лап қой­ыл­май­ды 4 Жо­ға­ры дең­гей­де­гі тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лім (қо­сым­ша кә­сі­би дай­ын­дық), прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе Ең­бек өті­лі ке­мін­де 1 жыл 3-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары Электр станциялары жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі слесарінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кә­сі­бі бой­ын­ша ық­ти­мал жұ­мыс орын­да­ры (ұй­ым­дар) Электр стан­ци­я­ла­ры, энер­ге­ти­ка­лық ұй­ым­дар­дың жа­нын­да­ғы зерт­ха­на­лар Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры Қа­уіп­ті және зи­ян­ды өн­ді­рі­стік фак­тор­лар­дың, зи­ян­ды заттар­дың ар­тық қо­с­па­ла­ры­ның әре­ке­ті Жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат бе­ру­дің ерекше жағ­дай­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі Кә­сі­би бі­лі­мі мен оқу дең­гейі Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі 2 Жал­пы ор­та бі­лі­мі, бі­рақ негіз­гі ор­та­дан тө­мен емес бі­лі­мі болған жағ­дай­да прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сі және/неме­се кә­сі­би дай­ын­дық (бі­лім бе­ру ұй­ы­мы неме­се кә­сі­по­рын­дар­да бі­лім бе­ру ба­за­сын­да­ғы қы­сқа мер­зім­ді кур­стар) Ең­бек өті­лі қа­жет етіл­мей­ді 3 Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сіз жал­пы ор­та бі­лім неме­се негіз­гі ор­та бі­лі­мі ба­за­сын­да кә­сіп­тік бі­лім және тех­ни­ка­лық неме­се жал­пы ор­та бі­лім болған­да кә­сіп­тік дай­ын­дық (бір жы­л­ға дей­ін­гі бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша кә­сіп­тік дай­ын­дық ба­за­сын­да ұй­ым­да­сты­ру кур­ста­ры неме­се ұй­ым­да­ғы бі­лім) және/неме­се прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе Жұ­мыс өті­ліне та­лап қой­ыл­май­ды
Басқа 1.3. КС бірліктерінің тізімі
«Талдаудың химиялық және физико-химиялық әдістерін қолдана отырып материалдар құрамы мен қасиеттерін талдау» кәсіби стандартына 3-қосымша КС бірліктерінің тізімі 1-кесте «Химиялық реагенттерді даярлау жөніндегі аппаратшы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Ең­бек функ­ци­я­сы­ның (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы 1 Ф Хи­ми­я­лық ре­а­гент­тер қой­ма­сы­ның және ре­а­гент­ті ша­ру­а­шы­лық жаб­дық­та­ры­на қыз­мет көр­се­ту 2 Ф Ап­па­рат­тар­да­ғы әк­ті өші­ру, хи­ми­я­лық су­ды та­зар­ту үшін әк тұн­ба­сы ері­т­ін­ді­сін, ко­а­гу­лянт­ты, фос­фат­ты, гид­ра­зин-гид­рат­ты, гид­ра­зин-суль­фа­тын, три­лон­ды және бас­қа да ре­а­гент­тер ері­т­ін­ді­сін дай­ын­дау 3 Ф Жұ­мыс ор­ны ше­гін­де хи­ми­я­лық ре­а­гент­тер мен ма­те­ри­ал­дар­ды та­сы­мал­дау. Те­тіктер­дің мой­ын­ті­рек­те­рін май­лау 2-кесте «Электр станциясын химиялық сумен тазалау аппаратшысы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Ең­бек функ­ци­я­сы­ның (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы 1 Ф Қа­зан­дық­тар мен жы­лу же­лі­ле­рін қы­зды­ру үшін шы­ғыс су­ла­ры­ның са­па­сы­на қа­рай ме­ха­ни­ка­лық