О работе областной дирекции телекоммуникации по улучшению качества обслуживания народного хозяйства и населения области средствами связи Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық телекоммуникация дирекциясының облыс халық шаруашылығы мен тұрғындарына байланыс құралдарымен қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі жұмысы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды шешімнің қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты - Ақтөбе облыстық мәслихатының 20.12.2004 № 1/5-2/282 хаты. Облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры В. В. Сидоровтың облыс халық шаруашылығы мен тұрғындарына байланыс құралдарымен қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі жұмысы туралы баяндамасын тыңдап және талқылап, Мәслихат дирекцияның, жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ортатығыз Бағдарламасымен айқындалған, облыс Әкімінің облыс телекоммуникация тораптарын жетілдіру және дамыту, реформаны терендету жөніндегі Жоспар қимылына, телекоммуникация дирекциясының экономикалық және қаржылай жағдайын нықтауға бағытталғанын атап өтті. 1996 жылы облыс байланысшылары облыс халық шаруашылығы мен тұрғындарына байланыс құралдарымен қызмет көресту сапасын жақсарту жөнінде бірқатар жұмыстар атқарды. Дирекция күшімен техникалық және моральдық жағынан тозған жабдықтарды алмастыру жүргізілді және 2,0 мың номерлік АТС-22 абоненттері «КВАНТ» типті квазиэлектрондық стансаға қосылды. Тағы 2000 номер осындай стансаға қосылу үшін дайындалды. Өткен жыл ішінде 1,9 км созылған телефон құбыры салынды. АТС-54-тегі АОН жабдықтарына монтаж жүргізілді. Октябрь, Ембі қалаларында, Қарабұтақ селосында АЗТС жабдықтарына монтаж жүргізілді және пайдалануға қосылды. Қарғалы селосында сыйымдылығы 256 номерлік «КВАНТ» АТС құрастырылды және пайдалануға қосылды. Шалқар қаласында сыйымдылығы 2000 номерлік АТС пайдалануға қосылуға жақын күйде. Телекоммуникация бәсекесіне жеке немесе жеке капитал мен бірлескен мемлекеттік емес меншік түрлеріндегі жаңа операторлар келді. Олар жаңа байланыс және қызмет түрлерін; ұялы, транкт және пейджингті сияқты байланыстар енгізуде. Үш жеке АТС бұл күні ҚТС тораптарымен «салауатты» бәсекеге түскен. Тұрғындарға көрсетілген байланыс қызметі кірісінің жалпы көлемә 1996 жылы - 21,3 %, үстіміздегі жылдың, жарты жылдығында 37,8 % құрады. Жалпы кіріс 1996 жылы 1995 жылмен салыстырғанда 1,9 есе өсті. Сонымен бірге облыстық телекоммүникация жұмысын талдау мынаны көрсетеді: - егер 1997 жылдың бірінші жарты жылдығында ХТС пен ҚТС қызметінің көлемін ұлғайту есебінен кіріс өсімі 1,5 есе болса,1996 жылы ішінде кіріс өсімі 1995 ж. салыстырғанда негізінен байланыс қызметіне бағаның 1,9 есе өсуі есебінен өскен; - телекоммуникацияның көптеген аудандық тораптары негізгі телефондарды көбейту жөніндегі көрсеткіштерді орындамады; - абоненттерді ажыратып тастауға көптеп жол беріледі де ол қала бойынша телефон орнату есебінен жабылады. 1997 жылдың басынан бері облыс бойынша ағытып тастау 2070 құраса, ал Ақтөбе қаласы бойынша оның өсімі 633 телефон құрады. Өкілетті және атқарушы органдарға әсіресе, соғыс ардагерлерінен, мүгедектерден байланыстың сапасы жәйлі, телефон орнатуды қанағаттандыру жөнінде көптегеп арыздар мен шаңымдар түскен. Бүгінгі күнге мүгедектер мен, соғысқа қатысушылардың телефон орнату жөніндегі 360 арыздары қанағаттандырылмай қалды. Тұрғындарға қызмет көрсету жөнінен қалалық телефон торабының қала аралық телефон стансасының жұмысында айтарлықтай кемшіліктер бар. Негізінен кемшіліктер байланыс жабдықтарының моральдық және физикалық тозуына, сондай-ақ клиенттерге үйлесімсіз және дөрекі қызмет көрсету оқиғаларымен байланысты. Тұргындар шағымдарының үлкен бөлігі телефон жұмысын қалпына келтіру мерзімінің ұзақтығынан туған. Жөндеу бюросы клиенттерге дөрекі қызмет көрсетумен қатар, қалпына келтіру жұмыстарының мерзімі жәйлі түпкілікті толық жауап бермейді. ХТС телефоншыларының қызмет көрсету уақытын созып жіберетіндігі де орын алған. Селолық телефон байланысы ерекше дабыл қағарлықтай. 