О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

32-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдары және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдардың капиталдарына қомақты қатысуы

О страховой деятельности · № 126

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 48-бабында өзіне берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге құқылы.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) иеленуге, сондай-ақ ұйымдардың капиталдарына қомақты қатысуға құқылы емес.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы әрбір аяқталған соңғы екі қаржы жылының қорытындылары бойынша шоғырландырылған және шоғырландырылмаған негіздерде шығынсыз қызмет жасау және пруденциялық нормативтерді, оның ішінде уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде шоғырландырылған негізде уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді сақтау шартымен еншілес ұйымды құруға құқылы.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталына қомақты қатысатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымы уәкілетті органға жүктелген шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті сұрау салу негізінде уәкілетті органға қажетті ақпаратты ашуға міндетті. Бұл ретте алынған мәліметтер жария етуге жатпайды.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болмаған кезде бақылау не ұйымдардың капиталына қомақты қатысу белгілерін иеленген жағдайда:
1) уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолдануға құқылы;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бақылау не ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілері туындаған кезден бастап алты ай ішінде өзіне тиесілі акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымның капиталына үлестік қатысудың басқа да нысандарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғаға иелігінен шығаруға және көрсетілген иеліктен шығаруды растайтын құжаттарды уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, сондай-ақ ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру тәртібі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-6-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.26 N 61-V (2012.02.04 бастап қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-32/