Об утверждении Правил передачи в доверительное управление предприятий, государственных пакетов акций акционерных обществ и государственных долей товариществ с ограниченной ответственностью Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік пакеттер акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестердің мемлекеттік үлестерін сенімді басқаруға берудің Ережесін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 29.05.2007 № 16 шешімімен. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы күші бар «Жекешелендіру туралы» Жарлығын орындау мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік пакеттер акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестердің мемлекеттік үлестерін сенімді басқаруға берудің Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Құланбаев С.А. жүктелсін.
Басқа 3. Кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердің мемлекеттік үлестерін сенімді басқаруға берудің ережесі
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 9 қарашадағы № 209 шешіміне қосымша Кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердің мемлекеттік үлестерін сенімді басқаруға берудің ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар, 1995 жылғы 23 желтоқсандағы «Жекешелендіру туралы» Жарлығына сәйкес жасалған және басқарушының кейін өтеп алу құқығымен (немесе құқықсыз) Объектілерді сенімді басқаруға беруде келісімдер (бұдан әрі - Келісім) жасау тәртібін, сондай-ақ, басқарушының келісімдердің шарттарының орындалуы үшін бақылау жасау механизмін анықтайды.
Тарау 2. 2. Негізгі түсініктер
2. Негізгі түсініктер Осы Ережеде мынадай түсініктер пайдаланылады: департамент - Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті коммуналдық мүлікке қатынаста мемлекет мүддесін білдіретін уәкіл; шарт жасасу - тендерде жеңіп шыққан тендердің Қатысушысына тиісті жағдайда ресімделген Объектіге қатынасты белғілі шарттарды орындау, қажет болған жағдайда объектіні иелену, пайдалану және басқару (иелік жасау құқығысыз) құқын мемлекеттің беруін ресімдеу; тапсырыс - департамент ұсыныс жасаған келісімнің шарттарын орындауға және келісімді жасауға қажетті белгіленген құжаттар жиынтығы, сондай-ақ Қатысушының келісімі; объект - сенімді басқаруға берілетін мемлекеттік кәсіпорын немесе акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеті, жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі мемлекеттік үлес; тендерлік комиссия - Объектіні басқаруға келісім жасау жөніндегі тендерді ұйымдастыру үшін департамент құрған орган; уәкілетті орган - мемлекеттік кәсіпорындарға қатынастағы мемлекеттік басқару органы және АҚ мен ЖШС-те қатынастағы басшылық жасаушы орган; басқарушы - департаментпен келісім жасаған тендер жеңімпазы; қатысушы - ұсынылған шарттарға қажетті құжаттар тапсырып және келісім жасауға ниет білдірген жеке тұлға немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
Тарау 3. 3. Тендерлік комиссияны құру, оның өкілеттіктері
3. Тендерлік комиссияны құру, оның өкілеттіктері 1. Департамент құрамына мыналардың өкілдері кіретін тендерлік комиссия құрады:
Тармақша 1
1) департаменттің;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның;
Тармақша 3
3) Қостанай облысы қаржы департаментінің; 4) Қостанай облысы әділет басқармасының (келісім бойынша);
Тармақша 5
5) тиісті аудандар немесе қалалардың әкімінің өкілдері. Тендерлік комиссия жұмысында жоғарыда көрсетілген өкілдер ресми түрде толтырылған сенімхат негізінде қатысуға тиісті. Тендерлік комиссияның төрағасы болып департаменттің өкілі тағайындалады.
Тармақ 2
2. Тендерлік комиссия:
Тармақша 1
1) өзінің жұмысының регламентін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 2
2) қажеттілік шамасында консультациялық фирмаларды жұмысына қатыстырады;
Тармақша 3
3) жазбаша түрде өтінішкерге 2 қосымшаға сәйкес тендерде қатысушы ретінде немесе себебін көрсетіп, тендерде қатысудан бас тарту туралы хабарлама жібереді;
Тармақша 4
4) кепілдік жарнаның көлемін белгілейді;
Тармақша 5
5) өзінің шарттық міндеттемелерін (төлем көлемін және мерзімін) орындаған тендер жеңімпазының меншігіне Объектіні беру жағдайларын анықтайды;
Тармақша 6
6) тендердің жеңімпазын анықтайды;
Тармақша 7
7) тендердің нәтижесі туралы хаттамаға қол қояды.
Тармақ 3
3. Тендерлік комиссияның жұмысшы органы болып департаменттің тиісті мүшесі табылады, ол:
Тармақша 1
1) басқаруға берілген Объектілер туралы тендерлік комиссия бекіткен ақпаратты хабарландыруды белгіленген тәртіпте жариялауды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) түскен өтінімдерді және тендерлік комиссияға тапсыруға 1 қосымшаға сәйкес де түскен басқа қажетті құжаттарды қабылдайды және дереу тіркейді, тапсырылған құжаттардың кемістіктерін кысқа мерзімде жоюға қажетті шараларды қабылдау жөнінде тендерге Қатысушыларды құлақтандырады;
Тармақша 3
3) тендерге Қатысушыларға танысу үшін осы Ережені және тендерге қатысу үшін керекті басқа да құжаттарды ұсынады.