сүз­гі­лер ар­қы­лы жа­рық­тан­ды­ру­да және кей­ін­нен сүз­гі­ле­уде ре­а­гент­ті өң­деп же­ңіл­де­ту тә­сі­лі бой­ын­ша су­ды хи­ми­я­лық та­зар­ту үде­рі­сін жүр­гі­зу 2 Ф Өл­шен­ген заттар мен мұ­най өнім­де­рі­нен су­мен та­за­лау үде­рі­сін жүр­гі­зу 3 Ф Өл­шеу құ­рал­да­ры­ның көр­сет­кіш­те­рі және хи­ми­я­лық тал­да­у­лар нәти­же­сі бой­ын­ша өң­деу са­ты­ла­ры бой­ын­ша өл­шен­ген заттар мен мұ­най өнім­де­ріне су­мен та­за­лау үде­рі­сте­рін ба­қы­лау 3-кесте «Электр станциялары жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі слесарі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Ең­бек функ­ци­я­сы­ның (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы 1 Ф Негіз­гі және кө­мек­ші жаб­дық­тар­ға пай­да­ла­ну-жөн­деу қыз­мет көр­се­ту 2 Ф Ме­ха­ни­ка­лық жаб­дық­тар­дың апат­сыз жұ­мыс іс­те­уін қам­та­ма­сыз ету 3 Ф Қу­ат­ты­лы­ғы 200 мың кВт бо­ла­тын су электр стан­ци­я­лар­да тол­ты­ру және боса­ту жүй­е­ле­рі бар жер­гі­лік­ті және шлюз­ді шах­та­лар­дың кө­мек­ші жаб­дық­та­рын апат­сыз жұ­мыс іс­те­уін қам­та­ма­сыз ету Ескертпе: Ф – функция.
Басқа 1.4. КС бірліктерінің сипаттамасы
«Талдаудың химиялық және физико-химиялық әдістерін қолдана отырып материалдар құрамы мен қасиеттерін талдау» кәсіби стандартына 4-қосымша КС бірліктерінің сипаттамасы 1-кесте
Тарау 1. 1. СБШ 2-деңгейіндегі «Химиялық реагенттерді даярлау жөніндегі аппаратшы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
1. СБШ 2-деңгейіндегі «Химиялық реагенттерді даярлау жөніндегі аппаратшы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Ең­бек затта­ры Ең­бек құ­рал­да­ры Мін­дет­тер Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры Бі­лі­мі Ф 1 Хи­ми­я­лық ре­а­гент­тер Бак­тар, бун­кер­лер, ци­стер­на­лар, сор­ғы­лар, піс­кек­тер мен жүк ти­еу-тү­сі­ру те­тікте­рі, зерт­ха­на­лық ха­лат, қол­ғап­тар 1-1 М Хи­ми­я­лық ре­а­гент­тер қой­ма­сы­ның жаб­дық­та­ры­на қыз­мет көр­се­ту, хи­ми­я­лық су­мен та­за­лау үшін ері­т­ін­ді­лер­ді дай­ын­дау Ре­а­гент­тер­мен жұ­мыс іс­тей бі­лу бі­лі­мін қол­да­нып стан­дарт­ты және бір үл­гі­лік зерт­ха­на­лық мін­дет­тер­ді ше­шу Элек­тр­лік стан­ци­я­лар мен же­лі­лер­дің тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну қа­ғи­да­сын үй­ре­ну ке­зін­де зерт­ха­на­лар­да­ғы және өн­ді­рі­стер­де­гі кә­сі­би дай­ын­дық ба­ры­сын­да алын­ған бі­лім Әк­ті өші­ру­ге ар­нал­ған ап­па­рат­тар Ап­па­рат­тар, өл­шеу ас­пап­та­ры, зерт­теу ыдыс­та­ры 1-2 М Ап­па­рат­тар­да әк­ті өші­ру Хи­ми­я­лық ре­а­гент­тер­ді өз бе­тін­ше дай­ын­дау дағдыс­ын қол­да­ну Тех­ни­ка­лық қа­уіп­сіз­дік қа­ғи­да­сы, қор­ға­ныс құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну ере­же­ле­рін үй­ре­ну ба­ры­сын­да алын­ған бі­лім Ф 2 Әк, ері­т­ін­ді­лер мен ре­а­гент­тер Шы­ғу ері­т­ін­ді­ле­рі және қо­с­па­лар, зерт­ха­на­лық ха­лат 2-1 М Әк тұн­ба­сы ері­т­ін­ді­сін, ко­а­гу­лянт­ты, фос­фат­ты, гид­ра­зин-гид­рат­ты, гид­ра­зин-суль­фа­тын, три­лон­ды дай­ын­дау