Қолданыста
·
03.07.2026 редакциясы
55-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшілік
О страховой деятельности · № 126
1. Уақытша әкімшілікті уәкілетті орган өзінің жұмыскерлері не «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-4-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін өзге де адамдар қатарынан тағайындайды.
2. Уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелерінің (уәкілетті органның қызметкерлерін қоспағанда) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбегіне ақы төлеу жағдайлары уәкілетті орган мен уақытша әкімшіліктің арасында жасалған жеке шартпен белгіленеді.
3. Уақытша әкімшілік өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады.
4. Уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің мүшелерін кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы келтірген залал үшін уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Қалыпты өндірістік тәуекел санатына жатқызылуы мүмкін залал үшін жауапкершілікті уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелеріне жүктеуге жол беруге болмайды.
6. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалына осы Заңның 72-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, қолданылады.
Ескерту. Заң 55-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-55-2/