О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

5-1-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының және «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыруы

О страховой деятельности · № 126

Ескерту. 5-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы ғана жүзеге асыра алады.
2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарымен және «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен мынадай жағдайларда:
1) жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде уақытша болатын Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына осы тұлғалардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде уақытша болу кезеңіне ғана;
2) Қазақстан Республикасының резиденттеріне теңіз көлігі (каботаж қызметтерін ұсынатын кемелерді қоспағанда), коммерциялық авиация көрсететін қызметтерге, ғарыштық ұшуларды (спутниктерді қоса алғанда) іске қосуды және оның фрахтасы көрсететін қызметтерге және олармен байланысты көрсетілетін қызметтерге (тауарларды тасымалдау, тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарының өздерін сақтандыру және осыдан туындайтын кез келген жауапкершілік) байланысты тәуекелдер, апаттық тәуекелдер, климаттық тәуекелдер, кибер тәуекелдер, терроризм тәуекелдері, азаматтық тәртіпсіздіктер және ереуілдер бөлігінде;
3) Қазақстан Республикасының резиденттеріне исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес тәуекелдерді сақтандыру бөлігінде;
4) Қазақстан Республикасының резиденттеріне осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 15), 17) және 18) тармақшаларында көзделген, ерікті нысанда сақтандыру сыныптары шеңберінде өтелетін тәуекелдер бөлігінде сақтандыру шарттарын жасасуға және оларды орындауға жол беріледі. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес тәуекелдерді сақтандыруына сақтандыру объектісі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде болған кезде ғана жол беріледі. Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасының бейрезидент мемлекеттік сақтандыру ұйымдарымен Қазақстан Республикасының резиденттеріне шетелдік ұйымдардың немесе банктердің кредит беруіне байланысты кредиттерді, инвестицияларды, мәмілелерді сақтандыру бөлігінде сақтандыру шарттарын жасасуына (орындауына) жол беріледі.
3. Қазақстан Республикасы банктерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент-жеке және заңды тұлғаларынан Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің және «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушылардың пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруына тыйым салынады. 4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарымен шарттар жасасқан жағдайларға қолданылмайды. Ескерту. 5-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 18-тармағы 4) тармақшасын қоспағанда, 01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (16.12.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-5-1/