Қолданыста
·
03.07.2026 редакциясы
44-1-бап. Уәкілетті органның халықаралық шарттар және құпия ақпарат алмасуды көздейтін өзге де шарттар шеңберінде ақпаратты ашуы
О страховой деятельности · № 126
Уәкілетті орган
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдарға сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді көрсетілген бапта көзделген шарттармен береді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.
Ескерту. Заң 44-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015№ 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-44-1/