О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

28-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тарту негiздерi

О страховой деятельности · № 126

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартуға:
1) ұсынылған құжаттардың осы Заңның 27-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі не ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;
2) құрылтайшының акцияларға төлем жасау үшiн өз қаражатының жеткiлiксiз болуы;
3) уәкiлеттi мемлекеттiк органға құрылатын ұйым мен оның құрылтайшыларына қатысты жалған ақпарат берiлу;
4) құрылтайшының аяқталған соңғы екі қаржы жылындағы залал шеккен қызметі;
5) алынып тасталды - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
6) уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін алуға келісім беруден Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартуы;
6-1) Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабында белгіленген шектеулерді сақтамауы;
7) құрылтайшы жеке тұлғалардың, атқарушы органның не құрылтайшы заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысының алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болуы негіз болып табылады.
2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Заңның 27-бабының 6-тармағында көзделген мерзiмде өтiнiш берушiге бас тарту негiзiн көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартқаны туралы жазбаша түрде хабарлайды. Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-28/