О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

15-бап. Шекарааралық сақтандыру (қайта сақтандыру)

О страховой деятельности · № 126

1. Сақтандыру ұйымының басқа мемлекеттiң аумағында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты сақтандыру трансшекаралық сақтандыру болып табылады.
2. Алып тасталды - ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн, осы Заңның 5-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тәуекелдерді сақтандыру шарттарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметке жол берiлмейдi.
4. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының атынан Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн, осы Заңның 5-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тәуекелдерді сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметтi тиiстi сақтандыру сыныбы көрсетiлген уәкiлеттi органның лицензиясы бар Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру ұйымдары да және аталған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымымен жасалған тиiстi шарты болған жағдайда Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру брокерлерi де жүзеге асыра алады.
5. Алынып тасталды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.07.10 № 483; 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-15/