Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества Аксуатского сельского округа Тимирязевского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 28 ақпандағы № 24/3
шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округі Ақсуат ауылының тұрғындары үшін
61
Басқа 5
Тимирязев аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 24/3 шешімімен
бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округінің ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округінің әкімі шақырады.
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық «Көтерілген тың», «Нива» газеттері арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округі ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округі ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округінің ауылы тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.