О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

41-бап. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негізгі мiндеттерi мен қағидаттары

О страховой деятельности · № 126

Ескерту. 41-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесiн жасау мен қолдау және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру;
2) сақтандыру нарығын реттеу, сақтандыру қызметiн бақылау мен қадағалау;
3) сақтандырудың негiздерiн заңдармен баянды ету, мiндетті сақтандыру түрлерiн, халықаралық сақтандыру жүйесiне Қазақстан Республикасының қатысу принциптерiн белгiлеу;
4) сақтанушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады.
1-1. Сақтандыру нарығына кәсіби және өзге де қатысушылардың қызметін мемлекеттік реттеу қағидаттары: 1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану; 2) сақтандыру нарығына кәсіби және өзге де қатысушылар қызметінің және қаржылық қадағалаудың ашықтығы; 3) сақтандыру нарығына кәсіби және өзге де қатысушылардың жауапкершілігі болып табылады.
2. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, сақтандыру рыногындағы iстiң жайына мемлекеттiк бақылау жасауды қамтамасыз етудi қоса, уәкiлеттi мемлекеттiк орган және мемлекеттiң өзге де органдары өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады. Өзге де мемлекеттiк органдардың осы Заңмен реттелмеген өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін тиісті жекелеген заңнамалық актілерінде көзделуi мүмкін. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң сақтандыру қызметiне араласуына тыйым салынады. Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-41/