Об утверждении Правил превентивных посещений группами, формируемыми из участников национального превентивного механизма Қолданыста
Басқа 0
Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала бару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала бару қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала бару қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 266 қаулысымен бекітілген
Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала бару қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала бару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару кодексінің 46-бабына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 191-бабына, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-17-бабына, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-8-бабына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 150-бабына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мекемелер мен ұйымдардан құралатын топтардың алдын ала бару тәртібін айқындайды.
3.Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала баруы былай бөлінеді:
Тармақша 1
1) төрт жылда бір реттен сиретпей тұрақты негізде жүргізілетін кезеңдік алдын алу бару;
Тармақша 2
2) алдыңғы кезеңдік алдын алу бару нәтижелері бойынша ұсынымдардың іске асырылуын мониторингтеу, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар әңгімелескен адамдарды, алдын ала баратын мекемелер мен ұйымдардың әкімшіліктері тарапынан қудалауды алдын алу мақсатында кезеңдік алдын ала бару арасындағы кезеңде жүргізілетін аралық алдын ала бару;
Тармақша 3
3) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы түскен хабарламалардың негізінде жүргізілетін арнайы алдын ала бару.
Тармақ 4
4. Алдын ала бару Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (бұдан әрі – Уәкіл) бекітетін алдын ала бару жөніндегі әдістемелік ұсынымдар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Топтардың алдын ала бару тәртібі
2-тарау. Топтардың алдын ала бару тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Кезеңдік және аралық алдын ала бару
1-параграф. Кезеңдік және аралық алдын ала бару
Тармақ 5
5. Кезеңдік және аралық алдын ала баруды Уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылардан құратын топтар жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Кезеңдік және аралық алдын ала баруды топтар Үйлестіру кеңесі бекітетін жоспарға сәйкес жүргізеді.
Алдын ала бару жоспарлары баратын мекемелер мен ұйымдардың тізбесі, алдын ала бару мерзімі, саны туралы, сондай-ақ кезеңдік және аралық баруды жүргізуге уәкілетті топтардың құрамы туралы мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 7
7. Бару ерекшеліктеріне қарай кезеңдік және аралық алдын ала бару:
Тармақша 1
1) нақты бір мекемеге немесе ұйымға қатысты біржолғы;
Тармақша 2
2) белгілі бір тақырып бойынша екі немесе одан көп өңірлерде орналасқан екі немесе одан көп біртектес мекемелер мен ұйымдарға қатысты тақырыптық (бұдан әрі – тақырыптық алдын ала бару) болып бөлінеді.
Тармақ 8
8. Кезеңдік және аралық алдын ала бару жөніндегі топтардың құрамына Үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша ұлттық алдын алу тетігінің үштен аспайтын қатысушысы кіреді.
Тармақ 9
9. Тақырыптық алдын ала бару жөніндегі топтар құрамына:
Тармақша 1
1) алдын ала бару тақырыбы бойынша арнайы білімі мен тәжірибесі бар ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар;
Тармақша 2
2) тиісті өңірдегі ұйымға немесе мекемеге бару шеңберінде ұлттық алдын алу тетігіне осы өңірден қатысушы кіреді.
Осы тармақтың талаптарына сай келетін ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қажетті саны болмаған жағдайда Үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша ұлттық алдын алу тетігіне өзге қатысушыларды алдын ала бару тобының құрамына қосуға болады.
Тармақ 2. 2-параграф. Арнайы алдын ала бару
2-параграф. Арнайы алдын ала бару
Тармақ 10
10. Арнайы алдын ала баруды топтар азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылуы туралы түскен хабарлардың негізінде ескертпей жүргізеді.
Алдын ала баратын мекемелер мен ұйымдарға арнайы алдын ала баруды жүргізу үшін топтарды жіберу туралы шешімді Уәкіл қабылдайды.
Тармақ 11
11. Арнайы алдын ала бару жөніндегі топтың құрамына Уәкілдің шешімі бойынша ұлттық алдын алу тетігіне екеуден аспайтын қатысушы қосылады.
Тармақ 12
12. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылуы туралы қабылданатын хабарлар мен шағымдарды Уәкіл айқындайтын тәртіппен тіркейді.
Тармақ 13
13. Қабылданған және жіберілген хабарлар мен шағымдар туралы ақпарат алдын ала бару нәтижесі жөніндегі есепке енгізіледі.
Тармақ 3. 3-параграф. Алдын ала баруды ұйымдастыру
3-параграф. Алдын ала баруды ұйымдастыру
Тармақ 14
Тармақ 15
15. Қажет болған жағдайда Уәкілдің шешімімен ақысыз негізде алдын ала баратын мекеменің немесе ұйымның ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді алдын алу бару үшін қажетті кәсіби дағдылары бар сарапшылар тартылады.
