Об утверждении профессионального стандарта "Техническое обслуживание и ремонт диспетчерского оборудования и телеавтоматики" Күшін жойған
Басқа 0
"Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу" кәсіби стандартты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған «Диспечерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (С.Қ. Есімханов) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау
министрі
____________ Т. Дүйсенова
2013 жылғы «___»__________
Басқа 1. «Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
Министрінің міндетін атқарушының
2013 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 441 бұйрығымен
бекітілген
«Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға
техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға
техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және
Тармақша 1
1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
Тармақша 2
2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
Тармақша 3
3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
Тармақ 2
2. КС негізгі пайдаланушылары:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
Тармақша 2
2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
Тармақша 3
3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
Тармақша 4
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.
Тармақ 3
3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.
Тармақ 4
4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
Тармақша 2
2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
Тармақша 3
3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;
Тармақша 4
4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;
Тармақша 5
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
Тармақша 6
6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;
Тармақша 7
7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
Тармақша 8
8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;
Тармақша 9
9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
Тармақша 10
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
Тармақша 11
11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
Тармақша 12
12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
Тармақша 13
13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;
Тармақша 14
14) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
Тармақша 15
15) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
Тармақша 16
16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
Тарау 2. 2. КС паспорты
2. КС паспорты
Тармақ 5
5. КС паспорты келесіні анықтайды:
Тармақша 1
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) 35.11 «Электр энергиясын өндіру», 35.12 «Электр энергиясын беру», 35.13 «Электр энергиясын тарату», 35.14 Электр энергиясын тұтынушыға сату.
Тармақша 2
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
Тармақша 3
3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.
Тарау 3. 3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары
Тармақ 1. 1-параграф «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері»
1-параграф «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері»
Тармақ 6
6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
Тармақша 1
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша –1-4, СБШ бойынша – 1-4;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 8283 «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері»;
Тармақша 3
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері;
Тармақша 4
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы – субъектінің диспетчерлік жабдық пен телеавтоматиканы пайдалану кезінде олардың сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеуді жүзеге асыруы;
Тармақша 5
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.
Тарау 4. 4. КС бірліктерінің тізімі
4. КС бірліктерінің тізімі
Тармақ 7
7. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.
Тарау 5. 5. КС бірліктерінің сипаттамасы
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
Тармақ 8
8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында келтірілген.
Тарау 6. 6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
Тармақ 9
9. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.
Тармақ 10
10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында қарастырылған КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.
Тарау 7. 7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі
Тармақ 11
11. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
Тармақ 12
12. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.
Басқа 1.1. Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері
«Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға
техникалық қызмет көрсету және жөндеу»
кәсіби стандартына
1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері
№ р/с
Қызмет түрінің атауы
Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы
ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы
СБШ біліктілік деңгейлері
БТБА бойынша разряды
1
Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстар
Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері
Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері
1-4
1-6
Басқа 1.2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
«Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға
техникалық қызмет көрсету және жөндеу»
кәсіби стандартына
2-қосымша
1-кесте
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)
Энергия өндіретін ұйымдар, энергиямен қамтамасыз ететін ұйымдар, энергия шығаратын ұйымдар
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-п бұйырығына сәйкес. Үй-жайда жұмыс кезінде: қауіпті және зиянды факторлардың әсері
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
Жұмыс істеуге рұқсат: медициналық тексеруден кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықты алғаннан кейін, оқыту мен тексеруден өткеннен кейін, сынақ
СБШ біліктілік деңгейі
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі
1
Жалпы орта білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (білім беру базасында қысқамерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту)
Еңбек өтілі талап етілмейді
2
Жалпы орта білімі, бірақ негізгі ортадан төмен емес білімі болған жағдайда еңбек тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындығы (білім беру ұйымы базасынла қысқамерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту)
Еңбек өтілі талап етілмейді
3
Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім немесе жалпы орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту).
