Об утверждении Положения о деятельности медицинских организаций, оказывающих урологическую и андрологическую помощь Күшін жойған
Басқа 0
Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 08 қаңтардағы
№ 3 бұйрығымен
бекітілген
Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық денсаулық сақтау ұйымдары туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін реттейді.
Тармақ 2
2. Халыққа урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары урологиялық және андрологиялық пациенттерді анықтауға, емдеуге, медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы жүргізу мақсатында құрылады.
Тармақ 3
3. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысын штаттан тыс бас уролог маман (республиканың, облыстың, қаланың, ауданның) үйлестіреді.
Тармақ 4
4. Халыққа урологиялық және андрологиялық көмек амбулаториялық-емханалық, стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын медициналық көмек нысанында көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Штаттан тыс бас уролог мамандар (облыстардың, қалалардың) облыстық (қалалық) денсаулық сақтау ұйымдарына және Алматы қаласындағы «Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ-ға жыл сайын урологиялық аурулар кезінде асқынулардың, өлімдердің талдауымен есепті еркін түрде ұсынады.
Тармақ 6
6. Халыққа урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, ұйымның Жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен функциялары
2. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 7
7. Халыққа урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының халқына урологиялық және андрологиялық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманы мен бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек көрсету;
Тармақша 3
3) облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі стационарлық және емханалық органдардың арасындағы жұмыстағы сабақтастықты қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) урологиялық және андрологиялық аурулар кезінде сырқаттанушылықты, еңбекке қабілетсіздікті, өлімді жыл сайынғы талдау жүргізу мен урологиялық қызметті дамытудың перспективалық жоспарларын әзірлеу;
Тармақша 5
5) урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын пациенттерге көмекке қажеттілікті зерделеу;
Тармақша 6
6) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға қажеттілікті зерделеу;
Тармақша 7
7) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған тәртіппен ерлердің несеп-жыныс жүйесінің қатерлі ісіктерін, оның ішінде, нысаналы топтағы ерлердің қуықасты безі обырын ерте анықтау бойынша скринингілік бағдарламаларды жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) қуықасты безі ауруларымен ауыратын пациенттерді динамикалық бақылау;
Тармақша 9
9) урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 10
10) урологиялық және андрологиялық пациенттерге көмек көрсететін ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту мен нығайтуды қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) урологиялық және андрологиялық көмек көрсету бойынша ғылыми-практикалық конференцияларды жүйелі жүргізу.
Тармақ 8
8. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қойылған міндеттерін шешу үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді емдеу, профилактикалау және диагностикалау және данамикалық бақылау;
Тармақша 2
2) урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын пациенттерге консультациялық көмек;
Тармақша 3
3) пациенттерді тексеріп-қарау және оларды жоспарлы стационарлық операциялық немесе консервативтік емдеуге дәрі-дәрмектік дайындау;
Тармақша 4
4) урологиялық стационарларда операция жасалған пациенттерді тексеріп-қарау және динамикалық бақылау;
Тармақша 5
5) басқа мамандық дәрігерлеріне консультациялық көмек;
Тармақша 6
6) ауыр урологиялық және андрологиялық патологияларымен пациенттерге үйде консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 7
7) урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді ургенттік емдеуге жатқызу жағдайларын төмендету үшін профилактикалық іс-шараларды әзірлеу;
Тармақша 8
8) еңбекке қабілеттілігін сақтау, еңбекке уақытша жарамсыздығы мен мүгедектігі мерзімдерін төмендету мақсатында урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді оңалту;
Тармақша 9
9) бастапқы медициналық құжаттарды жүргізу, уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша көлемде, тәртіп пен мерзімде есептерді ұсыну;
Тармақша 10
10) диагностикалауды, емдеу мен профилактикалауды және диспансерлеуді жақсарту бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс;
Тармақша 11
11) урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын, мыналарды қамтитын пациенттерді динамикалық бақылау:
урологиялық аурулармен ауыратын пациенттер мектебін ұйымдастыру және олардың жұмысын бақылау;
медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі нақты іс-шараларды әзірлей отырып, урологиялық аурулардан сырқаттанушылықты, еңбекке уақытша жарамсыздықты, мүгедектік пен өлімді жыл сайын талдау жүргізу;
урологиялық кабинеттер мен бөлімшелердің жұмыс практикасына диагностиканың, емдеудің, профилактиканың қазіргі заманғы әдістерін енгізу және өңірге жоғары технологиялық трансферт.