Тарау 4. 4. Объектіні тендерге әзірлеу
4. Объектіні тендерге әзірлеу
Тармақ 4
4. Объектіні сенімді басқаруға беру жөнінде департамент шешім қабылдағаннан кейін, уәкілетті орган берілетін Объектілердің соңғы 2 жылғы шаруашылық қызметі туралы толық ақпарат береді.
Тарау 5. 5. Тендерді өткізу туралы хабарлама
5. Тендерді өткізу туралы хабарлама
Тармақ 5
5. Тендерді өткізу туралы хабарлама республикалық ресми баспасөзде мемлекеттік және орыс тілдерінде тендерді өткізуден 30 күн бұрын жариялану керек. Қосымша, тиімділігін жақсарту мақсатында, Объект туралы толық мәліметі бар ақпарат бюллетенін жергілікті баспасөзде жариялауға болады.
Тармақ 6
6. Хабарлама жарияланған кейін департамент басқаруға берілетін Объект туралы ақпаратқа қол жеткізуге барлық қалаушыларға мүмкіндік береді.
Тарау 6. 6. Тендерге қатысушыларға қойылатын талаптар
6. Тендерге қатысушыларға қойылатын талаптар
Тармақ 7
7. Тендерге қатысуға уақытында өтінім және басқа керекті құжаттарды тапсырған жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар жіберіледі. Бұдан басқа, өтінім тапсырған жеке тұлғаның керекті білімдсрі және осы немесе байланысты салада тәжірибесі болу керек, ал заңды тұлғаның - Объектіні басқаруға жоғарыда айтылған қабілеттері бар өкілі болуы керек.
Тармақ 8
8. Тендерге қатысу үшін тендерлік комиссияның адресіне келесі құжаттар тапсырылуы керек:
Тармақша 1
1) 1 қосымшаға сәйкес қатысуға өтінім;
Тармақша 2
2) тендерде Қатысушының осы Ережелерде баяндалған біліктілік талаптарға лайықтылығын дәлелдейтін құжаттары;
Тармақша 3
3) бірінші басшының қолы қойылған кәсіптік білімі, тәжірибесі, беделі және шартта ескерілген міндеттемелердің орындалуы үшін керекті қаржы, материалдық-техникалық және еңбек ресурстары барын дәлелдейтін кәсіпорынның бланкісінде жазылған хаты;
Тармақша 4
4) бизнес-жоспары;
Тармақша 5
5) тендер шарты бойынша бөлек конверттерге салынған жазбаша түрдегі түпнұсқа және көшірмені, «Түпнұсқа» және «Көшірме» деп белгіленген ұсыныстары. Жазулар кетпейтін сиямен жазылып, Қатысушылардың (жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар) қолы қойылуы керек. Бұл конверттерде Қатысушының аты-жөні, мекен-жайы көрсетілуі (егер өтінім «кешігіп қалған» деп жарияланған жағдайда қатысушыға өтінімі ашылмаған түрде қайтарылу мақсатында) керек;
Тармақша 6
6) қажетті түрде ресімделген осы Ережемен таныстырылды деген қолхат;
Тармақша 7
7) нотариалды куәландырылған жарғының, шаруашылық субъектіні тіркеу куәлігінің және статистикалық карточкасының көшірмелері (заңды тұлғалар үшін);
Тармақша 8
8) заңды тұлғаның несиеден берешектігі жоқтығы туралы банктік анықтамасы. Анықтама тендерді өткізу туралы жарнаманың алдындағы соңғы айға беріледі;
Тармақша 9
9) салық органынан Қатысушының (заңды тұлға) салық төлемі және бюджетке басқа міндетті төлемдердің төленгені туралы анықтама. Анықтама тендерді өткізу туралы жарнаманың алдындағы соңғы айға беріледі.
Тармақ 9
9. Өтінімдерді қабылдау тендер өтетін күннен 1 күн бұрын аяқталады. Белгіленген мерзім өткеннен кейін өтінім және құжаттарды қабылдау аяқталады.
Тармақ 10
10. Құжаттар қабылданғаннан кейін тендерлік комиссия өтінішкерге өтінімі тіркелген күнін көрсетіп тендерге қатысу туралы хабарлама жібереді. Хабарлама алған уақыттан бастап өтінішкер тендерге қатысушының мәртебесін алады. Өтінімдері талқылауға алынбаған немесе қабылданбаған өтінішкерлерге 7 күн ішінде себебі көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Тармақ 11
11. Тендерге қатысуға өтінім тапсырған тұлғалар туралы мәліметтер жариялауға жатпайды.
Тармақ 12
12. Тендерге Қатысушы өзінің ұсынысын тендерді белгіленген өткізетін күнге дейін қайтарып алуына болады. Оны тендер өткізетін күннен 3 күн бұрын жазбаша түрде хабарлауға тиісті.
Тармақ 13
13. Өтінішкер кепілдік жарнаны өтінімімен қосып тапсырады. Тендерге Қатысушылар үшін кепілдік жарна объектінің құнынан 15 пайыз мөлшерінде тағайындалады.
Тармақ 14
14. Кепілдік жарна Қатысушы үшін келесі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету болып саналады:
Тармақша 1
1) жеңген жағдайда тендерді нәтижелейтін хаттамаға қол қою;
Тармақша 2
2) тендерді нәтижелейтін хаттамаға сәйкес шарт жасасу;
Тармақша 3
3) шарттың міндеттемелерін тиісті түрде орындау.
