О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

1-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметі туралы заңнамасы

О страховой деятельности · № 126

Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Заңмен тікелей реттелген қатынастарды қоспағанда, сақтандырудан туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінің қолданылатын аясына жататын қатынастар осы актілермен реттеледі.
2-1. Осы Заңның 9-бабының 8-тармағын қоспағанда, осы Заң Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қызметіне байланысты қатынастарды, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, міндетті әлеуметтік сақтандыруға байланысты қатынастарды реттемейді.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.01.2024 № 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-1/