Тарау 3. 3. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
3. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
Тармақ 9
9. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі - УҒО);
Тармақша 2
2) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан медициналық ұйымдар құрылымында оларға жүктелген функцияларға байланысты мыналар ұйымдастырылады:
республикалық ұйымдардағы урологиялық бөлімшелер;
облыстық және қалалық стационарлардағы урологиялық бөлімшелер;
аудандық орталық/аудандық ауруханалардың базасындағы урологиялық төсектер;
консультациялық-диагностикалық орталықтардың (бұдан әрі – КДО)/бөлімшелердің базасындағы Өңірлік ерлер денсаулығы мен отбасылық ұзақ өмір орталықтары;
амбулаториялық-емханалық ұйымдардың (бұдан әрі - АЕҰ)
уроандрологиялық кабинеттері.
Тарау 4. 4. «Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы
4. «Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы
Тармақ 10
10. УҒО акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаны білдіреді, қызметтің сәйкес түрімен айналысу құқығына лицензиясы, дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі фирмалық атауы бар дөңгелек мөрі, бланктері мөртаңбалары бар. Урология және андрология саласындағы Қазақстан Республикасындағы үздік ғылыми-зерттеу, емдеу-диагностикалық және ұйымдастыру-әдістемелік орталық болып табылады.
Тармақ 11
11. УҒО құрылымы урологияны және андрологияны дамыту міндеттеріне, қазіргі заманғы талаптар мен перспективаларға сәйкес анықталады, құрамында ғылыми бөлімшелері, стационары, консультациялық-диагностикалық бөлімі, эксперименттік бөлімі, қосалқы және шаруашылық бөлімшелері бар.
Тармақ 12
12. Урологиялық көмек көрсету үшін стационардың құрылымында мынадай бөлімдер көзделген:
Тармақша 1
1) андрология;
Тармақша 2
2) жалпы урология;
Тармақша 3
3) несеп-тас ауруы;
Тармақша 4
4) эндоурология;
Тармақша 5
5) реконструкциялық-пластикалық урология;
Тармақша 6
6) диагностиканың сәулелік әдістері;
Тармақша 7
7) Ерлер денсаулығы және отбасылық ұзақ өмір республикалық үйлестіру орталығы;
Тармақша 8
8) күндізгі стационар;
Тармақша 9
9) мамандандырылған консультациялық-диагностикалық;
Тармақша 10
10) ұйымдастыру-әдістемелік;
Тармақша 11
11) параклиникалық қызмет;
Тармақша 12
12) дипломнан кейінгі білім бөлімі;
Тармақша 13
13) дәріхана.
Тармақ 13
13. УҒО денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базасы болып табылады.
Тармақ 14
14. УҒО-ның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) эксперименталдық, клиникалық және стастикалық зерттеулерді жүргізе отырып, урология және андрология саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-практикалық және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау ұйымдарына емдеу-диагностикалық және ұйымдастыру мәселелері, урология және андрология саласына жаңа технологияларды енгізу бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 3
3) урология және андрология қызметін жетілдіру мақсатында стратегиялық даму бағыттарын әзірлеу және нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге қатысу;
Тармақша 4
4) қолданыстағы диагностика, емдеу, профилактиканың әдістерін жетілдіру және жаңа әдістерін әзірлеу;
Тармақша 5
5) урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың мамандарын дипломнан кейінгі даярлау жүйесін жетілдіру;
Тармақша 6
6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде пациенттерге урологиялық және андрологиялық көмек көрсету болып табылады.