Тармақ 15
15. Департамент кепілдік жарнаны қайтармайды:
Тармақша 1
1) тендерге 3 күннен кем уақыт қалғанда қатысудан бас тартқан жағдайда немесе осы Ереже мен Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес болмаған жағдайда;
Тармақша 2
2) тендерді нәтижелейтін хаттамаға қол қоюға немесе шарт жасасудан бас тартқан жағдайда және шарттыц міндеттемелерін тиісті орындамаған жағдайда.
Тармақ 16
16. Қалған басқа жағдайларда кепілдік жарна тендер аяқталғаннан кейін 10 банктік күннің ішінде, егер төлем дспартаменттің шотына тендерден кейін түскен жағдайда, төлем түскеннен кейін 10 банктік күннің ішінде қайтарылады.
Тарау 7. 7. Тендерді өткізу тәртібі
7. Тендерді өткізу тәртібі
Тармақ 17
17. Тендерлік комиссия Қатысушылардың ұсыныстарын тендердің жеңімпазын айқындау өлшемімен бағалайды. Тендерлік комиссияның жобалардың тәуелсіз сараптамасын өткізуге құқығы бар. Тендерлік комиссияның Қатысушылардың өтінімдерін талқылау мерзімі 10 күнмен шектеледі.
Тармақ 18
18. Тендерлік комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің дауыстарының көпшілігімен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда тендерлік комиссияның Қатысушыларды келіссөзге шақырып, олардың келісімі бойынша жеңімпазды айқындау үшін қосымша тендер өткізуге құқығы бар. Бұл жағдайда Объектінің жұмысын жақсартуға арналған қосымша пайымдаулар ұсынған Қатысушы жеңімпаз болып саналады.
Тармақ 19
19. Тендерлік комиссияның шешімі тендерлік комиссияның мүшелері, төрағасы және сауда-саттықта ұтып алған тұлғаның қолдары қойылған хаттамамен ресімделеді. Комиссия мүшесінің өзінің өзгеше пікірін жазбаша түрде баяндауға, оны хаттамаға қоса тіркеп, хаттамада белгілеуге құқы бар. Тендердің нәтижесіне жеңімпазды жариялағаннан кейін 5 күнтізбелік күннің ішінде Қатысушылардың наразылық білдіруіне болады.
Тармақ 20
20. Тендердің нәтижесін женімпазды жариялағаннан кейін 5 күнтізбелік күннің ішінде департамент бекітеді. Тендердің нәтижесі бекітілмеген, тендерге қатысуға өтінімдер болмаған немесе тендерлік комиссияның жеңімпаз жоқ деп шешім қабылдаған жағдайларда, департаменттің тендерлік комиссияға тендердің талаптарын өзгертуді ұсынып, жаңа тендер өткізуіне құқы бар.
Тарау 8. 8. Шарт жасасу
8. Шарт жасасу
Тармақ 21
21. Департамент тендердің нәтижесін бекіткеннен кейін Объектіні басқару шартына 10 күн шамасында тараптар қол қоюға тиісті. Департамент пен тендер жеңімпазының арасындағы шарт осы Ереженің 3 қосымшасындағы үлгіге сәйкес жасалады.
Тармақ 22
22. Объектіні басқару шарты, егер Объект мемлекеттік кәсіпорын болып саналатын болса, Қазақстан Республпкасы Президентінің Заң күші бар «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығының 12 тарауына және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 887 бабына сәйкес тиісті мемлекеттік органда міндетті түрде тіркеуге жатады.
Тармақ 23
23. Тараптардың қолдары қойылған Объектіні қабылдау-тапсыру акті шарттың негізгі құрамы болып саналады.
Тарау 9. 9. Шарттың талаптары
9. Шарттың талаптары
Тармақ 24
24. Шарттың негізгі талаптары:
Тармақша 1
1) өндірістің бейінін сақтау, өнім шығару көлемін белгілі деңгейде қалдыру немесе көбейту;
Тармақша 2
2) барлық немесе шартпен белгіленген жұмыс орындарының санын сақтау;
Тармақша 3
3) объектінің мүлігін өрттен, жарылыстан, апаттан, дүлей апаттан сақтандыру;
Тармақша 4
4) өнімнің сапасын, оның бәсекеге жарамдылығын көтеру, өндіріс шығындарын төмендету;
Тармақша 5
5) қабылдау-тапсыру актісіне қол қою кезеңінде Объектінің берешектерін жою (өтеу);
Тармақша 6
6) жер байлығын сақтауға, айналадағы ортаны және еңбек қорғауға жататын ережелер мен нормаларды сақтау;
Тармақша 7
7) монополияға қарсы реттеуге жататын шығарылған өнімнің (тауарлар, қызмет көрсету) бағаларының мөлшеріне міндеттеме алу;
Тармақша 8
8) өнімді Қазақстан Республикасынан тысқары орташа нарықтық бағаның мөлшерінен төмен емес бағамен өткізу.
Тармақ 25
25. Объектінің ерекшелігіне қарай әрбір жекелеген жағдайда талаптар өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
Тармақ 26
26. Департамент пен басқарушының арасындағы шарт қол қойылған уақыттан бастап күшіне енеді. Мерзімді есептеу Объектіні департамент басқарушыға берген уақыттан бастап саналады.
Тармақ 27
27. Объектінің құрылымдық-салалық маңызына қарай шарт 10 жылға дейін жасалады.
