Об изменениях в административно-территориальном устройстве Целинного района Северо-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Целинный ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы
Целинный аудандық мәслихаты сессиясының және аудан әкiмiнiң өтiнiштерi негiзiнде және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңның 11-шi бабына сәйкес облыстық мәслихаттың II сессиясы және облыс әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Оны Тахтаброд селолық округiнiң құрамынан шығару және оған
Салқынкөл, Тахты селоларын қосу жолымен Салқынкөл селолық округi құрылсын.
Округтiң әкiмшiлiк орталығы болып Салқынкөл селосы белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Оны Андреев селолық округiнiң құрамынан шығару және оған
Гавриловка, Сарыбұлақ селолары мен Мәдениет ауылын қосу жолымен Қоғалыжар
селолық округi құрылсын. Округтiң әкiмшiлiк орталығы болып Гавриловка
селосы белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Оны Новосельский селолық округiнiң құрамынан шығару және оған
Шұқыркөл, Қарағаш, Қазақстанның 15 жылдығы селоларын қосу жолымен Шұқыркөл
селолық округi құрылсын. Округтiң әкiмшiлiк орталығы болып Шұқыркөл селосы
белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Целинный ауданының әкiмi (Сүлейменов С.И.) құрылған селолық округтер аппараттарын ұстауға қаржы iздестiруге, аудандағы
әкiмшiлiк-аумақтық өзгерiстермен байланысты қажеттi процессуалдық iс-қимылды екi ай мерзiмде жүргiзуге мiндеттелсiн.
5. Целинный ауданының әкiмi (Сүлейменов С.И.) осы шешiмнiң орындалуы туралы 2000 жылғы 1 желтоқсанда хабарлайтын болсын.