Қолданыста
·
03.07.2026 редакциясы
53-2-бап. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары
О страховой деятельности · № 126
1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру тобының және (немесе) сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаның, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийдің қызметінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығына елеулі әсер етпейтін, олардың қаржылық жағдайына және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушыларының (сақтандырылушыларының, пайда алушыларының) мүдделеріне қатер төндірмейтін жағдайларда қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қолданады.
2. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары мыналарды қамтиды:
1) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар туралы, осы ақпаратты (қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымның, сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаның, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның жекелеген органдарының назарына жеткізе отырып хабардар ету;
2) уәкілетті органның анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдарын беру;
3) уәкілетті орган кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды қайта анықтаған, сондай-ақ қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары орындалмаған жағдайда, қадағалап ден қоюдың өзге шараларын қолдану ықтималдығы туралы ескерту.
3. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы уәкілетті органның хатымен ресімделеді.
Ескерту. 53-2-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-53-2/