Тармақ 15
15. УҒО-ның негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасындағы урологиялық және андрологиялық ауруларды ерте диагностикалау бойынша скринингілік бағдарламаларды әзірлеу, мониторингілеу, енгізу;
Тармақша 2
2) республиканың урологиялық және андрологиялық қызметін үйлестіру;
Тармақша 3
3) урологиялық және андрологиялық пациенттерді профилактикалау, ерте анықтау мен емдеудің жаңа әдістерін емдеу-профилактикалық ұйымдардың жұмыс практикасына енгізуді бақылау;
Тармақша 4
4) республика аумағындағы обыралды ауруларды анықтауды ұйымдастыру мен бақылау, урологиялық және андрологиялық пациенттерді (ересектер мен балалар) есепке алу және динамикалық бақылау;
Тармақша 5
5) өңірлерде халықтың несеп-жыныс жүйесінің қатерлі ісіктерінен сырқаттанушылығы мен олардан өлімді, оларды емдеуге жатқызу мерзімдеріне талдау жүргізу;
Тармақша 6
6) урологиялық және андрологиялық аурулардың асқынған жағдайларын, урологиялық және андрологиялық пациенттердің еңбекке уақытша жарамсыздығын, мүгедектікке шығуын тексеру;
Тармақша 7
7) урологиялық және андрологиялық қызметтің жыл сайынғы және перспективалық жоспарларын әзірлеу, урологиялық және андрологиялық аурулардың профилактикасы, санитариялық-ағарту жұмысы жөніндегі іс-шараларды жоспарлау;
Тармақша 8
8) стационарды алмастыратын технологияларды пайдалана отырып және қазіргі заманғы медициналық технологияларды, аз инвазивтік медицинаның тиімді, нәтижелі-инновациялық әдістерін қолдана отырып, жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
Тармақша 9
9) қатерсіз, қатерлі ісіктерді, аялық процестерді және несеп-жыныс жүйесінің басқа да ауруларын анықтау бойынша диагностиканың прогерссивтік әдістерін пайдалана отырып, клиникалық-диагностикалық, цитологиялық, гистологиялық зерттеулердің барлық түрлерін жүргізу;
Тармақша 10
10) урологиялық және андрологиялық қызмет ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтандыру жоспарларының мониторингі, талдауы мен әзірлеу;
Тармақша 11
11) халықтың арасында урологиялық және андрологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша скринингілік бағдарламаларды ұйымдастыру мен скринингілік тексеру жүргізу бойынша ұлттық нұсқаулар мен нұсқаулықтар әзірлеу;
Тармақша 12
12) урология, андрология және балалар урологиясы саласында институттың ғылыми жұмыстарының нәтижелерін практикаға енгізу және пайдалану;
Тармақша 13
13) съездерді, симпозиумдарды, ғылыми конференцияларды, мастер-кластар мен кеңестерді, сондай-ақ көшпелі сессияларды (конференциялар, семинарлар, мастер-кластар, кеңестер және т.б.) ұйымдастыруға, өткізуге қатысу;
Тармақша 14
14) урология және андрология саласында ғылыми жұмыстарды, монографияларды, еңбек жинақтарын, әдістемелік ұсынымдарды, оқу құралдарын, ақпараттық парақтарды және мерзімдік басылымдарды (журналдарды) шығару;
Тармақша 15
15) урологиялық және андрологиялық қызметті дәрігер карларымен қамтамасыз етуді айқындау, дәрігерлер біліктілігін арттыру бойынша перспективалық жоспарларды құру, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді жүзеге асыру және мамандардың біліктілігін арттыру;
Тармақша 16
16) МСАК ұйымдарының мамандарын урологиялық және андрологиялық ауруларды профилактикалау, диагностикалау және ерте анықтаудың өзекті мәселелеріне оқыту;
Тармақша 17
17) урологиялық және андрологиялық ауруларды анықтауға халықтың нысаналы топтарының скринигісін жүргізу үшін мамандарды даярлау;
Тармақша 18
18) резидентурада, магистратурада, докторантурада ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау;
Тармақша 19
19) урология және андрология, денсаулық сақтау, білім және ғылым менеджменті мәселелері бойынша ұйымдармен, оның ішінде халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл, ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастық;
Тармақша 20
20) бірлестіктердің, қауымдастықтардың, одақтардың және басқа да қоғамдық білім берулердің жұмысына қатысу;
Тармақша 21
21) урологияға жаңа технологияларды енгізу және өңірлерге технологиялар тарнсферті.
Тармақ 16
16. УҒО бас директоры Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 451-II «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады (бұдан әрі – «Акционерлік қоғамдар туралы» Заң).
Тармақ 17
17. УҒО Денсаулық сақтау министрлігімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға жіберуді, нақты ғылыми тақырыптарды, проблемаларды, бағдарламаларды, басқа ғылыми-техникалық және өндірістік жұмыстарды, медициналық қызметті және ұйым қызметінің бейіні бойынша қызметтерді қаржыландыруды айқындайды.
Тармақ 18
18. Жекелеген құрылымдық бөлімшелердің құрылымы, штат кестесі, қызметі туралы ереже, УҒО қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен қызметкерлердің сыйақылары «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес бекітіледі.