Тарау 11. 11. Өзгеше талаптар
11. Өзгеше талаптар
Тармақ 28
28. Келісім-шарт бойынша өзінің міндеттемелерін тиісті орындаған жағдайда басқарушыға Объектіні сатып алуға тендердің шарттарымен құқық берілуі мүмкін.
Тармақ 29
29. Көрсетілген жағдайлар ресми хабарламада және шартта ескертілу керек. Ресми хабарландыру мен тендерлік құжаттарда ескертілген шарттармен салыстырғанда басқарушының жағдайын жақсартатын шарттардың келісімге енгізілуіне рұқсат етілмейді.
Тарау 12. 12. Тараптардың жауапкершілігі
12. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 30
30. Шарттың міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиімсіз орындаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасы заңдары белгілеген жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 31
31. Шарттың талаптары мен міндеттемелерін ашык және жасырын түрде бұзатын мәмілелер жарамсыз болып саналады, ал оған кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы заңдары белгілеген жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 32
32. Жауапқа тартылу кінәлі тұлғаларды шығынның орнын толтыру міндетінен босатпайды.
Тармақ 33
33. Осы Ережеде ескертілмеген себептер бойынша шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, екінші тараптың бастамашыдан шарттың бұзылуынан келтірілген барлық шығындардың, соның ішінде материалдық зиянның, орнын толтыруды талап етуіне құқығы бар.
Тарау 13. 13. Форс-мажор
13. Форс-мажор
Тармақ 34
34. Тараптар жасалған шарттың міндеттемелерін толық немесе жартылай орындаған немесе кешіктіріп орындаған жағдайда, егер олар төтенше жағдайдың салдарынан болатын болса, жауапкершіліктен босатылады. Төтенше жағдайға, тараптар бақылауға келмейтін кез-келген оқиғалар жатады, атап айтқанда: соғыс, табиғат апаттары, дүлей апаттар (су тасқыны, жер сілкіну, т.б.).
Тармақ 35
35. Төтенше жағдай басталған кезде қасірет тартқан тарап, оқиғаның басталған күнін көрсетіп, лезде жазбаша түрде екінші тарапты ол туралы хабардар етеді және төтенше жағдай болғанын дәлелдеуге міндетті.
Тармақ 36
36. Жасалған шарттың міндеттемелерінің орындалу мерзімі төтенше жағдайлар болған уақытқа шамалас жылжытылады.
Тарау 14. 14. Келісімнің шарттарының орындалуын бақылау
14. Келісімнің шарттарының орындалуын бақылау
Тармақ 37
37. Шарттың талаптарының орындалуын департамент бақылайды. Сол мақсатпен департамент тиісті мекемелердің өкілдерінен тұратын жұмысшы тобын құрады. Жұмысшы тобы өзінің жұмысын жасалған шартқа сәйкес, басқарушының міндеттемелерін ескере отырып, ұйымдастырады. Басқарушы жұмысшы тобының талқылауына белгіленген мерзімдерде және бекітілген нысандар бойынша құжаттар (есептер) тапсырады.
Тарау 15. 15. Келісімнің іс-қимылын тоқтату
15. Келісімнің іс-қимылын тоқтату
Тармақ 38
38. Келісім өзінің іс-қимылын келесі себептер бойынша тоқтады:
Тармақша 1
1) келісім әрекетінің мерзімі өткендігінен, егер мерзім тараптардың келісімі бойынша ұзартылмаса;
Тармақша 2
2) тараптардың біреуі осы Ереженің «Форс-мажор» тарауына сәйкес алапат күштермен байланысты жағдайлардан басқа, келісімнің талаптарын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес орындамаған немесе бұзған жағдайда;
Тармақша 3
3) тараптардың біреуі өзінің мүддесінің кез-келген бөлігін басқа тараптың келісімісіз үшінші тарапқа берген жағдайда;
Тармақша 4
4) тиісті сот шешімінің негізінде.
Тармақ 39
39. Келісіммен белгілеген Объектінің қызметін қамтамасыз ету міндеттемелерінің мерзімін басқарушы орындамаған жағдайда, 15 күн бұрын басқарушыны ескертіп, департаменттің біржақты түрде шартты бұзуына құқығы бар.
Тарау 16. 16. Дауларды шешу
16. Дауларды шешу
Тармақ 40
40. Осы Ерсжеде реттелмеген мәселелерді шешуде тараптар Қазақстан Республикасының заңдарын басшылықка алады.
Тармақ 41
41. Объектіні басқаруға беру жөнінде пайда болған даулар тараптардың өзара келісімдері бойынша немесе сот арқылы қаралады.