1997 ж. 1 шілдеге есептегенде 41 селолық телефон стансаларының жұмысы тоқтатылған. Бұл селолық жерлердегі тұрғындардың ақы төлеу мүмкіндігінің жоқтығынан ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының телефоннан бас тартуына байланысты болып отыр. Сондықтан да көптеген елді мекендерде және орталық ауылдарды қосқанда аудан орталықтарымен байланыс жоқ. Телекоммуникация жүйесінде ақы төлемеу проблемасы өткір қойылуда. 1997 жылдың басында телекоммуникация қызметіне дебиторлық алажағы 193,9 млн.теңге құраса, несие бережақ 137,8 млн. теңге құрады. Жыл санап бюджеттік ұйымдардың дебиторлық берешектері өсіп келеді. Облыстық Мөслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық телекоммуникация дирекциясына (В. В. Сидоров) тұтынушыларға қызмет көрсету мен нақты көлемдегі қызметі ұлғайтуда, олардың, сапасы мен сервисін қазіргі талап деңгейіне жеткізуде, телекоммуникация қызметі жұмысының тиімділігін көтеруге байланысты орын алған қемшіліктерді жоюдың нақты ұйымдық шараларын қабылдау тапсырылсын. Ол үшін: - қолданылып жүрген байланыс құралдарын бүгінгі талапқа сай жабдықтау жұмыстарын тездету; - облыс абоненттеріне жаңа қызмет түрлерін ұсыну мен белгілеу жұмыстарын жандандыру; - телефон байланысын жаңа талапқа сай құру үшін инвестицияларды тарту мәселесін шешу; - телефон және телеграф қызметінің сапасын жақсарту, байлапыстың бұзылуын мезгілінде қалпына келтіру, мүгедектер мен соғысқа қатысушылардың, қайтыс болған жауынгерлердің отбасы мен соған теңестірілгендердің телефон қондыру жөніндегі өтініштерін қанағаттандыру шараларын алу; - Ақтөбе қаласында сандық құрал-жабдықпен жұмыс істеуді енгізу үшін телефон торабын дайындау жұмыстарын жалғастыру; - Шалқар қаласындағы АТС құрылысын аяқтау үшін шаралар алу және облыс орталығымен қала аралық арналарды көбейту; - радиотарату торабын эфирлік таратуға көшіру жөніндегі жұмысты жалғастыру жүзеге асырылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (Б. Жантеміров) телекоммуникация қызметі үшін жинақталған бережағы бойынша бюджеттегі ұйымдармен бюджетке бөлінген қаржыға сәйкес өзара есеп айырысуды қарастырсын.
Тармақ 3
3. Құрылыс ұйымдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары тұрғын үй салғанда байланыс желісі құрылыстары жөніндегі техникалық талаптарды сақтайтын болсын.
Тармақ 4
4. Облыстық ішкі істер басқармасына басқа ұйымдар мен жеке түлғалар байланыстық кабель жүйесін әдейі зақымдағанда, сондай-ақ байланыс желілерін ұрлаған жағдайда олардың ісін қарауда нақты шаралар қабылдау тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық өкілеггі және атқарушы органдар селолық телефон тораптарын сақтау мүмкіндігін іздестірсін және қарастырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық Мәслихаттың түрақты комиссиясы облыстық экономика басқармасымен бірлесе отырып ОАО «Қазтелекомға» Ақтөбе, Хромтау қалаларында және Мәртөк селосында байлапыс желілерін жаңалау мәселесін шешу жөнінде ұсыныс жасап, енгізсін.
Тармақ 7
7. Облысгық телекоммуникация дирекциясы осы шешімді орындау жөнінде алған шаралары туралы облыстық Мәслихатқа 1993 жылғы 1 маусымға хабарласын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орыпдалуын бақылау облыстық Мәслихаттың өнеркәсип, көлік және байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (В. В. Кан).