Тарау 5. 5. Республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдардағы урологиялық бөлімшелер
5. Республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдардағы урологиялық бөлімшелер
Тармақ 19
19. Урологиялық бөлімшелердің құрылымы мен бейіні, медициналық персоналдың штат саны жүргізілген емдеу-диагностикалық жұмыстың көлеміне, қызмет көрсетілетін халықтың санына және «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (бұдан әрі- № 238) бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 2 қарашадығы № 8055 тіркелген) штат нормативтеріне қарай құрамында урологиялық бөлімше құрылған медициналық ұйымның басшысы белгілейді.
Тармақ 20
20. Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың деңгейінде урологиялық стационарлардың мынадай диагностикалық бөлімшелері бар: эндоскопиялық кабинет, ультрадыбыстық зерттеу кабинеті, цитологиялық зертхана, патоморфологиялық зертханалық, клиникалық зертхана, рентгенологиялық бөлімше және басқалар.
Тармақ 21
21. Урологиялық көмек көрсету үшін урологиялық қызметтің бейіні бойынша үш урологтан операциялық бригада құрылады.
Тармақ 22
22. Урологиялық бөлімшелердің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) урологиялық патологиялармен ауыратын пациенттерге стационарлық және стационарды алмастыратын нысанда мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті толық көлемде көрсету;
Тармақша 2
2) урологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді медициналық оңалтуды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) бастапқы медициналық құжаттарды жүргізу, уәкілетті орган белгілеген нысандар, түрлер бойынша, көлемде, тәртіпте және мерзімде есептерді ұсыну;
Тармақша 4
4) қолданыстағы «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1241 Қаулысына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық парағы заңнамаға сәйкес еңбекке жарамсыздық парағын бере отырып, еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу;
Тармақша 5
5) урологиялық және андрологиялық пациенттерді диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын игеру және жұмыс практикасына енгізу;
Тармақша 6
6) стационардың қазіргі заманғы аспаптарға, жабдықтарға жыл сайынғы қажеттілігіне талдау жүргізу, оларға өтінімдер жасау;
Тармақша 7
7) стационарларда урологиялық және андрологиялық пациенттерге емдік көмектің тиімділігі мен сапасына талдау жүргізу және оны жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеу;
Тармақша 8
8) диагностика мен емдеу жүргізуде қиындығы бар урологиялық патологиясы бар анықталған пациенттерді УҒО-ға толық тексеріліп-қаралу мен емдеуге жіберу;
Тармақша 9
9) урологиялық қызметті одан әрі жетілдіру бойынша жыл сайынғы және перспективалық жоспарларды әзірлеуге қатысу және емдік іс-шараларды өткізу.
Тарау 6. 6. Облыстық және қалалық стационарлар құрамындағы урологиялық бөлімшелер
6. Облыстық және қалалық стационарлар құрамындағы урологиялық бөлімшелер
Тармақ 23
23. Облыстық және қалалық ауруханалардағы урологиялық бөлімшелерде медициналық көмек урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын пациенттерге стационарлық және стационарды алмастыратын көмек нысанында көрсетіледі.
Тармақ 24
24. Стационардың құрамына мынадай диагностикалық бөлімшелер кіреді: эндоскопиялық кабинет, ультрадыбыстық зерттеу кабинеті, цитологиялық зертхана, патоморфологиялық зертхана, клиникалық зертхана, рентгенологиялық бөлімше мен басқалар.
Тармақ 25
25. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсету үшін урологиялық қызметтің бейіні бойынша үш урологтан операциялық бригада құрылады.
Тармақ 26
26. Облыстық, қалалық стационардың урологиялық бөлімшесінің құрылымы мен медицина персоналының штат саны № 238 Бұйрықтың штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
Тармақ 27
27. Урологиялық және андрологиялық бөлімшенің негізгі міндеттері мен функциялары:
Тармақша 1
1) стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек нысанындағы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету;
Тармақша 2
2) урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді медициналық оңалтуды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) бастапқы медициналық құжаттарды жүргізу, уәкілетті орган белгілеген нысандар, түрлер бойынша, көлемде, тәртіпте және мерзімде есептерді ұсыну;
Тармақша 4
4) қолданыстағы № 1241 Заңнамаға сәйкес еңбекке жарамсыздық парағын бере отырып, еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу;
Тармақша 5
5) халықтың арасында созылмалы, ісікалды және ісіктік урологиялық және андрологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша скрингілік зерттеулер жүргізуге қатысу;
Тармақша 6
6) пациенттерді диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы жұмысын уақтылы игеру мен практикаға енгізу;
Тармақша 7
7) стационардың қазіргі заманғы аспаптарға, жабдықтарға жыл сайынғы қажеттілігіне талдау жүргізу және анықтау, оларға өтінімдер жасау;
Тармақша 8
8) қысқа мерзімді циклдарды, мастер-кластар мен оқытудың басқа да нысандарын ұйымдастыру арқылы дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің урология және андрология бойынша біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысу;
Тармақша 9
9) урологиялық қызметті одан әрі жетілдіру бойынша жыл сайынғы және перспективалық жоспарларды әзірлеуге қатысу және кейіннен жергілікті жердегі денсаулық сақтау органдарымен келісе отырып, әрбір өңір (облыста, қалада) бойынша емдеу іс-шараларын өткізу;
Тармақша 10
10) стационарларда урологиялық және андрологиялық пациенттеріне емдік көмектің тиімділігі мен сапасына талдау жүргізу және оны жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеу;
Тармақша 11
11) диагностика мен ем жүргізуде қиындығы бар урологиялық және андрологиялық патологиялары бар анықталған пациенттерді УҒО-ға толық тексеріліп-қаралу мен емделуге уақтылы жіберу болып табылады.