Тарау 17. 17. Қорытынды ережелер
17. Қорытынды ережелер
Тармақ 42
42. Осы Ереже облыс әкімі бекітіп, әділет басқармасында тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 101. Тендерге қатысуға өтінім
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы «9» қарашадағы № 209 шешімімен бекітілген кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердің мемлекеттік үлестерін сенімді басқаруға берудің Ережесіне 1-қосымша Тендерлік комиссияның төрағасына _________________________________ ___________________________атынан Тендерге қатысуға өтінім 1._______________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________жарияланған (хабар жарияланған басылымның аты, № және басылған күні) кәсіпорынды сенімді басқаруға беру жөніндегі тендер туралы (АҚ, мемлекеттік пакеттер акцияларын, ЖШС мемлекеттік қатысу үлесі) ақпарат хабарламаны зерделеп _______________________________________ ________________________________________________________________________________________ (объектінің толық аты ) мен ұсынылған талаптар және өтініміме қосымша өзімнің ұсыныстарыма сәйкес жоғарыда көрсетілген объектіні сенімді басқаруға шарт жасауға ниет білдіремін 2. Менің ұсыныстарым қабылданған жағдайда, тендердің нәтижесін жариялағаннан кейін 10 күн мерзімінде шарт жасауға өзіме міндеттеме аламын. 3. Келісім-шартқа қол қойылғанға дейін осы өтінім менің ұсыныстарым қабылданғаны туралы Сіздің жазбаша хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы келісім-шарттың күші бар екенін білдіреді. 4. Тендердің шешімі мен нәтижесін мына мекен-жайға жіберуіңізді сұраймын ______________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________ Осы өтінімге келесі құжаттар тіркеледі______________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________ Өтінім берілген: _______________________________________________________________________ __________________________________________________________негізінде қызмет жасайтын ________________________________________________________________________________атынан (заңды тұлғаның аты ) Қолы____________________ Қабылданды: «___»____________200__ж. "___"______________200__ж. Қолы ______________________________ (тендерлік комиссия мүшесі)
Басқа 102. Тендерге қатысуға рұқсат беру туралы тендерлік комиссияның хабарламасы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы «9» қарашадағы № 209 шешімімен бекітілген кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердің мемлекеттік үлестерін сенімді басқаруға берудің Ережесіне 2-қосымша Тендерге қатысуға рұқсат беру туралы тендерлік комиссияның хабарламасы _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ (тендерге қатысушының толық аты және мекен-жайы) Сенімді басқаруға шарт жасау құқығымен Сізге тендерге қатысуға рұқсат беріледі __________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ (объектінің толық аты және мекен-жайы) «___» ____________ 200__ж. ______________ сағатта мына мекен-жайда өткізілетін __________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ Тендерлік комиссияның төрағасы _____________________________ (Т.А.Ә., қолы) «___» _______________ 200___ ж.
Басқа 103. Мемлекеттік кәсіпорын немесе «______________________» акционерлік қоғамның (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакетін (мемлекеттік үлестері) келешекте сатып алу құқығымен (құқықсыз) сенімді басқаруға беру туралы үлгілі келісімі
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы «9» қарашадағы № 209 шешімімен бекітілген кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердің мемлекеттік үлестерін сенімді басқаруға берудің Ережесіне 3-қосымша Мемлекеттік кәсіпорын немесе «______________________» акционерлік қоғамның (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакетін (мемлекеттік үлестері) келешекте сатып алу құқығымен (құқықсыз) сенімді басқаруға беру туралы үлгілі келісімі Қостанай қ. «___»________________200__жылғы Бұдан әрі «Меншік иесі» деп аталатын Қостанай облысы әкімінің 1999 жылгы 17 қыркүйектегі № 213 шешімімен бекітілген ереженің негізінде қызмет ететін Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің атынан департамент директоры М.Е. Толыбаев бір жағынан, және бұдан әрі «Басқарушы» деп аталатын Жарғы негізінде қызмет ететін ______________________________________________________ екінші жағынан, төмендегі туралы осы Келісімді жасады:
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Мемлекеттік өкілеттік ұйымның қызметтерін жүзеге асыра отырып, Меншік иесі 2000 жылғы «___» _______________ өткізілген Объектіні сенімді басқаруға беру жөніндегі ашық (жабық) тендердің жеңімпазы болып танылған Басқарушыға, «Объект» деп аталатын мемлекеттік кәсіпорынды (акционерлік қоғам мемлекеттік акциялар пакеті, ЖШС мемлекеттік үлесін) келешекте сатып алу құқымен (құқықсыз) сенімді басқаруға береді (тендер хаттамасы осы Келісімге қоса беріліп отыр). 1.2 Басқарушы сауықтыру, дамыту және Объектіні қайта жаңғырту, оның зиянға шықпайтын қызметін қамтамасыз ететін бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында Объектіні сенімді басқаруға қабылдайды.
Тармақ 1.3
1.3. Басқарушының сыйақысы Объектінің қызметінен (кәсіпорынның пайдасы, АҚ акцияларына дивидендтері немесе ЖШС пайдасының бөлігі) оған тиесілі Меншік иесінің таза пайдасының _______ (__________________) пайызын құрайды.
Тарау 2. 2. Келісім мәні
2. Келісім мәні
Тармақ 2.1
2.1. Осы Келісімнің мәні болып _____________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________мыналар табылады: (көрсетілсін: мемлекеттік мекемелер үшін - аты, мекен-жайы, қызмет түрлері, әділет басқармасындағы тіркеу нөмірі және күні, ЖШС үшін - аты, мекен-жайы, қызмет түрлері, әділет басқармасындағы тіркеу нөмірі және күні, басқаруға берілетін мемлекеттік үлестің көлемі; АҚ үшін - аты, мекен-жайы, кызмет түрлері, баскаруға берілетін акциялардың саны мен түрлері, эмиссия нөмірі, БҚМК тіркелу нөмірі, тізім ұстаушы). Осы пунктте көрсетілген құжаттардың көшірмелері Келісімнің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. 2.2 Меншік иесі Объектінің кепілдікте тұрмайтынын, саудаға салынбағанын және үшінші жақтардың құқықтарымен қиыншылыққа түспегенін растайды.
