О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

75-бап. Мiндеттi актуарий қорытындысы

О страховой деятельности · № 126

1. Сақтандыру резервтерін есептеу және сақтандыру міндеттемелерін бағалау бойынша міндетті актуарийлік қорытындылар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жылдық қаржылық есептілігінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша жылдық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылады және уәкілетті органға ұсынылуға жатады.
2. Міндетті актуарийлік қорытындылардың мазмұнына және табыс етiлу тәртiбiне қойылатын талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. Ескерту. 75-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-75/