Тарау 7. 7. Аудандық орталық /аудандық ауруханалар деңгейіндегі урологиялық төсектер
7. Аудандық орталық /аудандық ауруханалар деңгейіндегі урологиялық төсектер
Тармақ 28
28. Аудандық орталық аурухананың немесе аудандық аурухананың базасында урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын халыққа медициналық көмек стационарлық және стационарды алмастыратын көмек нысанында көрсетіледі.
Тармақ 29
29. Аудандық орталық/аудандық аурухананың деңгейіндегі урологиялық көмектің құрылымы мен медициналық персоналдың штат санын жүргізілген емдеу-диагностикалық жұмыстың көлеміне, қызмет көрсетілетін халықтың санына және № 238 Бұйрықпен бекіткен штат нормативтеріне қарай, хирургиялық бөлімшенің құрамында урологиялық төсектер құрылатын медициналық ұйымдардың басшылары белгілейді.
Тармақ 30
30. Урологиялық көмектің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) стационар қызмет көрсететін аумақтағы урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын пациенттерге толық көлемде мамандандырылған (амбулаториялық, стационарлық) көмек көрсету;
Тармақша 2
2) урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді медициналық оңалтуды, оның ішінде урологиялық аурулары бірінші рет анықталған пациенттерді есепке алу, кеткен және бұрын анықталған диагнозымен жаңадан келген пациенттерді есепке алу және урологиялық ем қабылдаған пациенттерді күнделікті есепке алуды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) бастапқы медициналық құжаттарды жүргізу, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі-№ 907 бұйрық) бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген; белгілеген нысандар, түрлер бойынша, көлемде, тәртіпте және мерзімде есептерді ұсыну;
Тармақша 4
4) қолданыстағы № 1241 Заңнамаға сәйкес еңбекке жарамсыздық парағын бере отырып еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу;
Тармақша 5
5) қазіргі заманғы аспаптарға, жабдықтарға жыл сайынғы қажеттілігін талдау жүргізу, оларға өтінімдер жасау;
Тармақша 6
6) біліктілікті арттыру және қайта даярлау циклдеріне жіберу арқылы урология және андрология бойынша дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысу;
Тармақша 7
7) стационарларда урологиялық және андрологиялық пациенттерге емдік көмектің тиімділігі мен сапасына талдау жүргізу және стационардың қызмет көрсету мен консультациялық көмек көрсету аумағында оны жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
Тармақша 8
8) қызмет көрсететін аумақта жүргізілетін халықты медициналық профилактикалық тексеріп-қарауды ұйымдастыру, жүргізу және сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысу;
Тармақша 9
9) диагностикалау мен емдеу қиын урологиялық патологиялары бар пациенттерді қалалық және облыстық стационардың урологиялық бөлімшелеріне толық тексеріп-қарау мен емделуге уақтылы жіберу болып табылады.
Тармақ 31
31. Хирургиялық бөлімшенің құрамында жоғары немесе бірінші біліктілік санаттағы уролог дәрігер тағайындалады, уролог дәрігер болмаған жағдайда урология бойынша мамандандырудан өткен хирург дәрігер тағайындалады.
Тарау 8. 8. Өңірлік ерлер денсаулығы мен отбасылық өмірлілік орталықтары
8. Өңірлік ерлер денсаулығы мен отбасылық өмірлілік орталықтары
Тармақ 32
32. Қазақстан Республикасының әрбір өңірінде консультациялық-диагностикалық орталықтардың немесе бөлімшелерінде ерлер денсаулығы және отбасылық өмірлілік орталығы (бұдан әрі –ЕДОӨО) көзделген. 500 мың адамнан аса халқы бар өңірлерде екі ЕДОӨО құруға болады.
