Қолданыста
·
03.07.2026 редакциясы
79-бап. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның құрылу тәртібі мен негізгі функциялары
О страховой деятельности · № 126
1. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – ұйым) дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Ұлттық Банкке тиесілі, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Ұйым осы Заңның және міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарының негізінде міндетті және ерікті сақтандыру түрлері, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру, бірлескен қайта сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
Ұйым дерекқорды дамыту жоспарын әзірлейді, уәкілетті органмен келіседі және оны бекітеді.
Ұйым сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.
1-1. 01.07.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-2. 01.07.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-3. 01.07.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-4. Ұйымның директорлар кеңесінің құзыретіне Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында айқындалған мәселелерден басқа мынадай мәселелер жатады:
1) осы Заңның 80-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есептерін алушылардың ұйымға төлеуіне жататын жарналар мөлшерлемесін бекіту;
2) дерекқорды дамытудың алдағы күнтізбелік жылға арналған жоспарын бекіту.
2. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша дерекқорды енгізу тәртібі:
1) алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) дерекқорды басқару жүйесін пайдалануға беру;
3) дерекқорды қалыптастыру жөніндегі ақпараттық процесті ұйымдастыру;
4) олармен ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат берушілермен осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеу кезеңдерінен тұрады.
Ұйым қызметінің тәртібін белгілейтін ішкі ережелердің мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісі олардың дерекқорды құруға және қорғауға қатысуы жөнінде ақпарат берушілер ретіндегі қызметіне қатысты бөлігінде осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің орындауы үшін міндетті.
6. Ұйым өз қызметінде:
1) ақпараттық жүйелерді, дерекқорды қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін онда техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;
2) дерекқорды және ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын орналастыру үшін көрсетілген ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде сертификатталған жабдық пен бағдарламалық қамтылымды қолдануға;
3) ұйым өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қоса алғанда, ұйымның бағдарламалық-техникалық қамтылымына
үш жылда бір реттен сиретпей аудит
жүргізуге;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дерекқор субъектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдарға осы Заңның 80-бабының 2-тармағында санамаланған ақпаратқа «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес нақты уақыт режимінде тәулік бойы қолжетімділік беруге;
4-1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, өзінің интернет-ресурсында сақтандыру сыныптары бойынша статистикалық ақпаратты сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашып көрсетпей жариялауды қамтамасыз етуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламаны дереу жіберуді қамтамасыз етуге;
5-1) осы Заңның 80-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылардың дерекқорға қолжетімділігін олардың жаңа сақтандыру шарттарын жасаспауы мақсатында осындай қолжетімділікті шектеу туралы уәкілетті органның хабарламасында көрсетілген мерзімге шектеуге;
6) сақтандыру шарттары бойынша ақпараттың, оның ішінде сақтандыру жағдайлары (сақтандыру жағдайлары ретінде қаралатын оқиғалар) және сақтандыру төлемдері туралы ақпараттың электрондық нысанда сақталуын қамтамасыз етуге;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) осы сақтанушымен жасалған электрондық нысандағы сақтандыру шарттары бойынша ақпаратты қарау үшін ұйымның интернет-ресурсына тұрақты түрде қолжетімділік беруге;
7-1) ұйым орналасқан елді мекеннің шекарасынан тыс жерде болатын, бірыңғай сақтандыру дерекқорының субъектілері туралы ақпараттың көшірмелерін сақтау үшін резервтік сервердің болуын қамтамасыз етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат ұсыну және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
7. Ұйымның негізгі функциялары:
1) осы Заңның 81-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген ақпаратты жинау;
2) мазмұнына қойылатын талаптар осы Заңда және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленген сақтандыру есептерін қалыптастыру және беру;
3) сақтандыру статистикасын, оның ішінде сақтандыру және сақтандыру қызметі саласында актуарлық зерттеулер жүргізу үшін қажетті статистиканы қалыптастыру;
4)
осы Заңда белгіленген тәртіппен сақтандыру нарығы
жөніндегі деректерді статистикалық есепке алу, талдау және қорыту үшін
ақпараттық-талдамалық жүйені құру мен жүргізу және оларды ақпараттандыру объектілерінде, оның ішінде ұйымның интернет-ресурсында орналастыру, сондай-ақ осы Заңның 80-бабының 4-тармағында аталған тұлғаларға ұсыну;
4-1) осы Заңның 80-бабының 4-тармағында аталған тұлғаларға талдамалық және өзге де ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсыну мақсатында мемлекеттік дерекқормен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
Талдамалық және өзге де ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін ұйым осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып дербес айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын автоматты түрде есептеу;
6) сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру шарттары бойынша электрондық дерекқорды олар бойынша әрбір сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) бойынша электрондық нысанда ақпаратты, оның ішінде сақтандыру жағдайлары (сақтандыру жағдайлары ретінде қаралатын оқиғалар) және сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты сақтау үшін жүргізу;
7) өзінің
интернет-ресурсында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы сақтандыру
шарттарын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын
реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының
тізбесін орналастыру;
8) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және (немесе) ұйымның жарғысында көзделген өзге де функциялар болып табылады.
8. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңда көзделген талаптарды іске асыру жөніндегі функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйым жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпаратты, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпаратты алуға құқылы.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйым мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелері мен дерекқорына «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес қолжетімділік алуға құқылы.
Ұйым қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыруы барысында алынған, қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 79-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағы 55) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағы 55) тармақшасының бесінші, алтыншы, он үшінші, он бесінші, жиырма үшінші және жиырма төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
12.07.2022
№ 138-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-79/