Еңбек өтілі кемінде 1 жыл
4
Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе
Еңбек өтілі кемінде 1 жыл
Басқа 1.3. КС бірліктерінің тізімі
«Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға
техникалық қызмет көрсету және жөндеу»
кәсіби стандартына
3-қосымша
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте
«Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы
1 Ф
Тоқсыздандырылған диспетчерлік жабдық пен телеавтоматиканың аппаратурасына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде бөлшектерін тазарту және жуу, ауыстыру бойынша қарапайым қосымша жұмыстарды атқару. Бақылау машинасы немесе вольтметрдің көмегімен кернеудің бар-жоғын тексеру. Кабельден кендірді алу
2 Ф
Диспетчерлік жабдықтар мен телеавтоматиканың аппаратурасына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету, бөлшектеу, жөндеу және құрастыру
3 Ф
Диспетчерлік жабдықтың кабельді және сызықты құрылымдарына, жоғарғы жиілікті каналдарға, телеавтоматика аппаратурасына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және ондағы тағайындалған режимді ұстау
4 Ф
Жоғарғы жиіліктегі тығыздау жүйелеріне, телеавтоматика аппартурасына, релелік коммутаторларына, қарапайым және орташа қиындықтағы кабельді тізбектердің штативті құрылғыларына, жер астындағы құрылымдардың телеавтоматиканың каналдарына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және жөндеу, қателіктерді табу және оларды жою, кабельді байланыстарды монтаждау мен бөлшектеу
5 Ф
Жоғарғы жиіліктегі тығыздау жүйелерінің жартылай өткізгіш аппаратураларына, өздігінен жазатын және элекронды-тіркейтін құрылғылардың телеавтоматикасына, кабельді тізбектің күрделі штативті құрылғыларына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және жөндеу
6 Ф
Аппаратуралардың барлық түрлерінің электрлік және механикалық реттелетін жаңа орнатылған және зерттеу жабдықтарына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету
7 Ф
Микропроцессорлардың негізінде телемеханика құрылғыларына және энерготасымалдауыштарды есепке алу бойынша ақпараттық-есептеу жүйесіне эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Ақпараттық, басқару есептеу кешендеріне және жеке электронды-есептеу машиналарына қызмет көрсету. Бағдарламалық жасақтама көмегімен аса күрделі құрылғыларын тексеру және диагностика жүргізу
Ескертпе: Ф – функция.
Басқа 1.4. КС бірліктерінің сипаттамасы
«Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға
техникалық қызмет көрсету және жөндеу»
кәсіби стандартына
4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы
1-кесте
Тарау 1. 1. СБШ 1-деңгейіндегі «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
1. СБШ 1-деңгейіндегі «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр
Еңбек заттары
Еңбек құралдары
Міндеттер
Шеберлігі және дағдылары
Білімі
Ф 1
Диспетчерлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасы
Қажетті оқшаулағыш және өткізгіш материалдар, жұмыс және өлшегіш құралдар, қорғаушы киімдер, резеңке қолғаптар, қол еңбегі
1-1 М Тоқсыздандырылған диспетчерлік жабдық пен телеавтоматиканың аппаратурасына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде бөлшектерін тазарту және жуу, ауыстыру бойынша қарапайым қосымша жұмыстарды атқару
Үлгілі, қарапайым практикалық тапсырмаларды орындау біліктілігі, өзін бақылау және өзін ұстай білу дағдыларын көрсету
Еңбек заты, оның өзгеріс үрдісі мен сәйкес орындалатын әрекеттер циклы туралы базалық білім. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау қағидалары
Ф 2
Диспетчерлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасы
Қажетті оқшаулағыш және өткізгіш материалдар, жұмыс және өлшегіш құралдар, қорғаушы киімдер, резеңке қолғаптар, қол еңбегі
2-1 М Бақылау машинасы немесе вольтметрдің көмегімен кернеудің бар-жоғын тексеру. Кабельден кендірді алу
Жұмыс істеу әдісін таңдау, бақылау-өлшеу аспаптарымен жұмыс істеу кезінде өзін-өзін бақылау және өзін-өзі түзету дағдысы
Көп таралған қарапайым құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану шарттары мен мақсаты; қарапайым тексеру және өлше аппаратурасының атауы мен мақсаты
Ф 3
Диспетчерлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасы
Қажетті оқшаулағыш және өткізгіш материалдар, жұмыс, слесарлық және өлшегіш құралдар, қорғаушы киімдер, резеңке қолғаптар, қол еңбегі
3-1 М Темір тоғын мен бұрандамаларды дайындау. Құймадан кейін өлшеміне келтіру үшін қарапайым бөлшектреді слесарлық өңдеу. Сыртқы келбетіне қарай өнімдер мен материалдарды сұрыптау және бөлшектеу. Электр өлшеу аспаптары мен аппаратурасын тасымалдау үшін орамдау және тасымалдау
