О гербовом сборе в отношении переводных и простых векселей в Республике Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасындағы аударымдық және жай вексельдерге қатысты елтаңбалық алым туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР 12.06.2001 № 210 (01.01.2002 бастап) Заңымен.
Осы Заң Аударымдық және жай вексельдерге қатысты елтаңбалық алым туралы 1930 жылғы 7 маусымдағы Женева Конвенциясына сәйкес қабылданды, ол аударымдық және жай вексельдерге қатысты елтаңбалық алымның мөлшерiн және оны төлеу тәртiбiн реттейдi.
Бап 1. 1-бап. Елтаңбалық алым
1-бап. Елтаңбалық алым
Тармақ 1
1. Елтаңбалық алым - аударымдық және жай вексельдердi (бұдан әрi - вексельдердi) толтырған кезде, вексель қағазын сату кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн вексельдер бойынша құқықтар мен мiндеттердiң пайда болуына, өзгеруiне немесе тоқтатылуына бағытталған алғашқы iс-қимылды (индоссация жасау, авальдау, акцепт, инкассоға беру және басқаларын) осы аумақта жасаған кезде заңды және жеке тұлғалардан бiржолғы алынатын төлем.
Тармақ 2
2. Елтаңбалық алым осы Заңда белгiленген тәртiппен төленедi.
Бап 2. 2-бап. Вексель қағазы
2-бап. Вексель қағазы
Тармақ 1
1. Вексель қағазы - белгiлi бiр дәрежедегi қорғанышы бар және вексельдi толтыруға арналған елтаңбалық қағаздың бiр түрi. Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе осы аумаққа әкелiнетiн вексель қағазының қорғаныш дәрежесiне қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi. (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз. V011494_ ).
Тармақ 2
2. Вексель қағазын шығаруға байланысты қызмет елтаңбалық қағаз шығаруға байланысты қызметтi лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға тиiс.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының аумағында вексельдердi жай қағазға толтыруға да болады.
Бап 3. 3-бап. Елтаңбалық алымның мөлшерi
3-бап. Елтаңбалық алымның мөлшерi
Тармақ 1
1. Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, елтаңбалық алым вексель сомасының 0,1%-i мөлшерiнде төленедi. Төленуге тиiс елтаңбалық алымның сомасын есептеген кезде толық емес он мың теңге деп жазылған вексельдiң сомасы толық он мың теңгеге жеткiзiлiп
дөңгелектенедi.
Тармақ 2
2. Шетел валютасымен толтырылған вексельдiң сомасы елтаңбалық алым
салу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң елтаңбалық алым
төленетiн күнгi ресми бағамы бойынша белгiленедi.
Бап 4. 4-бап. Елтаңбалық алымды төлеуден түскен түсiмдер
4-бап. Елтаңбалық алымды төлеуден түскен түсiмдер
Елтаңбалық алымды төлеуден түскен түсiмдер республикалық бюджетке
есепке алынады.
Бап 5. 5-бап. Елтаңбалық алымды төлеу тәртiбi
5-бап. Елтаңбалық алымды төлеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Вексель берушi елтаңбалық алымды мына жағдайларда төлейдi:
Тармақша 1
1) вексель қағазына вексельдi толтырған кезде, егер оның сомасы он мың теңгеден аспайтын болса, елтаңбалық алым толық төлендi деп есептеледi;
Тармақша 2
2) вексель қағазына вексельдi толтырған кезде, егер оның сомасы он мың теңгеден асатын болса, елтаңбалық алым он мың теңгеден төлендi деп есептеледi; төленген елтаңбалық алым мен вексель сомасынан алынатын елтаңбалық алымның толық сомасы арасындағы айырмашылық оны банктер арқылы енгiзу және осы вексельге түбiртектi қоса тiркеп беру жолымен төленедi;
Тармақша 3
3) вексельдi жай қағазға толтырған кезде елтаңбалық алымның сомасы банктер арқылы енгiзiледi және вексельге елтаңбалық алымның төленгенi туралы түбiртектi қоса тiркеп беру жолымен расталады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде толтырылған вексельдердi оның аумағына әкелген кезде елтаңбалық алымды вексель бойынша құқықтар мен мiндеттемелердiң пайда болуына, өзгеруiне немесе тоқтатылуына бағытталған алғашқы iс-қимылды Қазақстан Республикасының аумағында жасаған тұлға төлейдi және ол вексельге елтаңбалық алымның төленгенi туралы түбiртектi қоса тiркеп беру жолымен расталады.
