О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

74-бап. Қаржылық және өзге де есеп беру

О страховой деятельности · № 126

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерi өздерi жүргiзген операциялардың есебiн қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері Ұлттық Банкке анық және толық қаржылық және өзге де есептілікті уақтылы ұсынуға міндетті. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы Ұлттық Банкке бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша анық әрі толық есептілікті және өзге де есептілікті уақтылы ұсынуға міндетті.
2. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық және өзге де есептіліктi қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерi Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Ұлттық Банкке қаржылық және өзге де есептiлікті ұсынады. Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерінің филиалдары Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Ұлттық Банкке бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті және өзге де есептiлікті ұсынады.
2-1. Алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұратуы бойынша оған өзiнiң мүлкi туралы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi мүлкi туралы, қабылданған тәуекелдердiң мөлшерi, берiлген кепiлдiктер мен кепiлгерлiктер туралы, жасалған және жасалатын сақтандыру және қайта сақтандыру мәмiлелерi туралы мәлiметтердi, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу туралы мәлiметтердi, өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.
3-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы анық емес (толық емес) есептілікті ұсынған жағдайда, олардың бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілігін және өзге де есептiлігін түзетуді талап етуге құқылы.
4. Алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
5. 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен. Ескерту. 74-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.06.11 № 562; 2005.07.08 № 69; 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2006.05.05 № 139; 2007.02.28 № 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2010.03.19 № 258-IV; 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-74/