Сарапшының сараптамалық қорытындысы алдын ала бару нәтижелері жөніндегі есепке қосылады.
Тармақ 16
16. Уәкіл беретін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысының куәлігі ұлттық алдын алу тетігіне қатысушының алдын ала баруға өкілеттігін растайтын құжат болып табылады.
Тармақ 17
17. Топтар алдын ала баруды жүргізген кезде ұлттық алдын алу тетігіне қатысушы:
Тармақша 1
1) алдын ала баратын мекемелер мен ұйымдарды кедергісіз таңдап, оларға баруға;
Тармақша 2
2) алдын ала баратын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен куәларсыз әңгімелесуге;
Тармақша 3
3) азаптаулардың және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын басқа да әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылуы туралы хабарлар мен шағымдарды қабылдауға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге да құқықтарды иеленуге құқылы.
Тармақ 18
18. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушы алдын ала барған кезде алдын ала баратын мекемелерде және ұйымдарда ұсталатын адамдарға және (немесе) олардың заңды өкілдеріне олардың құқықтарын түсіндіреді.
Тармақ 19
19. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушы заңды қызметін жүзеге асырған кезде тәуелсіз болып табылады. Мүдделер қақтығысы, сондай-ақ алдын ала бару жөніндегі топқа кіретін ұлттық алдын алу тетігіне қатысушының бейтараптығы күмән тудыратын мән-жайлар болған кезде ол алдын ала баруға қатысудан бас тартуға тиіс.
Тармақ 20
20. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдарға, сондай-ақ көрсетілген мекемелер мен ұйымдардың персоналына құрметпен қарауға тиіс.
Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар алдын ала бару барысында адамдардың жеке өмірі туралы өздеріне мәлім болған мәліметтерді осы адамдардың келісімінсіз жария етуге құқылы емес.
Тармақ 21
21. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың алдын ала баратын мекемелер мен ұйымдардың қызметіне араласуына жол берілмейді.
Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар заңсыз әрекет жасаған жағдайда алдын ала баратын мекемелер мен ұйымдар әкімшілігінің басшысы Уәкілді жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 22
22. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қауіпсіздігін, оның ішінде аумақта бірге жүруді қамтамасыз ету алдын ала баратын мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігіне жүктеледі. Мекеме мен ұйымның әкімшілігі қауіпсіздікке төнетін нақты қауіп-қатер және әңгімелесудің құпиялылығын шектеу қажеттігі туралы ұлттық алдын алу тетігіне қатысушыны хабардар етеді.
Тармақ 23
23. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушының алдын ала баратын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдармен әңгімелесудің құпиялылығын шектеуден бас тартуы жазбаша ресімделеді.
Тармақ 24
24. Алдын ала баратын мекемелер мен ұйымдарға ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар топтарының алдын ала бару мерзімі жолда жүру уақытын есептемегенде екі жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тақырыптық алдын ала бару кезінде алдын ала бару мерзімі жолда болған уақытты есептемегенде бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тармақ 25
25. Алдын ала бару мерзімін ерекше жағдайларда Уәкілдің келісімімен бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуға жол беріледі.
Тармақ 26
26. Алдын ала барған кезде алдын ала баратын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдарды азаптау және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын өзге де әрекет түрлерінің белгілері анықталған жағдайда ұлттық алдын алу тетігінің тобына қатысушылар бұл туралы прокуратура органдарына және Уәкілге дереу хабарлайды.
Тарау 3. 3-тарау. Топтардың алдын ала бару нәтижелері жөніндегі есебі
3-тарау. Топтардың алдын ала бару нәтижелері жөніндегі есебі
Тармақ 27
27. Әрбір алдын ала бару нәтижелері бойынша топ атынан Үйлестіру кеңесі бекіткен нысан бойынша бару туралы жазбаша есеп жасалады және Үйлестіру кеңесіне беріледі, оған алдын ала баруды жүзеге асырған топтың барлық мүшелері қол қояды.
Ерекше пікірі бар топ мүшесі оны жазбаша ресімдейді және есепке қоса береді.
Тармақ 28
28. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардан құралатын топтың алдын ала баратын мекемелер мен ұйымдарға алдын ала бару туралы есептері Үйлестіру кеңесіне:
Тармақша 1
1) кезеңдік алдын ала бару үшін он күндік мерзімде;
Тармақша 2
2) аралық алдын ала бару үшін бес күндік мерзімде;
Тармақша 3
3) арнайы алдын ала бару үшін екі күндік мерзімде ұсынылады.
Тармақ 29
29. Топтардың алдын ала баратын мекемелер мен ұйымдар алдын ала бару туралы есептері құпия болып табылады.