Қолданыста
·
03.07.2026 редакциясы
68-бап. Өз еркiмен таратылуға рұқсат беруден бас тарту
О страховой деятельности · № 126
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуына рұқсат беруден уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздер бойынша:
1) көзделiп отырған өз еркiмен таратылу нәтижесiнде сақтанушылар мен өзге де кредиторлардың заңды мүдделерi бұзылған;
2) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулері ол белгілеген мерзімде жойылмаған;
3) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болмаған;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін оның қаражаты жетпеген;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелері болған жағдайларда бас тартады.
2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушiге оның өз еркiмен таратылуына рұқсат беруден бас тартқаны туралы бас тартудың негiздемесiн көрсете отырып жазбаша хабарлайды.
Ескерту. 68-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-68/