О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

84-бап. Ұйымға тіркелу

О страховой деятельности · № 126

Осы Заңның 80-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпарат берушілер ұйымға тіркелу үшін мынадай құжаттарды:
1) ұйымға тіркеу туралы өтінішті;
2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
2-1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын есептік тіркеу туралы анықтаманы;
3) ұйым белгілеген тәртіппен дерекқорға сауал салуды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) туралы ақпаратты табыс етеді. Қажет кезінде көрсетілген ақпарат аталған адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Ескерту. 84-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-84/