Об утверждении Правил возмещения расходов участников национального превентивного механизма по превентивным посещениям Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала бару жөніндегі шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала бару жөніндегі шығыстарын өтеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 1. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала бару жөніндегі шығыстарын өтеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала бару жөніндегі шығыстарын өтеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала бару жөніндегі шығыстарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 39-бабына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 184-бабына, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-1-бабына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 143-бабына сәйкес әзірленді.
Тарау 2. 2-тарау. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының шығыстарын өтеу тәртібі
2-тарау. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының шығыстарын өтеу тәртібі
Тармақ 2
2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала бару жөніндегі шығыстарын өтеу тиісті қаржы жылына көзделген республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Алдын ала бару жөніндегі шығыстарды республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеу мынадай құжаттар:
Тармақша 1
1) кезеңдік және аралық алдын ала (оның ішінде біржолғы және тақырыптық) бару бойынша – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) тиісті (бару мерзімдерін, баратын мекемелер мен ұйымдардың тізбесін, сондай-ақ барудың көрсетілген түрлерін жүргізуге уәкілетті топтар құрамын қамтитын) жоспарлар қоса берілген алдын ала барудың көрсетілген түрлерінің жоспарларын бекіту туралы хаттамалары;
Тармақша 2
2) арнайы бару бойынша – азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалаудың түрлерін қолдану туралы түскен хабарламалардың негізінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының тобын жіберу туралы шешімі;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 5, 6-тармақтарында көрсетілген шығыстарды растайтын құжаттар;
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес топ жетекшілері жіберетін ақшалай қаражаттың іс жүзіндегі шығыстары туралы есеп;
Тармақша 5
5) ұлттық алдын алу тетігінің тобына қатысушылардың алдын ала бару қорытындысы бойынша жазбаша есеп ұсынуын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің растауы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Үйлестіру кеңесі хаттамасының көшірмесі тиісті жылғы 10 қаңтардан кешіктірілмей бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жіберіледі.
Тармақ 5
5. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына мынадай шығыстарды өтейді:
Тармақша 1
1) ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының басқа жерге жолға шығуына байланысты, оның ішінде Үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысуы жөніндегі шығыстар: алдын ала баратын жерде болған әрбір күн үшін алдын алу тетігіне қатысушыға екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тәулікақы төленеді; тұрғын үй-жай жалдау бойынша ұсынылған құжаттар (фискалдық чек, кассалық кіріс ордері, шот-фактура, шот, жүкқұжат, хабарлама, тұру құжаттарын дара кәсіпкер ұсынған жағдайда тұлғаның мүлікті жалға беруге құқығын растайтын құжаттар (жалдау шарты, патент, куәлік және қонақүй қызметтерін берушілер ұсынатын басқа да растайтын құжаттар) бойынша, бұл ретте бір тәулікке тұрғын үй-жай жалдау шығыстарының сомасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен, аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен, ауылдық округтерде айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс; ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде теміржолмен жол жүргенде баратын жерге және тұрақты жұмыс орнына кері жол жүру бойынша – купелі вагонның тарифі бойынша (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттейтін отыруға арналған құрылғылы жұмсақ креслолары бар екі орындық купелі вагондарды (СВ), сондай-ақ «Турист» және «Бизнес» жүрдек пойыздар кластарын қоспағанда); су жолдарымен, тас жолмен және топырақты жолдармен – сол жердегі қалыптасқан жол жүру құны бойынша; баратын жерге және жұмыс (қызмет) орнына кері жол жүрген кезде жол жүру билеттері мен қонақүйдегі орынды брондау, сондай-ақ пойыздардағы төсек-орын жабдықтарын пайдалану құны – осы шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде; баратын жерге және негізгі жұмыс (қызмет) орнына кері жол жүру құжаттары болмаған кезде шығыстар теміржол немесе өзен/теңіз вокзалының немесе автовокзалдың анықтамасы негізінде көлікпен жүрудің ең төмен құны бойынша өтеледі; теміржол станциясы, кемежай, әуежай елді мекеннің шегінен тысқары жерде орналасса, растайтын құжаттар болса, оларға автокөлікпен (таксиден басқа) жол жүру бойынша; ұлттық алдын алу тетігіне қатысушының тұрақты тұратын жеріне күн сайын қайтуға мүмкіндігі болатын жерге алдын ала барған кезде жол жүру құжаттары болса, көліктік шығыстар ғана өтеледі, тәулікақы төленбейді;
Тармақша 2
2) алдын ала бару қорытындысы бойынша жыл сайынғы шоғырландырылған баяндама үшін жиналған материалдарды өңдеуді, ұсыныстар мен ұсынымдар, ақпарат дайындауды қоса алғанда, бару қорытындысы бойынша есеп дайындауға байланысты: ұлттық алдын алу тетігінің әрбір қатысушысына біржолғы мерзімдік және аралық, сондай-ақ арнайы алдын ала бару бойынша он айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі; кезеңдік тақырыптық және аралық алдын ала бару бойынша ұлттық алдын алу тетігінің әрбір қатысушысына он екі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі шығыстар;
Тармақша 3
3) кеңсе тауарларын сатып алу, жиналған материалдардың көшірмелерін жасау, телефон байланысын, Интернет пен пошта қызметтерін пайдалану шығыстарын қамтитын, алдын ала баруды жүзеге асырған ұлттық алдын алу тетігінің әрбір қатысушысына екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі жүкқұжат шығыстары;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инфекциялық аурулар туындаған, олардың әкеліну және таралу қаупі төнген кезде Қазақстан Республикасының (тиісті аумақтың) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының шешімімен енгізілген шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде медициналық және зертханалық тексеруге, жеке қорғану құралдарын (медициналық маскалар, бір рет қолданылатын қолғаптар, медициналық қорғаныш қалқаны, бір рет қолданылатын қорғаныш халаты немесе комбинезон) сатып алуға арналған, алдын ала баруды жүзеге асырған ұлттық алдын алу тетігінің әрбір қатысушысына бес айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі шығыстар.