Слесарлық құралмен практикалық жұмыс істеу дағдысы
Металлды тот басудан сақтау әдістері; болат, мыс, жез, алюминий, оқшаулағыш материалдар, орама сым, майлау материалдарының қасиеттері жайлы жалпы мәлімет
2-кесте
Тарау 2. 2. СБШ 2-деңгейіндегі «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
2. СБШ 2-деңгейіндегі «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр
Еңбек заттары
Еңбек құралдары
Міндеттер
Шеберлігі және дағдылары
Білімі
Ф 1
Диспетчерлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасы
Қажетті оқшаулағыш және өткізгіш материалдар, жұмыс, слесарлық және өлшегіш құралдар, қорғаушы киімдер, резеңке қолғаптар, қол еңбегі
1-1 М Диспетчерлік жабдықтар мен телеавтоматиканың аппаратурасына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету, бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Біліктілігі жоғары электр монтердің басшылығымен аспаптарды қалқандарға орнату, жұмысын тексеру үшін оларды қосу, қатты және жұмсақ дәнекермен дәнекерлеу және қалайылау, панельдердегі тежегіштердің барлық түрлерін монтаждау
Жұмсақ және қатты дәнекерлеу мен қалайылау біліктілігі. Біліктілігі жоғары электр монтердің басшылығымен аспаптарды қалқандарға орнату. Диспетчерлік жабдықтар мен телеавтоматиканың аппаратурасына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету, бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Диспетчерлік жабдықтың кабельді және сызықты құрылымдарына, жоғарғы жиілікті каналдарға, телеавтоматика аппаратурасына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және ондағы тағайындалған режимді ұстау
Кабельді және сызықты құрылымдарына қызмет көрсету және жөндеу бойынша қарапайым жұмыстарды орындау қағидалары; қызмет көрсетілетін кабельдер, оқшаулағыш материалдар, орамдау және монтаждау сымдарының түрлері мен құрылымдары; көп таралған әмбебап және арнайы күрделілігі орташа құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану шарттары мен мақсаты
Ф 2
Диспетчерлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасы
Қажетті оқшаулағыш және өткізгіш материалдар, жұмыс, слесарлық және өлшегіш құралдар, қорғаушы киімдер, резеңке қолғаптар, қол еңбегі
1-2 М Диспетчерлік жабдықтың кабельді және сызықты құрылымдарына, жоғарғы жиілікті каналдарға, телеавтоматика аппаратурасына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және ондағы тағайындалған режимді ұстау
Диспетчерлік жабдықтың кабельді және сызықты құрылымдарына, жоғарғы жиілікті каналдарға, телеавтоматика аппаратурасына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және ондағы тағайындалған режимді ұстау
Электртехника және радиотехника негіздері; жоғары жиілікті байланыс және көп каналды жүйелер мен электр беру желілері бойынша телеавтоматиканың негіздері; қызмет көрсетілетін жабдықтың, жоғары жиілікті байланыс, телемеханика және радиобайланыс каналдарының блок-сызбалары, номиналды қуаты бойынша тежегіштерді таңдау; тұрақты және айнымалы тоқпен қоректену сұлбалары мен көздері туралы мәлімет
3-кесте
Тарау 3. 3. СБШ 3-деңгейіндегі «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
3. СБШ 3-деңгейіндегі «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр
Еңбек заттары
Еңбек құралдары
Міндеттер
Шеберлігі және дағдылары
Білімі
Ф 1
Диспетчерлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасы
Қажетті оқшаулағыш және өткізгіш материалдар, жұмыс, слесарлық және өлшегіш құралдар, қорғаушы киімдер, резеңке қолғаптар, қол еңбегі
1-1 М Жоғарғы жиіліктегі тығыздау жүйелеріне, телеавтоматика аппартурасына, релелік коммутаторларына, қарапайым және орташа қиындықтағы кабельді тізбектердің штативті құрылғыларына, жер астындағы құрылымдардың телеавтоматиканың каналдарына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және жөндеу, қателіктерді табу және оларды жою, кабельді байланыстарды монтаждау мен бөлшектеу. Телеавтоматиканың реле-сызбанұсқалары мен кілттерді бөлшектеу және құрастыру
Жоғарғы жиіліктегі тығыздау жүйелеріне, телеавтоматика аппартурасына, релелік коммутаторларына, қарапайым және орташа қиындықтағы кабельді тізбектердің штативті құрылғыларына, жер астындағы құрылымдардың телеавтоматиканың каналдарына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және жөндеу, қателіктерді табу және оларды жою, кабельді байланыстарды монтаждау мен бөлшектеу дағдысы
