Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Светлопольского сельского округа Кызылжарского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6 тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданының
Светлопольск ауылдық
округінің әкімі
М. Жақаева
26 ақпан 2014 жылы
Басқа 4
Солтүстік Қазақстан облысының
Қызылжар аудандық мәслихатының
2014 жылғы 26 ақпандағы № 24/18 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысатын ауылдар тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындар өкілдерінің саны (адамдар)
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округінің Знаменское ауылының тұрғындарына
64
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округінің Байсал ауылының тұрғындарына
11
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округінің Метлишино ауылының тұрғындарына
17
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округінің Новоникольское ауылының тұрғындарына
14
Басқа 5
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық мәслихатының
2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 24/18 шешімімен
бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі ауылдары тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастықтың жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округінің әкімі шақырады.
Жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық «Қызылжар» және «Маяк» газеттері немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі ауылдар тұрғындар өкілдерінің кандидатураларын Қызылжар ауданы мәслихаты бекіткен тұрғындары сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.