О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

71-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот деп тану

О страховой деятельности · № 126

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетсiздiгi уәкiлеттi органның пруденциалдық нормативтердi және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi есептеу әдiстемелерiн, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталының мөлшерiн, оның ішінде орындау мерзімі басталған кезден бастап үш және одан да көп ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы орындамаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы ақшалай міндеттемелер мен ақшалай сипаттағы өзге де талаптардың бар-жоғын ескере отырып жасаған, сотқа берген қорытындысы ескеріле отырып анықталады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ақшалай міндеттемелерді және ақшалай сипаттағы өзге де талаптарды оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап үш айдың ішінде орындауға қабілетсіз болған кезде төлемге қабілетсіз болып табылады.
2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi қорытындысы болған жағдайда сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жөнiнде оңалту рәсiмдерiн тағайындауы мүмкiн.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты оңалту рәсiмдерi санация нысанында немесе сақтандыру мiндеттемелерi мен соларға сәйкес активтер сомасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiлетiн жария саудаға салу арқылы мүдделi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына беру нысанында жүргiзiлуi мүмкін.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы заңдарда белгiленген тәртiппен сот шешiмi бойынша ғана банкрот деп танылады. Дәрменсiз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын оның кредиторларының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзiнiң шешiмi бойынша соттан тыс тарату рәсiмiне жол берiлмейдi.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банкроттығы туралы iс бойынша тараптардың бiтiм келiсiмiн жасасуына жол берiлмейдi. Ескерту. 71-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-71/