Об утверждении размера базового должностного оклада Қолданыста
Басқа 0
Базалық лауазымдық жалақының мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 1997 жылғы 1 сәуірдегі N 3436 Жарлығының 4-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап коэффициенттерді қолдана отырып
лауазымдық жалақыларды есептеу үшін базалық лауазымдық жалақының мөлшері
2001 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге 5060 теңге деңгейінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.