О внесении изменений в административно-территориальное устройство области Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың әкімшілік аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы 📌 Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтін бойынша қазақ тілінде "селолық", "селосы", "селолары" сөздері "ауылдық", "ауылы", "ауылдары" сөздерімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдар жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" N 3377 Жарлығына сәйкес және облыстық мәслихат пен облыс Әкiмiнiң жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдарының пiкiрлерiн есептей, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3-тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 1
1. Облыстың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына өзгерiс енгiзе отырып, қалалар мен селолар округтерiнiң саны 135-тен 112-ге дейiн қысқартылсын; - қызметiн Хромтау аудандық әкiм аппаратына бере отырып, Хромтау қаласындағы әкiм аппараты таратылсын; - аудандардағы келесi ауылдық округтер қысқартылсын: Алғадан - Сарықобда аумағы Ильинка ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Ильинка ауылы); - Қарағаш аумағы Бестамақ ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Бестамақ ауылы); Байғаниннен - Миялы аумағы Жаңа жол ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Оймауыт ауылы); Бөгеткөлден - Толыбай аумағы Ақтасты ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Ақтасты ауылы); - Сары ат аумағы Басқұдық ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Тымабұлақ ауылы); Лениннен - Сарыбұлақ аумағы Ленин ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Ленин ауылы); - Краснополян аумағы Ащылысай ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Григорьевка ауылы); Мәртөктен - Құм шоқат, аумағы Первомай ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Вознесеновка ауылы); - Линовицкий аумағы Қарашай ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Қаратоғай ауылы); - Покровский, аумағы Байтөресай ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Байтөресай ауылы); - Студент аумағы Қызылжар ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Адреевка ауылы); Мұғалжардан - Еңбекшi аумағы Егiндiбұлақ ауылдық округтiң құрамына қосылсын (Родники ауылы); Темiрден - Кеңес ту, аумағы мен қызметi аудан әкiмi аппаратына берiлсiн. - Ақсай, аумағы Бородиновка ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Бородиновка ауылы); Хромтаудан - Киров аумағы Абай ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Сухиновка ауылы); - Мағаджан аумағы Новоресей ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Новоресей ауылы); - Сарысай аумағы Тас сай фермасынан басқа, Қызыл су ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Қызыл су ауылы). - Тас сай фермасы Абай ауылдық округтiң құрамына қосылсын. Қобдадан - Бекалы аумағы Калининовка ауылдық құрамына қосылсын (орталығы Калининовка ауылы); - Терiс аққан аумағы Жаңа талап ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Жаңа талап ауылы); - Талдысай аумағы Бұлақ ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Әлiпбасай ауылы); Шалқардан - Аманкелдi аумағы Ақтоғай ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Бершүгiр стансасы); - Бершүгiр аумағы Соленая ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Қауылжар ауылы); 📌 Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 2
2. Аудандардың ономастикалық комиссияларының қорытындысымен, өкiлеттi және атқарушы органдардың ұсынысымен келiсе отырып аты өзгертiлсiн: Шалқар ауданындағы Соленая ауылдық округi Қауылжыр ауылдық округi болсын; Ленин атындағы - Ленин ауылдық округi Қосестек ауылдық округi болып; - Ленин ауылы Қосестек ауылы болып.
Тармақ 3
3. Шалқар ауданының өкiлеттi және атқарушы органдарының ұсынысы бойынша ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына өзгерiс енгiзiлсiн. Жекелеп айтқанда: - Ақтоғай ауылдық округiнiң "Сары шоқы" ауылы Соленый ауылдық округтiң қарамағына берiлсiн; - Айшуақ ауылдық округiнiң Южное және Есет Көтiбарұлы атындағы ауылдық округiнiң "Қаңбақты" ауылдары Бозой ауылдық округiнiң қарамағына берiлсiн; - Есет Көтiбарұлы атындағы ауылдық округтiң Есет ата ауылы ауылы Айшуақ ауылдық округтiң қарамағына берiлсiн; - Жаңа қоныс ауылдық округтiң Қызыл жұлдыз ауылы Шалқар қаласы қарамағына берiлсiн; 📌 Ескерту. 3 тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (Б. Е. Жантемiров) облыстық әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының өзгеруiн ескере отырып, жергiлiктi атқарушы органдарды қаржыландыру мәселесiн шешсiн.
Тармақ 5
5. Аудандар әкiмi осы шешiмге сәйкестендiре отырып, атқарушы органдардың құрылымын жүргiзу жөнiндегi қажеттi жұмыстарды атқарып, штатты, қайта құрылған селолық округтердiң еңбек ақысын төлеу жағдайын бекiтсiн.
Тармақ 6
6. Статистика және талдау басқармасы (А. Д. Мұқаев) мәлiметтен осы шешiмде көрсетiлген таратылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi шығарып тастасын.
Тармақ 7
7. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық комитет (М. Н. Жекеев) аудандардың мәлiметi бойынша жер-кадастр құжаттарын тәртiпке келтiрсiн.