Қолданыста
·
03.07.2026 редакциясы
36-7-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысына қойылатын қосымша талаптар
О страховой деятельности · № 126
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережеде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәліметтерден бөлек, мыналар:
1) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің мақсаттары;
2) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органының – исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ оны құру тәртібі және исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің мүшелеріне қойылатын талаптар;
3) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес мақұлдаған, исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы алудың шарттары және тәртібі қамтылуға тиіс.
Ескерту. Заң 36-7-баппен толықтырылды - ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-36-7/