О месячнике по оказанию социальной помощи малообеспеченным пенсионерам и инвалидам Қолданыста
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі айлық туралы
Барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйым басшыларының назарларын тұрғындардың аз қамтамасыз етілген жіктеріне аудару, Қарттар мен Мүгедектер күндері құрметіне зейнеткерлер мен мүгедектерге мекен-жайлык көмек түрлерін кеңейту, облыстык Ардагарлер кенесінің ынталарын қолдау мақсаттарында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. 2000 жылдың 1 қазанынан 1 қарашаға дейін аз қамтамасыз етілген зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету жөнінде айлык жариялансын.
Тармақ 2
2. Қарттар мен Мүгедектер күндеріне арналган айлықты өткізуге дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы және іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің бірінші орынбасарлары А.Ф.Вербняк пен Қ.Қ.Қалиевке зейнеткерлер мен мүгедектердін тұрғын үй қорының қысқа дайындығы, олардың отынмен, мал жем-азығымен, көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етілуі бақылауға алынсан.
Тармақ 4
4. Петропавл қаласы мен аудан әкімдеріне, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қамсыздандыру департаментінің бастығы Ғ.Қ.Балтабаеваға осы жылдың 20 қыркүйегіне дейінгі мерзімде үй басы жүру арқылы округ бойынша әлеуметтік қолдауды қажет ететін зейнеткерлер мен мүгедекетер контингентінін тізімі нақтылансын.
Оларға нақтылы мекен-жайлык көмек көрсету жөнінде іс-шаралар жоспары жасалсын, оларды іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдансын.
Тармақ 5
5. Петропавл каласы мен аудан әкімдеріне, облыстык басқарамалар мен ведомство басшыларына 25 қыркүйекке дейінгі мерзімде Қарттар мен Мүгедектер күндерін өткізуге дайындық жөнінде қосымша шаралар әзірленіп, облыс әкімі аппаратына жолдасын.
Тармақ 6
6. Облыстық қызыл Крест және Қызыл Жарты ай комитетіне, Қайырымдылық және денсаулық қоғамдық бірлестігіне зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөніндегі қайырымдылық акцияларын өткізу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. «Солтүстік Қазақстан», «Северный Казахстан» газеттерінің редакцияларына (Мұстафин Б.М., Моор И.И.), облыстық телерадиокомпанияға (Мұсырманов К.И.) Қарттар мен Мүгедектер күндеріне арналған айлыққа дайындық және оны өткізу барысын корсететін жарияланымдар мен хабалар циклы ұйымдастырылсын.
Тармақ 8
8. Петропавл каласы мен аудан әкімдеріне еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері арқылы жасалған жұмыстар туралы нысан бойынша, апта сайын ақпарат берілсін.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ф.Ф.Сутуловқа жүктелсін.
Басқа 10. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері
Облыс әкімінің
2000 жылғы «11» қыркүйектегі
№ 175 шешіміне
1 қосымша
Қарттар мен Мүгедектер күндеріне арналған айлыққа дайындалу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің ҚҰРАМЫ
Сутулов Федор Федорович - облыс әкімінің орынбасары, ұйымдастыру комітетінің төрағасы
Балтабаева Ғалия Қазезтайқызы – еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бастыгы, ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары
Исаев Мұса Хусаинұлы - облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы, ұйымдастыру комитеті төрагасының орынбасары (келісім бойынша)
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері
Амрин Кеменгер Қожахметович - облыстық ГЦВП филиалының директоры
Бубнов Геннадий Михайлович - орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарманың бастығы білім департаментінің бастығы
Ваховский Федор Иванович – білім департаментінің бастығы
Воронцова Наталья Геннадьевна - денсаулық сақтау департаментінің бастығы
Дементьев Николай Иванович - облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы
Каргаполов Юрий Васильевич - облыстық кәсіподақ кенесінің төрағасы (келісім бойынша)
Квашин Иван Иванович - аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі облыстық қордың атқарушы директоры
Куликов Николай Федорович – ауыл шаруашылық департаменті бастығының бірінші орынбасары
Лапухин Виктор Прокопьевич - мәдениет департаментінің бастығы
Рақымбекова Зейнеп Төлегенқызы – экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі
Сәрсембаев Нұрлан Рамзаұлы – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қозғалмайтын мүлік жөніндегі орталық» АМК директоры
Ткаченко Тамара Федоровна – қаржы департаменті бастығының орынбасары
Фефелова Галина Николаевна – әлеуметтік-мәдени салалар бөлімінің бас маманы
Шишацкая Валентина Васильевна – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары
Басқа 11
Облыс әкімінің
2000 ж. «11» қыркүйек
№ 175 шешіміне
2 қосымша
Қарттар мен Мүгедектер күндеріне арналған айлыкты дайындау және өткізу жөніндегі ІС-ШАРАЛАР
№ п/п
Іс-шаралар атауы
Мерзімі
Орындаушы
1
2000 жылдың 1 қазанынан 1 қарашаға дейін қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету жөнінде айлық өткізу туралы шешім қабылдау