Тармақ 33
33. ЕДОӨО консультациялық-диагностикалық орталықтардың немесе амбулаториялық-емханалық ұйымдардың базасында құрылады.
Тармақ 34
34. ЕДОӨО басшысы болып тиісті маман сертификаты бар уролог/андролог дәрігер тағайындалады.
Тармақ 35
35. ЕДОӨО штаттық құрылымында: уролог/андролог дәрігердің (орталық басшысы), эндокринолог дәрігердің, кардиолог дәрігердің, дерматовенеролог дәрігердің, УДЗ дәрігерінің, зертханашы дәрігердің, орта және кіші медицина персоналының болуы көзделеді.
Тармақ 36
36. ЕДОӨО құрылымында мынадай негізгі құрылымдық бөлімшелер көзделеді:
маман дәрігерлер кабинеттері,
уродинамикалық зерттеулер кабинеті;
ЭКГ және велоэргометрия кабинеті,
УДЗ-диагностикалық кабинеті,
физиотерапиялық кабинет,
ем-шара кабинеті,
пенилді манипуляция кабинеті,
зертхана,
материалды алуға және ректалдық манипуляцияларға арналған кабинет.
Тармақ 37
37. ЕДОӨО медициналық құжатты, есепке алу-есептілік құжаттарын жүргізуді, сондай-ақ ай сайынғы, жылдық есептерді, № 907 Бұйрықта бекіткен нысандар мен мерзімдерді құруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 38
38. ЕДОӨО міндеттері:
Тармақша 1
1) стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек нысанында мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету;
Тармақша 2
2) халықтың нысаналы топтарына профилактикалық тексеріп-қараулар жүргізу;
Тармақша 3
3) жыныстық сала аурулары профилактикасының дағдыларына пациенттер мен аралас мамандық дәрігерлерін оқыту және онкосақтық пен өмір сапасын арттыру үшін ерлер денсаулығы және отбасылық өмірлік мектептерін құру үшін ақпараттық - ағарту жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 4
4) урологиялық және андрологиялық аурулардың профилактикасы;
Тармақша 5
5) репродуктивтік және эректильдік дисфункциясы бар жасырын интеркурентті патологиясымен ерлердің (балалар мен жасөспірімдер) жыныстық саласының әртүрлі аурулары бар ерлерге превентивтік көмек көрсету;
Тармақша 6
6) онкологиялық сипаттағы анықталған уроандрологиялық патологиясымен пациенттерді скринингтен кейінгі динамикалық бақылау және оңалту;
Тармақша 7
7) республиканың уролог және андролог дәрігерлері үшін бірыңғай ақпараттық базаны құру;
Тармақша 8
8) консультациялық-әдістемелік медициналық көмек көрсету және бюджет қаражатын үнемдеу үшін Қазақстан Республикасындағы телемедицина қызметі арқылы телеконференциялар өткізу үшін аудио-бейне-интернетті ЕДОӨО барлық қызметі мен объектілерімен желілік қосуды енгізу;
Тармақша 9
9) несеп-жыныстық жүйенің онкологиялық ауруларының дамуының жоғары қауіп факторымен пациенттерді динамикалық бақылауды жүргізу болып табылады.