Қа­жет­ті ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау са­ла­сын­да­ғы бел­гі­лен­ген мін­дет­тер шең­бе­рін­де­гі жұ­мыстар­дың нәти­же­сі мен са­па­сы­на жа­у­ап­кер­ші­лік Негіз­гі және қа­ра­пай­ым құ­рал­дар­ды, хи­ми­я­лық қо­с­па­лар­мен жұ­мыс тәр­тіп­те­рін бі­лу Хи­ми­я­лық ре­а­гент­тер, ма­те­ри­ал­дар Қол­ғап­тар, өл­шеу ас­пап­та­ры, нұс­қа­улық­тар 2-2 М Жұ­мыс ор­ны ше­гін­де хи­ми­я­лық ре­а­гент­тер мен ма­те­ри­ал­дар­ды та­сы­мал­дау Ти­іс­ті мін­дет­тер­ді орын­дау ке­зін­де қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау­ға де­ген жа­у­ап­кер­ші­лік­ті тү­сі­ну Ре­а­гент­тер мен сүз­гіш затта­ры­ның құ­ра­мы және қа­си­ет­те­рін бі­лу Ф 3 Ре­а­гент­ті заттар, сүз­гі­лер, шұң­қыр ре­а­гент­те­рі Шы­ғын бак­та­ры, өл­шем­де­рі, піс­кек­тер, зерт­ха­на­лық ха­лат­тар, қол­ғап­тар, қа­ғаз сүл­гі­лер, зерт­ха­на­лық ыдыс­тар, сүз­гі­лер, шы­ғын ре­а­гент­те­рі, ері­т­ін­ді­лер 3-1 М Ре­а­гент­тер­ді қа­был­дап, қо­та­рып және бе­ріп ре­а­гент­тік ша­ру­а­шы­лық сыз­ба­ла­ры­на қыз­мет көр­се­ту, сүз­гі­лер­дің ай­ыр­ба­стау қа­бі­ле­тін қал­пы­на кел­ті­ру Ақа­у­лар­дың анық­тал­ған се­беп­те­ріне сәй­кес іс-әре­кет­ті тү­зе­ту, қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау­ға де­ген жа­у­ап­кер­ші­лік Ап­па­рат­тар мен ыдыс­тар­ды жуу мен та­за­лау қа­ғи­да­ла­рын бі­лу 2-кесте
Тарау 2. 2. СБШ 2-деңгейіндегі «Электр станциясын химиялық сумен тазалау аппаратшысы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
2. СБШ 2-деңгейіндегі «Электр станциясын химиялық сумен тазалау аппаратшысы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Ең­бек затта­ры Ең­бек құ­рал­да­ры Мін­дет­тер Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры Бі­лі­мі Ф 1 Ар­ма­ту­ра, жаб­дық­тар Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры, жаб­дық­тар­ды тап­сы­ру-қа­был­дау кі­та­бы 1-1 М Жаб­дық­тар­ды, ар­ма­тур­лар­дың, ком­му­ни­ка­ци­я­лар­дың және ас­пап­тар­дың жағ­дай­ын ба­қы­лау және ақа­у­ла­рын анық­тау және олар­ды жөн­деу бой­ын­ша ша­ра­лар қа­был­дау Та­за­лау үде­рі­сін қол­дау үшін сүз­гі­лер­ді та­за­лау ре­жи­мін жүр­гі­зу ке­зін­де стан­дарт­ты прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді ше­шу Қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сын және ең­бек қор­ғауды бі­лу. Та­за­лау жаб­дық­та­ры­ның құ­ры­л­ғы­ла­рын, жұ­мыс прин­ципте­рін және тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­рын бі­лу Ф 2 Апат­ты жағ­дай­лар Қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы қа­ғи­да­сы, же­ке қор­ға­ныс құ­рал­да­ры 2-1 М Апат­ты жағ­дай­лар­ды жо­ю­ға қа­ты­су, «Апат­тар­ды жою бой­ын­ша нұс­қа­улық­қа» сәй­кес әре­кет ету Қыз­мет­ке ағым­да­ғы және жиын­тық ба­қы­лау жа­сай бі­лу, ба­ға­лай және тү­зе­те бі­лу. Қол­да­ны­л­ған қа­ру­лар мен ме­ха­низмдер­дің бұ­зу­шы­лық­та­рын анық­тау және қал­пы­на кел­ті­ру дағдысы Электр тех­ни­ка­сы­ның, ме­ха­ни­ка­ның және хи­ми­я­лық су­мен та­за­ла­удың негіз­де­рін, ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры жұ­мыста­ры­ның қа­ғи­дат­та­рын бі­лу, хи­ми­я­лық ре­а­гент­тер­мен жұ­мыс іс­теу ере­же­сін бі­лу, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы және ең­бек­ті қор­ғауды мін­дет­ті түр­де бі­лу 3-кесте