Тармақ 2.3
2.3. Осы Келісімге қол қойылған кезден бастап және оның әрекет ету кезеңінде басқарушыға мемлекеттік кәсіпорынға қатысты өкілетті мемлекеттік органның барлық құқықтары, ЖШС қатысты - қатысушының құқықтары, АҚ қатысты - акционердің құқықтары көшеді. Басқарушының объектіні сенімді басқаруды жүзеге асыру құқығын куәландыратын негіз болып осы Келісім табылады.
Тарау 3. 3. Тараптар құқығы
3. Тараптар құқығы
Тармақ 3.1
3.1. Меншік иесі мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) әрбір толық қаржылық жылдың аяғында Объектіні басқару бойынша Басқарушы қызметінің нәтижесіне жоспарлы тексеру жүргізуге;
Тармақша 2
2) Басқарушының осы Келісім бойынша міндеттемелерін және оның дамуы үшін жасалған барлық қосымша келісімдердің орындауына бақылау жасауға.
Тармақ 3.2
3.2. Басқарушы мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) осы Келісімде айтылған шарттармен, шеттетуді қоспағанда, Объект иесінің барлық құқықтарымен пайдалануға;
Тармақша 2
2) қолданылып жүрген заңдарды сақтай отырып тексеру, Меншік иесінің бұрындары жасаған заң талаптарын сақтамайтын, Объектінің қызметінің мәніне қайшы келетін немесе оның экономикалық мүдделеріне жауап бермейтін келісім-шарттарын, келісімдерін қайта қарауды немесе бұзуды жүргізуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Объектінің (мемлекеттік кәсіпорынға қатысты) қаржы-шаруашылық қызметін басқаруға;
Тармақша 4
4) осы Келісімнің 1.3. бабында көрсетілген өзіне тиісті сыйақы сомасын өз бетімен шегеріп қалуға;
Тармақша 5
5) өзінің келісімді міндеттерін адал немесе саналы ниетпен орындаған жағдайда осы Келісімнің қызмет ету мерзімінде тендер шартында айтылған баға бойынша (егер мұндай құқық тендер шартында қарастырылған болса) Объектіні сатып алуға.
Тарау 4. 4. Тараптардын міндеттері
4. Тараптардын міндеттері
Тармақ 4.1
4.1. Меншік иесі мыналарға міндетті:
Тармақша 1
1) беру кезіндегі техникалык - экономикалық мәліметін көрсете отырып қабылдау- табыстау актісі бойынша Объектіні Басқарушыға беруге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен осы Келісімде айтылған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімнің әрекет ету мерзімінде толық көлемде Объектіге қатысты Басқарушының барлық құқықтарын сақтауға.
Тармақ 3.2
3.2. Басқарушы мыналарға міндетті:
Тармақша 1
1) Объект қызметінің кәсібін сақтауға;
Тармақша 2
2) Меншік иесімен пікірлесе және келісе отырып 3 жылдан кем емес мерзімге Объект дамуының индикативті жоспарын дайындауға;
Тармақша 3
3) осы Келісімге қоса берілетін бизнес-жоспарға сәйкес техникалық және әлеуметтік - экономикалық бағдарламалар кешенін жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) әр тоқсанның аяғында Меншік иесіне жүйелі түрде Келісімнің шарттарының орындалу барысы туралы ақпарат беруге, Объектіге байланысты барлық шығыстар мен шығындардың толық және дәл бухгалтерлік есебін жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) әрбір жылдың тамыз айында, Меншік иесіне, келісу үшін келесі жылға Объектінің дамуының болжамалық көрсеткіштерін тапсыруға;
Тармақша 6
6) Меншік иесінің, сонымен қатар, қаржы және салық органдарының бірінші талаптары бойынша Объектінің қаражатын құру мен жұмсауға қатысты барлық есептемелерді көрсетуге;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бюджетке салық және басқа да міндетті аударымдарды уақытында жүргізуге;
Тармақша 8
8) бизнес-жоспарда көрсетілген деңгейге дейін Объектінің айналымдағы қорын толықтыруды қамтамасыз етуге;
Тармақша 9
9) осы Келісімге қоса берілген бизнес-жоспарға сәйкес Объектінің инвестициялық бағдарламаларын қаржыландыруды осы Келісімнің әрекет ету мерзімі ішінде қамтамасыз етуге;
Тармақша 10
10) сенімді басқаруға беру кезіндегі осы Келісімнің ажыратылмайтын бөлігі болып табылатын және Меншік иесімен келісілген қарыздарды өтеу кестесіне сәйкес Объектінің барлық деңгейдегі бюджет алдындағы несиелік қарыздарын, сонымен қатар еңбек ақы мен басқа да несиелік қарыздарын өтеуге;
Тармақша 11
11) Объектіге мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыздар сомасын қайтару бойынша қажетті іс-қимылдар қабылдауға;
Тармақша 12
12) Объект мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 13
13) заңмен қарастырылған тәртіппен, салық органдарды статистикалық және қаржылық есептесулерді қабылдаған және бекіткеннен кейін, сенімді басқаруға берілген акциялардың мемлекеттік пакетіне (қатысу үлесі) бюджетке аударылуы мен әрбір тоқсан сайын өз уақытында дивиденд (кіріс бөлігі) есептелуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 14
14) құны Объектінің активтер құнының 20% асатын Объект мүлігін (кепілзатын қосқанда) алуға Меншік иесімен келісуге;
Тармақша 15
15) Келісім күшіне енген күннен бастап 2 (екі) ай ішінде Меншік иесінің Басқарушыға Объектіні өткізген күндегі жағдайға байланысты баланс активтері және пассивтеріне түгендеуді жүргізуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 16
16) осы Келісімнің әрекет ету мерзімі аяқталған немесе ол мезгілінен бұрын бұзылған жағдайда қабылдау-тапсыру актісі бойынша Объектіні Меншік иесіне қайтаруға.