Электр тарату желілері, көп каналды жүйелер бойынша ақпаратты жібері және қабылдау қағидаттары; диспетчерлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасының негізгі және монтаждау сұлбалары, электр қуатын беру және тарату сұлбылары және сигнал беру сұлбылары; қызмет көрсетілетін жабдықты, кабель тізбектерін, телеавтоматика каналдарын күйге келтірудің негізгі электрлік нормалары, тексеру және өлшеу әдістері
Ф 2
Диспетчерлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасы
Қажетті оқшаулағыш және өткізгіш материалдар, жұмыс, слесарлық және өлшегіш құралдар, қорғаушы киімдер, резеңке қолғаптар, қол еңбегі
1-2 М Жоғарғы жиіліктегі тығыздау жүйелерінің жартылай өткізгіш аппаратураларына, өздігінен жазатын және электронды-тіркейтін құрылғылардың телеавтоматикасына, кабельді тізбектің күрделі штативті құрылғыларына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың ақауларын табу және жою. Қызмет көрсетілетін диспетчерлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасының электрлік сипаттамасын өлшеу
Жоғарғы жиіліктегі тығыздау жүйелерінің жартылай өткізгіш аппаратураларына, өздігінен жазатын және элекронды-тіркейтін құрылғылардың телеавтоматикасына, кабельді тізбектің күрделі штативті құрылғыларына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және жөндеу білігі. Қызмет көрсетілетін жабдықтың ақауын анықтау және жою. Қызмет көрсетілетін диспетчерлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасының электрлік сипаттамасын өлшеу
Қызмет көрсетілетін жабдықтың техникалық сипаттамасы жайлы білім; көп каналды жоғары жиілікті тығыздау жүйелерінің, телеавтоматиканың және коммутаторлардың негізгі және монтаждау сұлбалары; топтық генератор және жалпы станциялық жабдықтың негізгі сұлбалары мен жұмыс істеу қағидаттары; телеавтоматика мен телесигнал беру тізбектерінің негізгі сұлбалары
4-кесте
Тарау 4. 4. СБШ 4-деңгейіндегі «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
4. СБШ 4-деңгейіндегі «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр
Еңбек заттары
Еңбек құралдары
Міндеттер
Шеберлігі және дағдылары
Білімі
Ф 3
Диспетчерлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасы
Қажетті оқшаулағыш және өткізгіш материалдар, жұмыс, слесарлық және өлшегіш құралдар, қорғаушы киімдер, резеңке қолғаптар, қол еңбегі
3-1 М Микропроцессорлардың негізінде телемеханика құрылғыларына және энерготасымалдауыштарды есепке алу бойынша ақпараттық-есептеу жүйесіне, аппаратуралардың барлық түрлерінің электрлік және механикалық реттелетін жаңа орнатылған және зерттеу жабдықтарына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және жөндеу тығыздау жүйелерін реттеу және күйге келтіру. Жаңа орнатылған жабдықты жөндеу және сынақтан өткізу
Электрлік және механикалық реттелетін жаңа орнатылған және зерттеу жабдықтарына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету кезіндегі практикалық жұмыс істеу дағдысы. Тығыздау жүйелерін реттеу мен жөндеу. Жаңа орнатылған жабдықты жөндеу және сынақтан өткізу
Атқарылатын жұмыс аясында электроника мен жартылай өткізгіш техникасының негіздері; диспетчерлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасын тексеру және жөндеу қағидалары мен әдістері; жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті материалдар номенклатурасы мен қасиеттері; коммутация сұлбалары, телеавтоматика аппаратурасының, электр тарату желілерінің және учаскенің басқа да жабдығының жұмыс істеу режимдері мен сипаттамасы
Ескертпе: М – мақсат.
Басқа 1.5. Келісу парағы
«Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға
техникалық қызмет көрсету және жөндеу»
кәсіби стандартына
5-қосымша
Келісу парағы
Ұйым атауы
Келісу күні
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Салалық кеңесі
29.11.2013 жыл
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
2013 жылғы желтоқсан
Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз мемлекеттік аудандық электр станциясы 1-МАЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2013 жылғы қараша
«Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамы
2013 жылғы қараша
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитеті «Қазақстан Республикасы минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты» филиалы
2013 жылғы қараша
«Органикалық синтез және көмiр химиясы институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2013 жылғы желтоқсан
«Теміржолэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2013 жылғы желтоқсан
Осы КС _________________________________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарттардың реестріне № ______________________ тіркелді.
Хат (хаттама) № ___________ Күні ____________________