Об областной комплексной программе профилактики правонарушений Күшін жойған
Басқа 0
Құқық бұзушылықтың алдын алу облыстық кешенді бағдарламасы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды қолдану мерзімнің өтіп кетуіне байланысты – Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 маусымдағы № 3558 «1997-1998 жылдары қылмыскерлерге қарсы күрес жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы және 2000 жылға дейінгі құқық қорғау іс-қимылыпың негізгі бағыттары туралы Жарлығын және аталған Жарлықты жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 6 тамыздағы № 263-ө өкімін жүзеге асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШIМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық құқық бұзушылықтың алдын алу кешенді бағдарламасы бекітілсін. \№ 1 қосымша\
Тармақ 2
2. Аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдері құқық бұзушылықтың алдын алудың қалалық және аудандардың кешенді бағдарламасын жасап, қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В. В. Супрунға жүктелсін.
Басқа 4. 1. Кадрлармен жұмысты жетілдіру және құқық қорғау органдарының құрылымдары
Облыс әкімінің 1997 жылғы
24 қарашадағы № 223
шешімімен бекітілді
Облыстық кешенді құқық бұзушылықтың алдын-алу БАҒДАРЛАМАСЫ
№№
Шаралар
Ақтарушылар
Орындалу мерзімі
Ескерту
1
2
3
4
5
1. Кадрлармен жұмысты жетілдіру және құқық қорғау органдарының құрылымдары
1.
Ақтөбе қаласында ішкі істер органдарының қызметкерлерін алғаш дайындау жөніндегі оқу орталығын құру
Облыстық
ішкі істер
басқармасы
қараша, 1997 ж.
2.
ІІБ, ҚІІБ басшы құрамдарын бірте-бірте орталықтандырудың бағдарламасын жасау, стратегиялық жоспарлау әдісімен қолданылатын шағын да икемді аппарат құру
Штаты қысқарғандарды құқық тәртібімен қорғаумен тікелей айналысатын бөлімшелер мен органдарға жіберу
желтоқсан, 1997 ж.
3.
ІІБ бөлімшелерінде кәмелетке толмағандар арасында оперативтік - профилактикалық және іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде арнаулы топтар мен бөлімшелер құру
желтоқсан, 1997 ж.
қаңтар, 1998 ж.
4.
ІІБ және ҚІІБ басқарушы және басшы құрамдарының іріктеп қысқартуы есебінен анықтау жөніндегі бағытты оперативтік-іздестіру жұмыстарын жүргізу, қарулы шабуыл және тонауға машықтанған қарақшылар топтарын тауып, жою үшін арнайы бөлімшелер құру
наурыз, 1998 ж.
1
2
3
4
5
5.
Облыста және тығыз орналасқан аудан орталықтарында бақылау участогі қағидасы жөніндеп құқық тәртібін қорғауды ұйымдастыру жүйесін құру
ОблІІБ
желтоқсан, 1997 ж.
6.
Ішкі резервтер есебінен ІІБ және ҚІІБ жанынан жасөспірім ортасына есірткі заттардың түсуі және сатылуы каналдарын анықтау және жою жөніндегі арнайы бөлімшелер құру
наурыз, І998 ж.
7.
2 . Құқық бұзушылықтың алдын алу
1.
Жалпы білім беретін және кәсіптік-техникалық мектептерде құқық кабинеттерін құру жөніндегі жұмысты жалғастыру, оларға мектеп оқушыларына құқықтық оқу-әдістемелік орталығы қызметінің рөлін беру
Бөлек кесте бойынша 1997-98
оқу жылы
2.
Барлық білім мекемелерінде қызметкерлер үшін құқықтық білім беру үнемі жұмыс үстіндегі мектептерде жұмысты жалғастыру
Үнемі
3.
Білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне оқушылардың алкоголизм мен есірткі заттарынын алдын-алудын әдістемесі бойынша бағдарламаға мамандығын жетіддіру курсын енгізу
ОблІІБ және Қ. Жұбанов атындағы университет
1998 ж. қантар айынан бастап
4.