Тармақ 39
39. ЕДОӨО функциясына:
Тармақша 1
1) урологиялық және андрологиялық, оның ішінде репродукциялық функция, сексуалдық денсаулығы, отбасыішілік қарым-қатынастың психологиялық проблемалары, медициналық-генетикалық консультация, отбасын жоспарлау, саламатты өмір салты мәселелері бойынша консультациялық-диагностикалық, емдеу, профилактикалық, оңалту көмегін көрсету және ақпараттық-ағартушылық жұмыстар жүргізу;
Тармақша 2
2) әр түрлі урологиялық және андрологиялық аурулардан (бедеулік, созылмалы простатиттің кейбір нысандарымен, аденоманың бастапқы сатысымен және қуықасты безінің обыры, енбау венасының варикоздық кеңеюімен, крипторхизммен, гипоспадиямен, Пейрони ауруымен, приапизммен, бастапқы және екінші гипогонадизммен эрекциялық дифункциялар) ауыратын пациенттерді кейіннен динамикалық бақылай отырып, консультациялық-диагностикалық және емдік көмек көрсету;
Тармақша 3
3) урологиялық және андрологиялық пациенттерді профилактикалау, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша республиканың денсаулық сақтау ұйымдарына ұйымдық, әдістемелік, үйлестірушілік және консультациялық көмекті жүзеге асыру, оның ішінде дәрігерлер мен орта медицина персоналының ерлердің репродукциялық денсаулығын сақтау мәселесі бойынша кәсіптік даярлығын арттыру;
Тармақша 4
4) андрологиялық және интеркурренттік аурулардың таралушылығы туралы деректерінің статистикалық мониторингі, жүйелілігі мен талдауды ерлердің өмір сапасын жақсарту бойынша бағыттар анықтау, сондай-ақ инфертильдік ерлі-зайыптыларды диагностикалау мен емдеу бойынша бағыттарды анықтау;
Тармақша 5
5) саламаты өмір салтының әртүрлі аспектілері, ұрпақты болу және сексуалдық денсаулықты сақтау, ана және әке болу қауіпсіздігі, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, оның ішінде АИТВ инфекциясының профилактикасы мәселелері жөніндегі іс-шараларды өткізу;
Тармақша 6
6) еңбекке жарамсыздық парағын № 1241 Заңнамасымен белгіленген тәртіппен, тұратын жері бойынша емдеу мен диспансерлік бақылауды ұсына отырып, медициналық қорытынды беру;
Тармақша 7
7) зерттеудің зертханалық әдістерін қоса алғанда мамандандырылған медициналық көмек көрсету уәкілетті орган бекіткен диагностика мен емдеу хаттамаларымен (стандарттарымен) анықталады;
Тармақша 8
8) ерлердің репродукциялық функцияларын қалпына келтіру бағытталған инновациялық, аз инвазивтік операцияларды енгізу және дамыту;
Тармақша 9
9) айғақтары болған жағдайда стационарлық мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмекке жіберу, пациент «Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1464 Қаулысымен (бұдан әрі-№ 1464 қаулы) ЕДОӨО орныққан жері бойынша стационарды алмастыратын технологияларды қолдана отырып, тиісті көп бейінді немесе республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына жіберіледі;
Тармақша 10
10) ана мен бала денсаулығын сақтау ұйымдарымен, көп бейінді және мамандандырылған медициналық ұйымдармен, оның ішінде тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық диспансерлермен, емханалармен және тағы басқалары, халықтың нысаналы топтарын тексеріп-қараудағы, диагностикалау мен емдеудегі сабақтастықты жүзеге асыру кіреді.
Тармақ 40
40. ЕДОӨО медициналық университеттер, академиялар, дәрігерлер білімін жетілдіру институттары (факультеттер), медициналық колледждер үшін клиникалық (оқу) база бола алады.
Тармақ 41
41. ЕДОӨО жұмысын үйлестіру мен әдістемелік басшылықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас урологы; орныққан жері бойынша бас штаттан тыс уролог, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының бас штаттан тыс урологтары жүзеге асырады.
Тармақ 42
42. ӨЕДОӨО осы Ережеге № 1-қосымшаға сәйкес жабдықтардың ең төменгі тізбелерімен қамтамасыз етіледі.
Тарау 9. 9. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың уроандрологиялық кабинеттері
9. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың уроандрологиялық кабинеттері
Тармақ 43
43. Уроандрологиялық кабинет облыстық, қалалық, аудандық орталық аурухананың, дербес қалалық емханалардың құрамында уәкілетті орган бекіткен штат нормативтеріне сәйкес ұйымдастырылады.
Тармақ 44
44. Уроандрологиялық кабинеттің дәрігері кабинеті құрылымдық бөлімшесі болып табылатын емхананың бас дәрігерінің басшылығымен жұмыс істейді, ал ұйымдастырушылық-әдістемелік қатынаста – облыстық, аудандық, қалалық стационардың бас урологына бағынады және қызмет көрсетілетін аумақтағы халыққа урологиялық көмектің жағадйына жауап береді.
Тармақ 45
45. Уроандрологиялық кабинет дәрігерінің лауазымына тиісті маман сертификаты бар урология бойынша арнайы даярлықтан өткен дәрігер тағайындалады.