Тарау 5. 5. Тараптардың жауапкершілігі
5. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 5.1
5.1. Осы Келісімнің шарттары орындалмаған немесе дұрыс орындалмаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мүліктік жауапкершілікті мойындарына алады.
Тармақ 5.2
5.2. Осы Келісім бойынша Басқарушы өз міндеттерін өрескел түрде бұзған жағдайда, Меншік иесі Келісімді бүзуға және жіберілген пайданы қосканда Басқарушыдан Меншік иесінің шығынын қайтаруды талап етуге құқылы.
Тармақ 5.3
5.3. Осы Келісімнің немесе заңның талаптары мен шарттарын тікелей немесе жасырын түрде бұзатын мәмілелер жарамсыз деп табылады, ал оларды жасауға кінәлі адамадарға Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіптік материалдық және қылмыстық жауапкершілік жүктеледі, бірақ олар келтірілген зиянды орнына қою міндетінен босатылмайды.
Тармақ 5.4
5.4. Осы Келісіммен белгіленген жағдайлардан басқа кездерде, Басқарушы осы Келісім бойынша заңды құқына ие болғанға дейін Объектінің қаржы-шаруашылық, сауда-өндірістік және басқа қызметтерінің нәтижелері үшін жауапкершілікті мойнына алмайды.
Тарау 6. 6. Форс-мажор
6. Форс-мажор
Тармақ 6.1
6.1. Тараптар осы Келісім бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамау, сондай-ақ оларды орындауды кешіктірген жағдайда, егер ол алапат күштердін (форс-мажор) зардабы болып табылса жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 6.2
6.2. Алапат күштердің қатарына осы Келісімнің тараптарының бақылау немесе ықпал ету шеңберінен шығатын және тараптардың жағдайларын нашарлататын кез-келген оқиғалар жатқызылады, оның ішінде: соғыс әрекеттері, табиғат апаттары (су тасқындары, жер сілкінулері және т.б.), Үкіметтің тыйым салу шаралары.
Тармақ 6.3
6.3. Алапат күш әсері пайда болған жағдайда, олардан зардап шеккен тарап, тез арада жазбаша түрде, бұл туралы басталған күні және форс-мажорлық жағдайды бейнелей отырып, екінші тарапқа хабарлайды. Екі тарап бірлесе күш жұмсай отырып, мұндай жағдайдың зардабын азайтудың барлық мүмкін болған шараларын қарастырады.
Тармақ 6.4
6.4. Осы Келісім бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлык жағдайлар орын алған кездерге ыңғайластырылып кейінге шегеріледі.
Тармақ 6.5
6.5. Егер белгіленген жағдайлар 6 айдан артық созылса, онда тараптардың әрбіреуі осы Келісім бойынша келешектегі міндеттемелерді орындауынан бас тартуға құқылы және мұндай жағдайда бір тарап екінші тарапқа шығындарын, айыппұл санкцияларын қайтаруға құқылы болмайды.
Тарау 7. 7. Құпиялылық (жасырын)
7. Құпиялылық (жасырын)
Тармақ 7.1
7.1. Тараптар Қазақстан Республикасының құпияны сақтауға қатысты заңына сәйкес барлық құжаттар, ақпараттар, есеп берулер бойынша құпияны сақтау мерзімдері мен олардың шектерін анықтайды.
Тармақ 7.2
7.2. Тараптардың қайсысы болмасын екінші тараптың жазбаша келісімін алмайынша үшінші тарапқа құпиялылықтың күші жойылмаған мерзімі ішінде осы Келісімнің мазмұнын немесе Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген жағдайларда құпия болып есептелетін басқа ақпаратты ашып көрсетуге құқы жоқ.
Тармақ 7.3
7.3. Осы Келісім тараптары екінші тараптың келісімісіз Келісімді жүзеге асыруға байланысты бір-бірінен алған ақпаратты үшінші тарапқа бермеуғе міндеттеме қабылдайды. Бұл жағдайдың Басқарушының басқа көздерден алған көпшіліктің қолы жететін ақпаратқа, сондай-ақ заң бойынша халық назарына ұсынылатын немесе құзырлы органдарға және Объектінің органдарына берілетін ақпаратқа қатысы жоқ.
Тармақ 7.4
7.4. Жоғарыда келтірілген міндеттемелер осы Келісім күшін жойған күннен бастап 3 жылға дейін күшін жоймайды және тараптардың қызметкерлер мен кеңісшілеріне таратылады.
Тарау 8. 8. Дауларды шешу
8. Дауларды шешу
Тармақ 8.1
8.1. Осы Келісіммен реттелмеген барлық мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасының заңды нормалары және Қазақстан Республикасы аумағында нақты құқықтық мәртебесі бар халықаралық келісімдер нормаларын басшылыққа алады.