Тармақ 3
3. Вексель қағазын сатқан кезде елтаңбалық алымды вексель қағазын дайындаушылар немесе оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелген тұлғалар өндiрiп алады және ол республикалық бюджеттiң кiрiсiне вексель қағазын өткiзгеннен түскен табысты есептеген кезден бастап үш күннен кешiктiрiлмей аударылады. Вексель қағазын дайындаған немесе оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелген тұлғадан вексель қағазын сатып алған тұлға елтаңбалық алымның сомасына қоса оған вексель қағазының құнын да төлеуге тиiс.
Бап 6. 6-бап. Елтаңбалық алымды төлегенге дейiн вексельден
туындайтын құқықтарды тоқтата тұру
6-бап. Елтаңбалық алымды төлегенге дейiн вексельден
туындайтын құқықтарды тоқтата тұру
Елтаңбалық алымды төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында вексельден туындайтын құқықтар елтаңбалық алымның толық сомасы төленгенге дейiн тоқтатыла тұрады және ол елтаңбалық алымның толық сомасы төленген кезден бастап қайта жалғасады.
Бап 7. 7-бап. Елтаңбалық алымды үшiншi тұлғаның толықтырып төлеуi
7-бап. Елтаңбалық алымды үшiншi тұлғаның толықтырып төлеуi
Тармақ 1
1. Елтаңбалық алым толық төленбеген жағдайда оны вексель берушi де, вексель ұстаушы да немесе басқа тұлға да толықтырып төлеп, вексельге оның толықтырылып төленгенi туралы түбiртектi қоса тiркейдi.
Тармақ 2
2. Вексель ұстаушының, сондай-ақ елтаңбалық алымның сомасын толықтырып төлеген өзге де тұлғаның вексель берушiден Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оны өтеудi талап етуге құқығы бар.
Бап 8. 8-бап. Елтаңбалық алымды төлеу кезiндегi жеңiлдiктер
8-бап. Елтаңбалық алымды төлеу кезiндегi жеңiлдiктер
Тармақ 1
1. Вексельдi толтырған кезде елтаңбалық алым төлеуден мыналар босатылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен оның бөлiмшелерi;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Yкiметi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң белгiлi бiр мемлекеттiк бағдарламасына байланысты сатып алынатын тауарлар үшiн вексельдердi толтырған кезде;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негiздер бойынша вексельдердi толтырған кезде, егер Қазақстан Республикасының Үкiметi осы вексельдер бойынша авальшы болса.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен оның бөлiмшелерi
Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде толтырылып, оның аумағына
әкелiнген вексельдер бойынша құқықтар мен мiндеттемелердiң пайда болуына,
өзгеруiне немесе тоқтатылуына бағытталған алғашқы iс-қимылды жасаған кезде
осы вексельдер бойынша елтаңбалық алым төлеуден босатылады.
Бап 9. 9-бап. Елтаңбалық алымның толық және уақтылы төленуiн бақылау
9-бап. Елтаңбалық алымның толық және уақтылы төленуiн бақылау
Аударымдық және жай вексельдерге қатысты елтаңбалық алымның толық
және уақтылы төленуiн бақылауды салық қызметi органдары жүзеге асырады.
Бап 10. 10-бап. Қорытынды ережелер
10-бап. Қорытынды ережелер
Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының
аумағында толтырылған, сондай-ақ оның шегiнен тыс жерлерде толтырылып,
Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген вексельдер елтаңбалық алым
төлеуден босатылады.