Қолданыста
·
03.07.2026 редакциясы
26-бап. Сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы
О страховой деятельности · № 126
1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай өз бетінше немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп, мыналарға:
жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылауды жүзеге асыруға;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей және (немесе) жанама ықпал етуге (дауыс беруге) құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талап:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне;
ұлттық басқарушы холдингке;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды зейнетақы активтерінің есебінен иеленетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, инвестициялық портфельді басқарушыға;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаға, сондай-ақ көрсетілген туынды бағалы қағаздар эмитентіне;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігінсіз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары бойынша дивидендтер және (немесе) өзге де кіріс алуға ғана құқығы бар тұлғаға;
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабының 19-тармағында аталған өзге де тұлғаларға қолданылмайды.
Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылауды жүзеге асыратын немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей және (немесе) жанама ықпал ететін (дауыс беретін) тұлғаларға қойылатын талаптар, сондай-ақ мұндай тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу тәртібі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабында белгіленеді.
2. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар мынадай шарттардың кез келгені болған:
1) аталған тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шартқа (растайтын құжаттарға) орай бірлесіп ықпал еткен;
2) аталған тұлғалар жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болған;
3) брокерлік қызметтерді, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтерді және (немесе) бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге байланысты жағдайларды қоспағанда, аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаға өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алуға уәкілеттік берген (міндеттеген);
4) аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алу үшін өтеусіз ақша және (немесе) өзге де мүлік берген;
5) аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаның лауазымды тұлғасы болған;
6) өкіл өкілдік берген тұлғаның нұсқауларына қатаң сәйкестікте әрекет ететін және өкілдік берген тұлғаның атынан өз қалауы бойынша әрекеттер жасауға құқылы емес жағдайларды қоспағанда, аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаның өкілі болған;
7) аталған тұлғалардың бірі жақын туысы немесе жұбайы (зайыбы) болған;
8) аталған тұлғалар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өзгеше түрде бірлесіп ықпал еткен кезде бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кіретін жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.
3. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар мынадай шарттардың кез келгені болған:
1) аталған тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шартқа (растайтын құжаттарға) орай бірлесіп ықпал еткен;
2) аталған тұлғалар жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болған;
3) брокерлік қызметтерді, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтерді және (немесе) бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге байланысты жағдайларды қоспағанда, аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаға өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алуға уәкілеттік берген (міндеттеген);
4) аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы сатып алу үшін өтеусіз ақша және (немесе) өзге де мүлік берген;
5) өкіл өкілдік берген тұлғаның нұсқауларына қатаң сәйкестікте әрекет ететін және өкілдік берген тұлғаның атынан өз қалауы бойынша әрекеттер жасауға құқылы емес жағдайларды қоспағанда, аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаның өкілі болған;
6) аталған тұлғалар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өзгеше түрде бірлесіп ықпал еткен кезде бірлесіп сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.
4. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін, тек қана:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру;
2) директорлар кеңесі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда, оны шақыру туралы талап қоюмен сотқа жүгіну;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізу;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
5) аудиторлық ұйымның өз есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына аудит жүргізу мәселелері бойынша бірлескен шешімдер қабылдауын көздейтін өздерінің арасында жасалған шарт негізінде әрекет ететін тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі деп танылмайды.
5. Тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысының белгілеріне сай бола бастаған жағдайда, мұндай тұлға «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабына сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін өзі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қабылданатын шешімдерге ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекет жасауға және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы дауыс беруге құқылы емес.
Уәкілетті орган алты айдан аспайтын мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің ірі қатысушысының белгілеріне сай келетін тұлғаға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын, осы Заңның 53-4-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға, оның ішінде аталған тұлғадан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды өткізуді талап етуге құқылы.
6. Уәкілетті орган тұлғаның уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысының белгілеріне сай келетіні туралы мәліметтерді растайтын немесе теріске шығаратын ақпаратты талап етуге құқылы.
Уәкілетті орган көрсетілген ақпаратқа ие кез келген тұлғадан, сондай-ақ осындай тұлғаның бақылауындағы кез келген ұйымнан оны талап ете алады.
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы иеленетін тұлғалар құрамының өзгеруі туралы уәкілетті органды осы фактіні өзі анықтаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде хабардар етуге міндетті.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары болып табылатын резидент жеке тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға міндетті.
9. Банктің сақтандыру холдингі, акциялары банк Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру жүргізген кезде сатып алынған немесе «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68, 97 және 98-баптарында көзделген операцияны жүзеге асыру кезінде берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуіне уәкілетті органның келісімі операция бағалы қағаздарды ұстаушылардың (номиналды ұстау) тізілімдері жүйесінде тіркелгеннен кейін берілген болып есептеледі.
Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 14-тармағы 6) тармақшасының үшінші, төртінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде өзгеріс енгізілмейді - ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-26/