Тарау 3. 3. СБШ 3-деңгейіндегі «Электр станциясын химиялық сумен тазалау аппаратшысы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
3. СБШ 3-деңгейіндегі «Электр станциясын химиялық сумен тазалау аппаратшысы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Ең­бек затта­ры Ең­бек құ­рал­да­ры Мін­дет­тер Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры Бі­лі­мі Ф 1 Жаб­дық­тар­ды іс­ке қо­су, тоқ­та­ту Ха­лат, жаб­дық­тар­ды іс­ке қо­су, тоқ­та­ту кі­та­бы 1-2 М Жұ­мыс ре­жи­мін ен­гі­зу, жаб­дық­тар­ды жөн­де­у­ге шы­ға­ру және жөн­де­уден қа­был­дау Су­ды та­за­лау бой­ын­ша өз бе­тін­ше жос­пар­лау кон­тек­сін­де­гі стан­дарт­ты тә­жі­ри­бе­лік мін­дет­тер­ді ше­ше бі­лу дағ­ды­ла­ры Кә­сі­би дай­ын­дық ба­ры­сын­да алын­ған тә­жі­ри­бе­лік-бағ­дар­лық кә­сі­би бі­лім Ф 2 Құ­жат­та­ма­лар Қа­ғи­да­лар мен та­лап­тар жи­на­ғы, бас­қа да құ­жат­та­ма­лар 2-2 М Құ­жат­та­ма­лар­ды же­дел жүр­гі­зу Жұ­мысты жос­пар­лар­мен са­лы­сты­ра ала­ды, та­за­лау бой­ын­ша жос­пар­лан­ған нәти­же­лер же­ті­стікте­рін қам­та­ма­сыз ете ала­ды Пай­да­ла­ну­дың, тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­дің, ор­нын ауы­сты­ру­дың негіз­гі қа­ғи­дат­та­рын бі­лу 4-кесте
Тарау 4. 4. СБШ 4-деңгейіндегі «Электр станциясын химиялық сумен тазалау аппаратшысы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
4. СБШ 4-деңгейіндегі «Электр станциясын химиялық сумен тазалау аппаратшысы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Ең­бек затта­ры Ең­бек құ­рал­да­ры Мін­дет­тер Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры Бі­лі­мі Ф 1 Ар­ма­ту­ра, жаб­дық­тар Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры, жаб­дық­тар­ды тап­сы­ру-қа­был­дау кі­та­бы 1-1 М Жаб­дық­тар­ды, ар­ма­тур­лар­дың, ком­му­ни­ка­ци­я­лар­дың және ас­пап­тар­дың жағ­дай­ын ба­қы­лау және ақа­у­ла­рын анық­тау және олар­ды жөн­деу бой­ын­ша ша­ра­лар қа­был­дау Қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­дың тех­но­ло­ги­я­лық жол­да­рын таң­дау. Қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы және ең­бек­ті қор­ғауды бі­лу Өл­шем­дер­дің мүм­кін ауыт­қу­ла­рын, жаб­дық­тар­дың жұ­мысы­ның тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық көр­сет­кіш­те­рін бі­лу Ф 2 Апат­ты жағ­дай­лар Қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы қа­ғи­да­сы, же­ке қор­ға­ныс құ­рал­да­ры 2-1 М Апат­ты жағ­дай­лар­ды жо­ю­ға қа­ты­су, «Апат­тар­ды жою бой­ын­ша нұс­қа­улық­қа» сәй­кес әре­кет ету Қыз­мет­ке ағым­да­ғы және жиын­тық ба­қы­лау жа­сай бі­лу, ба­ға­лай және тү­зе­те бі­лу. Қол­да­ны­л­ған қа­ру­лар мен ме­ха­низмдер­дің бұ­зу­шы­лық­та­рын анық­тау және қал­пы­на кел­ті­ру дағдысы Электр