О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

8-бап. Сақтандыру салалары мен сыныптарын бiрiктiру

О страховой деятельности · № 126

1. Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру ұйымының қызметi "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензия немесе "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензия негiзiнде сақтандырудың лицензияда көрсетiлген тиiстi сыныптары шегiнде жүзеге асырылады.
2. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi:
1) "өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметпен бiрiктiруге;
2) жинақтаушы сақтандыру нысанында жүзеге асыруға болмайды.
3. "Өмірді сақтандыру" саласындағы қызмет:
1) осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру сыныптарын қоспағанда, "жалпы сақтандыру" саласындағы қызметпен;
2) туристі міндетті сақтандыруды қоспағанда, «өмірді сақтандыру» саласына жатпайтын міндетті сақтандыру түрлерімен біріктірілмейді.
4. Сақтандыру ұйымы, өзiнде сақтандырудың тиiстi сыныптары көрсетiлген және осы Заңда белгiленетiн сақтандыру сыныптарын бiрiктiру жөнiндегi шектеулер ескерiлген лицензия болған жағдайда, сақтандырудың екi және одан көп сыныптарының белгiлерi мен мазмұнын ұштастыратын сақтандыру түрiн әзiрлеуге құқылы.
5. Алынып тасталды - ҚР 10.07.2003 № 483-ІІ (01.01.2004 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-8/