Қолданыста
·
03.07.2026 редакциясы
31-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар
О страховой деятельности · № 126
Құрылтай құжаттарына енгiзiлетін, Корпорацияда қайта тiркелудi талап ететiн өзгерiстер және (немесе) толықтырулар мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта тiркелу күнінен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.
Құрылтай құжаттарына қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хабарламаны қабылдау туралы Корпорацияның белгісі қойылған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға хабарламаның қабылданғанын растайтын құжатты, құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмесін ұсынуға міндетті.
Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-31/