О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

49-бап. Сақтандыру бойынша iрi мәмiлелер жасау

О страховой деятельности · № 126

1. Егер жасалған жекелеген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы (қабылданатын міндеттемелер көлемі) не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жекелеген қайта сақтандыру шарты бойынша қабылданатын міндеттемелерінің көлемі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген нормативтен асатын болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша мәмiле iрi мәмiле деп танылады.
2. Iрi мәмiле жасау туралы шешiм сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийдiң қорытындысы негiзiнде «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданады. Ескерту. 49-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-49/