Об утверждении Положения о специальной комиссии Күшін жойған
Басқа 0
Арнайы комиссия туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Арнайы комиссия туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдері өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасылардың) өтінішін қарау үшін арнайы комиссия құрсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Қ. Нұрқатоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы 12 ақпандағы № 31 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Арнайы комиссия туралы ереже
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Арнайы комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) негізінде және Арнайы комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган – әлеуметтік көмек көрсетуді жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаладағы ауданның жергілікті атқарушы орган;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия – (бұдан әрі – Комиссия) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасылардың) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия.
Тармақ 3
3. Комиссия аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарымен ұйымдастырады.
Тармақ 4
4. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені және осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 5
5. Комиссияның қызметін бақылауды аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселеріне жетекшілік ететін орынбасары жүзеге асырады.
Бөлім 2. 2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 6
6. Комиссияның негізгі міндеті осы ереженің 9 - тармағы негізінде аудандық (қалалық) өкілді органдар бекітетін азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесіне сәйкес азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын және өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау болып табылады.
Тармақ 7
7. Комиссияның негізгі функциясы әрбір жекелеген жағдайда әлеуметтік көмектін мөлшерін көрсете отырып, Үлгілік ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығару болып табылады.
Бөлім 3. 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Комиссия өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдардың мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері кіреді.
Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауға тиіс.
Тармақ 10
10. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары Төраға болып табылады.
Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Комиссияның атқарушы органы болып табылады.
Комиссия хатшысының міндеті осы бөлімнің маманына жүктеледі.
Тармақ 12
12. Комиссия уәкілетті органнан құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және ашық дауыс беру арқылы әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттігі туралы шешім шығарады.
Тармақ 13
13. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.
Тармақ 14
14. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.
Тармақ 15
15. Комиссия қабылдаған шешім қорытынды нысаныңда ресімделеді және осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген мерзімде уәкілетті органға беріледі.
Оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектін мөлшері көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Комиссия әлеуметтік көмек мөлшерін айқындау кезінде жергілікті өкілді органдар бекіткен әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын басшылыққа алады.