Тармақ 8.2
8.2. Осы Келісімді жүзеге асыру барысында пайда болған талас мәселелері екі тараптың өзара келісімі бойынша қаралады. Заңмен белгіленген мерзім ішінде тараптардың даулы мәселені шешуге мүмкіншілігі болмаған жағдайда, құжаттар сот қарауына беріледі.
Тарау 9. 9. Келісімнің іс-қимыл мерзімі
9. Келісімнің іс-қимыл мерзімі
Тармақ 9.1
9.1. Осы Келісімнің іс-қимыл мерзімі _____ жыл.
Тармақ 9.2
9.2. Келісім қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді және 200__ жылдың «___» ______________ аяқталады.
Тармақ 9.3
9.3. Осы Келісімнің іс-қимылы тоқталғанда, ол бойынша нақты қатынастар тараптардың барлық мүліктік міндеттемелері реттелгеннен кейін тоқтатылады және ол туралы тиісті актіге қол қояды.
Тарау 10. 10. Келісімнің іс-қимылын тоқтату шарттары
10. Келісімнің іс-қимылын тоқтату шарттары
Тармақ 10.1
10.1. Осы Келісім өз қызметін келесі себептердің біреуі болған жағдайда тоқтатады:
Тармақша 1
1) егер оның қызмет ету мерзімі тараптардың келісімімен ұзартылмаған болса, яғни әрекет ету мерзімі өткен жағдайда;
Тармақша 2
2) тараптардың біреуі алапат күш (форс-мажор) жағдайларына байланысты кезден басқа уақытында Келісімді орындамағанда немесе оның шарттарын айтарлықтай бұзғанда;
Тармақша 3
3) Басқарушы инвестициялық бағдарламаны бұзған немесе орындамаған жағдайда;
Тармақша 4
4) тараптардың біреуі екінші тараптың келісімісіз үшінші тарапқа өз мүддесінің кез-келген бөлігін берген жағдайда;
Тармақша 5
5) соттың сәйкесті шешімінің негізінде.
Тармақ 10.2
10.2. Басқарушы өз міндеттемелерін орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда, Меншік иесі 15 күн ішінде Басқарушыға белгіленген мерзім ішінде, бірақ 20 күнтізбелік күннен асырмай, анықталған бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертеді. Бұзушылықты жоймаған жағдайда Басқарушыға Келісімді бұзу туралы хабар жіберіледі. Бұл жағдайда Меншік иесі бір жақты тәртіппен келісімді бұзуға құқылы.
Тармақ 10.3
10.3. Осы Келісімде қарастырылмаған негіздер бойынша келісімді мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, екінші тарап бұзуды бастаған тараптан мұндай бұзуға кеткен материалдық шығынды қоса есептегендей, барлық тікелей шығындардың орнын толықтыруды талап етуге құқылы.
Тармақ 10.4
10.4. Осы Келісім бойынша тараптар қатынасы екі тараптың мүліктік талаптарын реттегеннен кейін тоқтатылады, олар (тараптар) ол туралы Акт жасайды, оған қол қойғаннан кейін Келісім өз қызметін тоқтатады.
Тармақ 10.5
10.5. Тараптар өзара келісе отырып осы Келісімді бұзуға құқылы.
Тарау 11. 11. Ерекше жағдайлар
11. Ерекше жағдайлар
Тармақ 11.1
11.1. Осы Келісімді бекіту мен Басқарушының Объектіні басқаруға кірісуіне дейін Объект атынан жасалған немесе жүргізілген барлық жазбаша өтініштер, мәмілелер, келісім-шарттар және басқа да құжаттар, егер бекітілген заң тәртібімен Басқарушы жоймаған болса, онда шынайы болып табылады.
Тарау 12. 12. Басқа шарттар
12. Басқа шарттар
Тармақ 12.1
12.1. Осы Келісімдегі барлық қосымшалар мен толықтыруларға тараптардың өкілетті өкілдері қол қоюға тиісті. Бұл жағдайда, осы Келісім мен оның қосымшасының мәтінінің құрамы мен мағынасында айырмашылық болған жағдайда, соңғы күнмен белгіленген құжаттардың заңды күші болады.
Тармақ 12.2
12.2. Осы Келісімге енгізілген кез-келген өзгертулер мен толықтырулар егер олар жазбаша түрде бекітілген және тараптардың өкілетті лауазымды тұлғалары қайтадан қол қойған жағдайда ғана жарамды болып табылады;
Тармақ 12.3
12.3. Осы Келісімге қоса берілген құжаттар, оның қызмет ету мерзімінің барлық кезеңінде сақталады
Тармақ 12.4
12.4. Келісім бірдей заңды күші бар үш дана болып жасалады, оның екеуі меншік иесінде, ал біреуі - Басқарушыда сақталады.
Тарау 13. 13. Тараптардың заңды реквизиттері
13. Тараптардың заңды реквизиттері Меншік иесі Басқарушы Қостанай облыстық мемлекеттік ____________________________ мүлік және жекешелендіру департаменті ____________________________ 458000 Қостанай қ-сы, Толстой к., 74 үй ____________________________ тел./факс 54-22-44 ____________________________ Департамент директоры _____________ Директор ___________________ М.О. М.О.