О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

47-бап. Сақтандыру резервтерi

О страховой деятельности · № 126

1. Пруденциялық нормативтерді және уәкілетті орган белгілеген өзге де сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді сақтау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий есептеген көлемде қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің болуы міндетті.
2. Алып тасталды – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Сақтандыру резервтерiн қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленедi.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қалыптастырған сақтандыру резервтерінің жеткіліктілігін бағалауды уәкілетті орган, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып жүзеге асырады. Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-47/