Білім беру органдары мен мекемелерде мемлекеттік және құқықтық негіздер жөніндегі оқушылар арасында олимпиадалар, конкурстар өткізуді практикаға енгізу
Обл. білім
басқармасы
қараша, 1997 ж.
1
2
3
4
5
5.
Алкоголь ішімдіктері мен темекі шегу жөніндегі жарнамаларды шектеу
Ішкі саясат бөлімі, теледидар және облыстық газеттер редакциясы
Үнемі
6.
Айына кемінде екі рет жөшеде және тұрмыста құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ақпарат құралдарында кеңінен жариялау арқылы "БАХУС", "Үлкен ау", "Тұрмыс" сияқты полициялық кешенді шараларды өткізу
Обл.ІІБ
Үнемі
7.
Мектептер, колледждер, ЖОО-дарында, оқушы, жастар арасында түсіндіру жұмыстары жөнінде бірлескен шаралар өткізу, ақпарат құралдарында осы тақырыпты жалғастыру үшін мақалалар ұйымдастыру
Обл. Әділет, мәдениет, білім, ішкі істер басқармалары, облыстық
газеттер редакциялары, телекомпания
1997 ж.,
желтоқсан
айынан
бастап
8.
Жастардын жұмыс бастылығын қамтамасыз ету және оларды еңбекке тарту мақсатында жалпы білім беретін және кәсіптік-техникалық мектептерде шаруашылық есептегі өндірісті ұйымдастыру үшін жағдай жасап, селода шаруа және фермерлік қожалықтарды ұйымдастыруға ықпал ету.
Аудандардың және
Ақтөбе қаласының
әкімдері, облыстық
білім басқармасы
Үнемі
9.
Зейнеткерлікке шыққан құқық қорғаудың ардагерлерін бағынуы қиын жасөспірімдермен алдын алу жұмыстарына тарту
ІІБ, ҚІІБ
Үнемі
1
2
3
4
5
10.
. Мектепке бармай жүрген мектеп жасындағы балалардың нақты есебін қалыпқа келтіру, олардың мектепке бармай жүрген себебін ашу
Мектептерге балалардың толық баруын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар белгілеп, жүзеге асыру
Облыстық білім,
ішкі істер басқармасы
Ақтөбе қаласының
және аудандардың
әкімдері
қараша,
1997 ж.
3. Құқық бұзушылармен күрес
1.
Акцизделген тауарларды контрабандалық жолмен әкелу-шығару, шарап-арақ бұйымдарын өндіру жөніндегі астыртын цехтар, акцизды маркілерге, бағытталған оперативтің адпын алу шараларды бірлесіп жүргізуді, тәжірибеге айналдыру
Облыстық ішкі істер
басқармасы, ХҚК департаменті, облыстық
кеден басқармасы,
салық комитеті
үнемі
2.
Денсаулыққа зиянды заттарды енгізу, шығару жолдарын анықтау жөніндегі жедел – іздестіру шараларының тиімділігін арттыру мақсатында Батыс Қазақстан облыстары аумағында және Ресей Федерациясына шектес облыстарында наркобизнеспен күресу. Жөніндегі тиісті бөлімшелерден жедел ақпараттарды алмасып тұру жүйесін жасау
ОблІІБ
қараша, 1997 ж.
3.
Операцияларды анықтау, есірткі заттарын контрабандалық тауарларды заңсыз әкелу-шығару жөніндегі қылмыстық топтарды және жолдарын анықтау мен жою жөніндегі барлау шараларын жүргізу
ІІБ, ЖІІБ
Тоқсан сайын
4.
Құқық бұзушылармен және қоғамдық тәртіпт үлгілі ұстау үшін белсене күресуші активтердің, еңбек коллективі мүшелерін және басқа да азаматтарды материалдық және моральдық жағынан марапаттау ескерілсін
ІІБ, Ақтөбе қаласы және аудандар әкімдері
І998 жылдың
қаңтарынан
бастап