тех­ни­ка­сы­ның, ме­ха­ни­ка­ның және хи­ми­я­лық су­мен та­за­ла­удың негіз­де­рін, ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры жұ­мыста­ры­ның қа­ғи­дат­та­рын бі­лу, хи­ми­я­лық ре­а­гент­тер­мен жұ­мыс іс­теу ере­же­сін бі­лу, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы және ең­бек­ті қор­ғауды мін­дет­ті түр­де бі­лу Ф 3 Үш­са­ты­лы тұз­сыздан­ды­ру, ағын­ды су, тұз­сыздан­ды­ру Су­мен та­за­ла­у­ға ар­нал­ған сүз­гі­лер, ха­лат, ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры, ре­а­гент­тер, есеп­те­у­ге ар­нал­ған дәп­тер, шы­ғыс мә­лі­мет­те­рі 3-1 М Үш­са­ты­лы тұз­сыздан­ды­ру сыз­ба­лар бой­ын­ша кей­і­нен тұз­сыздан­ды­ру­мен су­ды ал­дын ала та­за­лау үде­рі­сте­рін жүр­гі­зу Жұ­мыс жағ­дай­ы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес әре­кет­тер­ді одан әрі тү­зе­ту Жаб­дық­тар­ды хи­ми­я­лық су­мен та­за­лау жұ­мыста­ры­ның үде­рі­сте­рі тәр­тіп­те­ме­ле­рін бі­лу 5-кесте
Тарау 5. 5. СБШ 2-деңгейіндегі «Электр станциялары жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі слесарі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
5. СБШ 2-деңгейіндегі «Электр станциялары жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі слесарі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Ең­бек затта­ры Ең­бек құ­рал­да­ры Мін­дет­тер Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры Бі­лі­мі Ф 1 Жаб­дық Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры 1-1 М Негіз­гі және кө­мек­ші жаб­дық­тар­ға пай­да­ла­ну-жөн­деу қыз­мет көр­се­ту Жаб­дық­тар­ды өз бе­тін­ше ба­қы­лау бі­лі­мі мен дағдыс­ын қол­да­нып стан­дарт­ты күн сай­ын­ғы мін­дет­тер­ді бі­лу Электр энер­ге­ти­ка­сы ке­шен­де­рін­де­гі кә­сі­би дай­ын­дық ба­ры­сын­да алын­ған бі­лім Ба­қы­лау жабды­ғы Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры, шлюз­ді шах­та­ла­ры бар жұ­мыстар бой­ын­ша нұс­қа­улық­тар 1-2 М Су аг­ре­гат­тың ме­ха­ни­ка­лық жаб­дық­та­ры­на қыз­мет көр­се­ту Электр стан­ци­я­лар­дың жаб­дық­та­ры­ның негіз­гі эле­мент­те­рі­мен жұ­мыс іс­тей бі­лу Негіз­гі және қа­ра­пай­ым құ­рал­дар­ды, жаб­дық­тар­дың құ­ры­л­ғы­ла­рын, жұ­мыс қа­ғи­дат­та­рын және си­патта­ма­сын бі­лу 6-кесте
Тарау 6. 6. СБШ 3-деңгейіндегі «Электр станциялары жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі слесарі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
6. СБШ 3-деңгейіндегі «Электр станциялары жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі слесарі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Ең­бек затта­ры Ең­бек құ­рал­да­ры Мін­дет­тер Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры Бі­лі­мі Ф 1 Ба­қы­лау жабды­ғы Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры, шлюз­ді шах­та­ла­ры бар жұ­мыстар бой­ын­ша нұс­қа­улық­тар 1-1 М Электр стан­ци­я­сы­ның кө­мек­ші жаб­дық­та­ры­на ба­қы­лау жүр­гі­зу, же­дел құ­жат­та­ма­лар­ды жүр­гі­зу Олар­дың та­за­лау бой­ын­ша ти­іс­ті мін­дет­те­рін орын­дау ке­зін­де қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау жа­у­ап­кер­ші­лі­гін тү­сі­ну Ке­шен­дер­дің негіз­гі па­ра­метр­ле­рі мен тех­ни­ка­лық мә­лі­мет­те­рін бі­лу Ф 2 Та­за­лау құ­рал­да­ры және ас­пап­тар Та­за­лау құ­рал­да­ры, жөн­деу жұ­мыста­ры­на ар­нал­ған қол­ғап­тар, құ­рал­дар, сүз­гі­лер, кон­ден­сат­ты та­за­лау құ­рал­да­ры, Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі қа­ғи­да­ла­ры 2-1 М Қыз­мет көр­се­ті­ліп жа­тқан жаб­дық­ты май­лау, та­за­лау және оның жұ­мысын­да­ғы ша­ғын бұ­зу­шы­лық­тар­ды қал­пы­на кел­ті­ру Стан­дарт­ты тә­жі­ри­бе­лік мін­дет­тер­ді, су­мен та­за­лау бой­ын­ша өз бе­тін­ше жос­пар­лау кон­текст­ін­де­гі дағ­ды­лар­ды ше­ше бі­лу Кә­сі­би дай­ын­дық ба­ры­сын­да алын­ған тә­жі­ри­бе­лік-бағ­дар­лық кә­сі­би бі­лім Та­за­лау құ­рал­да­ры және ас­пап­тар Та­за­лау құ­рал­да­ры, жөн­деу жұ­мыста­ры­на ар­нал­ған қол­ғап­тар, құ­рал­дар, сүз­гі­лер, кон­ден­сат­ты та­за­лау құ­рал­да­ры, Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі қа­ғи­да­ла­ры 2-2 М Жы­лу же­лі­ле­рі мен қа­зан­дық­тар­ды қы­зды­ру үшін ал­дын ала та­за­ла­уды ор­на­ту және су­мен та­за­лау, кон­ден­сат­тар­ды, хи­ми­я­лық ре­а­гент­тер­ді және бас­қа да хи­ми­я­лық цех­тар­да­ғы жаб­дық­тар­ды та­за­лау Бі­лім және прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­лік негі­зін­де бел­гі­лен­ген әре­кет­тер­дің тә­сі­лін таң­дау Ап­па­рат­тар­мен және та­за­лан­ған су­мен жұ­мыс іс­те­удің қа­ғи­да­ла­ры мен та­лап­та­рын мін­дет­ті түр­де бі­лу Ескертпе: М – мақсат.
Басқа 1.5. Келісу парағы
«Талдаудың химиялық және физико-химиялық әдістерін қолдана отырып материалдар құрамы мен қасиеттерін талдау» кәсіби стандартына 5-қосымша Келісу парағы Ұй­ым ата­уы Ке­лі­су кү­ні Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және жа­ңа тех­но­ло­ги­я­лар ми­ни­стр­лі­гі­нің Са­ла­лық ке­ңе­сі 29.11.2013 жыл Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі 2013 жы­л­ғы жел­тоқ­сан Бо­лат Нұр­жа­нов атын­да­ғы «Екі­ба­стұз мем­ле­кет­тік аудан­дық электр стан­ци­я­сы 1-МА­ЭС» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 2013 жы­л­ғы қа­ра­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ин­ду­стрия және жа­ңа тех­но­ло­ги­я­лар ми­ни­стр­лі­гі Өнер­к­ә­сіп ко­ми­те­ті «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ми­не­рал­ды ши­кі­затты ке­шен­ді қай­та өң­деу жө­нін­де­гі ұлт­тық ор­та­лы­ғы» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны­ның «Ж. Әбі­шев атын­да­ғы хи­мия-ме­тал­лур­гия ин­сти­ту­ты» фи­ли­а­лы 2013 жы­л­ғы қа­ра­ша «Ор­га­ни­ка­лық син­тез және кө­мiр хи­ми­я­сы ин­сти­ту­ты» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 2013 жы­л­ғы қа­ра­ша «Те­мір­жол­энер­го» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 2013 жы­л­ғы жел­тоқ­сан Осы КС _________________________________________________ тіркелді. Кәсіби стандарттардың реестріне № ______________________ тіркелді. Хат (хаттама) № ___________             Күні _____________________