Тармақ 6
6. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының басқа мекемеге жолға шығуына байланысты шығыстар мынадай тәртіппен өтеледі:
Тармақша 1
1) алдын ала баратын жердегі (бұдан әрі – баратын жер) нақты болған уақыты ұлттық алдын алу тетігі тобының жетекшісі беретін алдын ала бару қатысушысының куәлігіндегі баратын жерге келген күні және баратын жерден кеткен күні туралы белгілер бойынша айқындалады. Егер ұлттық алдын ала барудың қатысушысы әртүрлі елді мекендерде алдын ала баруды жүзеге асыратын болса, келген күні мен кеткен күні туралы белгілер олардың әрқайсысында жасалады. Тиісті белгілер баратын мекемелер мен ұйымдардың кадр қызметтерінде қойылады;
Тармақша 2
2) алдын ала барғаннан кейін басқа мекемеге жолға шығатын және негізгі жұмыс орнына (қызметіне) келетін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын тіркеуді ұлттық алдын алу тетігі тобының жетекшісі арнайы журналда жүргізеді;
Тармақша 3
3) алдын ала бару үшін жіберілетін ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының негізгі жұмыс (қызмет) орнынан пойыздың, автобустың немесе басқа көлік құралының жөнелтілетін күні баратын жерге жолға шыққан күн, ал көрсетілген көліктің ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының негізгі жұмыс (қызмет) орнына келген күні – келген күн болып есептеледі. Көлік құралы 24 сағаттың соңына дейін жөнелтілген кезде ағымдағы тәулік, одан кеш 0 сағаттан бастап – кейінгі тәулік жолға шыққан күн болып есептеледі;
Тармақша 4
4) егер жөнелту станциясы елді мекеннің шегінен тысқары орналасса, онда басқа мекемеге жолға шыққан күн көлік жөнелген жерге жол жүру үшін қажетті уақыт ескеріліп, жоғарыда көрсетілген тәсілмен есептеледі. Пойыз, автобус немесе басқа көлік құралы уақтылы келмеген немесе жөнелтілмеген жағдайда тасымалдаушы жолаушының өтініші бойынша оған пойыздың, автобустың немесе басқа көлік құралының кешігуі туралы куәландыратын құжатты береді;
Тармақша 5
5) басқа мекенге жолға шыққан күнін және негізгі жұмыс (қызмет) орнына келген күнін қамтитын алдын ала бару уақыты ішінде ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының негізгі жұмыс (қызмет) орны сақталады және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 124-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жалақы төленеді.
Тармақ 7
7. Ұлттық алдын алу тетігі тобының жетекшісі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтелуге жататын шығыстар туралы ақпаратты көздейтін ақшалай қаражаттың нақты шығыстары туралы есепті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мекенжайына ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей тапсырыс хатпен жібереді. Топ жетекшісі ақшалай қаражаттың нақты шығыстары туралы есепке осы Қағидалардың 5, 6-тармақтарында көрсетілген шығыстарды растайтын құжаттарды қоса береді.
Тармақ 8
8. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ай сайын, ұлттық алдын алу тетігінің тобына қатысушылардың алдын ала бару қорытындысы бойынша жазбаша есеп ұсынғаны расталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының шығыстарын өтеуді ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысына тиесілі соманы оның ағымдағы банк шотына немесе ұлттық алдын алу тетігі тобының жетекшісі ұсынған және тиісті банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым растаған өзге шотына аудару арқылы жүргізеді. _________________________
Басқа 2. ______ жылғы_________ айында ұлттық алдын алу тетігіне (ҰАТ) қатысушылар тобының алдын ала бару бойынша ақшалай қаражатының іс жүзіндегі шығыстары туралы есеп
Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала бару жөніндегі шығыстарын өтеу қағидаларына қосымша Нысан ______ жылғы_________ айында ұлттық алдын алу тетігіне (ҰАТ) қатысушылар тобының алдын ала бару бойынша ақшалай қаражатының іс жүзіндегі шығыстары туралы есеп Р/с № Ор­на­лас­қан же­рі­нің то­лық ме­кен­жайы көр­се­ті­л­ген ме­ке­ме­нің неме­се ұй­ым­ның ата­уы ҰАТ то­бы­на қа­ты­су­шы­лар­дың Т.А.Ә (бар бол­са) Ал­дын ала ба­ру мер­зі­мі Ал­дын ала ба­ру тү­рі Ал­дын ала ба­ру нәти­же­ле­рі бой­ын­ша топ­тың есе­бін дай­ын­да­у­ға бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар Топ­қа қа­ты­су­шы­ның жол­ға шы­ғуы­на бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар Үсте­ме шы­ғы­стар Тұ­ру үшін Тәу­лік ақы Жиы­ны ҰАТ тобының жетекшісі ________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса), қолы, күні және жылы) _______________________________