Қолданыста
·
03.07.2026 редакциясы
4-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi
О страховой деятельности · № 126
1. Сақтандыру – сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын, сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында айқындалған сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиға басталған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар кешенiн білдіреді.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамдарының сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметі сақтандыру қызметi болып табылады.
3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi исламдық сақтандыру қызметі болып табылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05 N 164, 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-4/