20 қыркүйекке дейін
Аудан және Петропавл қаласының әкімдері
2
Айлықты өткізуде үлкен қорытындыға жету мақсатында облыс аудандары мен Петропавл қаласына оның өтуі бойынша ұйымдастыру комиссиясы мүшелерінің міндетін белгілеу
20 қыркүйекке дейін
Ұйымдастыру комитеті
3
Облыс тұрғындарына айлықтың дайындығы мен өткізілуі жөніндегі Қарттар мен Мүгедектер күніне арналған қайырымдылық акцияларына қатысу туралы ұйымдастыру комитетінің үндеүін бұқаралық ақпарат құралдарында дайындау және жариялау
25 қыркүйекке дейін
Ұйымдастыру комитеті
4
Зейнеткерлер мен мүгедектерді үй басы аралап шығып, ең төмеңгі күнкөріс деңгейі кісі басылық кірістен төмен аз қамтамасыз етілген зейнеткерлер мен мүгедектер құрамын тізім бойынша айқындау және анықтау
20 қыркүйекке дейін
Аудан және Петропавл қаласының әкімдері
5
Қарттар мен Мүгедектер күніне байланысты сенбілік өткізу ұйымдастырылсын, одан тапқан қаржыны зейнеткерлер мен мүгедектерге материалдық көмек көрсету үшін пайдалану
Қыркүйек
Аудан және Петропавл қаласының әкімдері
6
Барлық жерлерде Қарттар мен Мүгедектер күніне байланысты өкіметтің атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен еңбек ұжымдарында кездесулер өткізу. Барлық зейнеткерлерді кәсіпорындар мен ұйымдарға бекітуде қамтамасыз ету
1, 8 қазан
Аудан және Петропавл қаласының әкімдері
7
Қажетсінетін зейнеткерлер мен жәрдем ақы алушыларды, басты назарды аз қамтамасыз етілген зейнеткерлер мен мүгедектерге аудара отырып, қысқы отынмен және қосалқы шаруашылық үшін азықпен қамтамасыз ету
қыркүйек қазан
Аудан және Петропавл қаласының әкімдері
8
Аз қамтамасыз етілген зейнеткерлер мен мүгедектерге қөқөністік азықтарды сатып алуға көмек көрсету, ауыл шаруашылық өнімдерді төмен бағамен сату жөнінде қайырымдылық жәрменкелер өткізу
Айлық бойы
Аудан және Петропавл қаласының әкімдері
9
Аз қамтамасыз етілген зейнеткерлер мен мүгедектер үшін ақысыз тамақ беру пунктерін ұйымдастыру тәжірибесін жалғастыру, Қарттар күніне байланысты әр аудан орталығында, орталық мекендерде, селолық округтер мен Петропавл қаласында қосымша қайырымдылық түсіктер ұйымдастыру
Айлық бойы
Аудан және Петропавл қаласының әкімдері
10
Халықтан киім жинау және оларды аз қамтамасыз етілген азаматтарға беру жөніндегі жұмысты жандандыру, қай жерде осындау пункттер жоқ сол жерлерге ұйымдастыру
Айлық бойы
Аудан және Петропавл қаласының әкімдері
11
Қарттар үйінде туратын және аурухана стационарында жатқан зейнеткерлерге кіріп шығуды ұйымдастыру, оларға демеушілік көмек көрсету
10 қазанға дейін
Аудан және Петропавл қаласының әкімдері
12
Оларды 4 деңгейлі жолмен, кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларына бекіте отырып, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге мекен-жайлық әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі ұйымдастырушылық жұмысты күшейту. Қарттар мен Мүгедектер күніне байланысты жалғызбастыларға қосымша кіріп шығуды ұйымдастыру
Айлық бойы
Аудан және Петропавл қаласының әкімдері
13
Аз қамтамасыз етілген зейнеткерлер мен мүгедектерге медициналық тексеруді ұйымдастыру, қажет болған жағдайда, олардың ішіндегі ең қажетсінетіндер үшін, үйде немесе стационарда ақысыз емдеуді ұйымдастыру
Айлық бойы
Денсаулық сақтау департаменті, аудан және Петропавл қаласының әкімдері
14
Мектеп оқушыларын жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге шефтік көмек көрсетуге тарту
Айлық бойы
Білім департаменті
15
Бұқаралық ақпарат құралдарына айлықтың барысын және қарттар мен мүгедектер өміріне қатысты, проблемалық мәселелерді жариялайтын тұрақы айдар ашу
Айлық бойы
Газет редакциялары, облыстық телерадиокомпаниясы
16
Қарттарды және мүгедектерді қолдау телемарафонын өткізу, жиналған қаржыны қоғамдық қайырымдылық аймақтық қорға беру
20 қазан
Ұйымдастыру комитеті, облыстық телерадиокомпания, аудан және Петропавл қаласының әкімдері
17
Өткізілген айлықты қорытындылау, оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
10 қарашаға дейін
Ұйымдастыру комитеті, аудан және Петропавл қаласының әкімдері
Басқа 12
Облыс әкімінің
2000 ж. «11» қыркүйек
№ 175 шешіміне
3 қосымша
Қарттар мен Мүгедектер күніне арналған айлық барысы туралы МӘЛІМЕТТЕР
рет №
аудан
Зейнеткерлер саны (адам)
Мүгедектер саны (адам)
Соның ішінде саны (адам)
Аз қамтамасыз етілгендер әртүрлі көмек түрлетін алды
Соның ішінде азық-түлікпен
Жалғыз-бастылар
Аз қамтамасыз етілгендер
Зейнеткерлер
Мүгедектер
Зейнеткерлер
Мүгедектер
Барлығы (адам)
Сомасы (мың теңге)
Барлығы (адам)
Сомасы (мың теңге)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Соның ішінде
Жиналған заттар (бірлік)
Ақысыз тамақтандыру ұйымдастырылады
Отынмен
Қара мал ушін азықпен
Ақшалай қаржымен
Көмектің басқа да түрлері
Барлығы (адам)
Сомасы (мың теңге)
Барлығы (адам)
Сомасы (мың теңге)
Барлығы (адам)
Сомасы (мың теңге)
Барлығы (адам)
Сомасы (мың теңге)
Нүкте саны
Тамақтанады
(адам)
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23