Об утверждении Правил о порядке проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории Бокейординского района Күшін жойған
Басқа 0
Бөкей ордасы ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын ұй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Бөкей ордасы ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 3
Бөкей ордасы аудандық мәслихатының
2014 жылғы 12 наурыздағы № 15-3
шешiмiмен бекiтiлген
Бөкей ордасы ауданының аумағында
бөлек жергiлiктi қоғамдастық
жиындарын өткiзу және жергiлiктi
қоғамдастық жиынына қатысу үшiн
ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй
тұрғындары өкiлдерiнiң санын
айқындау тәртiбi туралы
қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Бөкей ордасы ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастықтың жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Бөкей ордасы ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Бөкей ордасы ауданының аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындары (бұдан әрi - бөлек жиын), жергiлiктi қоғамдастықтың жиынына қатысу үшiн өкiлдердi сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу тәртібі
2. Бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Бөкей ордасы ауданының ауылдық округтерінің әкiмдерi шақырады.
Бөкей ордасы ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.
Тармақ 5
5. Ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй шегiнде бөлек жиынды өткiзудi ауылдық округтің әкiмi ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиiстi ауылдың, көшенің, көппәтерлi тұрғын үйдiң қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тiркеу жүргiзiледi.
Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады.
Ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнің кандидатураларын осы қағидамен айқындалған сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң саны тең өкiлдiк ету қағидаты негiзiнде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және ауылдық округ әкiмiнiң аппаратына бередi.
Тарау 3. 3. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу
үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй
тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау
3. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу
үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй
тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау
Тармақ 11
11. Бөкей ордасы ауданының аумағында жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң саны ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бір пайызы (бір өкілден кем емес) негізінде айқындалады.