Тармақ 46
46. Уроандрологиялық кабинет дәрігерінің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Урологиялық және андрологиялық көмекті талап ететін аурулары бойынша емханаға қаралған пациенттерді қабылдауды жүргізу;
Тармақша 2
2) операциядан кейін пациенттерді емдеуді жүргізу;
Тармақша 3
3) Уроандрологиялық патологиясы бар пациенттерді толық тексеріліп-қаралу және емделу үшін урологиялық бөлімшеге консультацияға және/немесе емдеуге жатқызуға жіберуді ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) урологиялық аурулары бар пациенттерді медициналық оңалту мен динамикалық бақылауды, оның ішінде урологиялық аурулары алғаш анықталған пациенттерді есепке алу, кеткен және бұрын анықталған диагнозымен жаңадан келген пациенттерді есепке алу және урологиялық ем қабылдаған пациенттерді күнделікті есепке алуды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) урологиялық аурулардың профилактикасы мен метафилактикасы бойынша іс-шаралар өткізу;
Тармақша 6
6) андрологиялық патологиясы бар пациенттерді анықтаған жағдайда (ерлер бедеулігі, эрекциялық дисфункция, қуықасты безінің аурулары және тағы басқалары) осы санаттағы пациенттерді ЕДОӨО-ге уақтылы жіберу;
Тармақша 7
7) бастапқы медициналық құжаттарды жүргізу, уәкілетті орган белгілеген нысандар, түрлер бойынша көлемде, тәртіпте және мерзімде есептерді ұсыну;
Тармақша 8
8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес еңбекке жарамсыздық параған бере отырып, еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу;
Тармақша 9
9) осыған мұқтаж урологиялық пациенттерге үйде консультациялар мен патронажды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) урологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді емдеу үшін емдеуге жатқызу бойынша бас тарулардың себептеріне талдау жүргізу мен шаралар қабылдау;
Тармақша 11
11) кабинет қызметін жүзеге асыру шегінде ұйымдарға тіркелген урологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді динамикалық бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) ТМККК шеңберінде дәрігердің тағайындауы бойынша емдеуді жалғастыру үшін аурулардың созылмалы нысанымен ауыратын пациеттерге тегін дәрілік заттарға рецептер жазып беру болып табылады.
Тармақ 47
47. Урологиялық кабинеттің дәрігері обыралды және обыр ауруларын ерте анықтау жөніндегі скринингілік бағдарламаға сәйкес мыналар кіретін әдістемелік көмекті ұйымдастырады және жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) аралас мамандықтағы дәрігерлердің арасында онкосақтықты арттыру бойынша бағдарламаны жетілдіру;
Тармақша 2
2) МСАК және мамандандырылған қызметтердің мамандарын оқытудың әртүрлі технологияларын пайдалана отырып (көшпелі өңірлік семинарлар, каскадтық әдіс, on-line, оның ішінде телемедицинаны пайдалана отырып), скринингілік тексеріп-қарауларды енгізудің әртүрлі бағыттарына оқыту;
Тармақша 3
3) несеп-жыныс жүйесінің қатерлі ісіктерін ерте анықтау бойынша скринингілік бағдарламаларды енгізу мониторингісін жүргізу;
Тармақша 4
4) саламаты өмір салты және қатерлі ісіктердің профилактикасы туралы халықтың хабардар болуын арттыру арқылы азаматтардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін қалыптастыру;
Тармақша 5
5) саламаты өмір салтын қалыптастыру мен қатерлі ісіктердің профилактикасын насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарын белсенді пайдалану;
Тармақша 6
6) бастапқы профилактика, қатерлі ісіктердің ерте белгілері бойынша халықтың арасында брошюраларды, буклеттерді, үнпарақтарды тарату болып табылады.
Тармақ 48
48. Кабинеттің құрылымы мен медицина персоналының штат санын, жүргізілген емдеу-диагностикалық жұмыстың көлеміне, қызмет көрсетілетін халықтың саны № 238 Бұйрықта бекіткен штат нормативтеріне қарай құрамында кабинет құрылған медициналық ұйымның басшысы белгілейді.
Тармақ 49
49. Уроандрологиялық кабинет пациенттерді қабылдауға арналған үй-жайдан, емдеу шараларын жүзеге асыруға арналған үй-жайлардан тұрады. Кабинет осы Ережеге № 2-қосымшаға сәйкес жабдықтардың ең төменгі тізбесімен қамтамасыз етіледі.
Басқа 1. ӨЕДОӨО материалдық-техникалық жарақандырудың ең төменгі тізбесі
Урологиялық және андрологиялық
көмек көрсететін медициналық
ұйымдардың қызметі туралы ережеге
1-қосымша
ӨЕДОӨО материалдық-техникалық жарақандырудың ең төменгі тізбесі
Жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы
Саны
Урологтың /андрологтың кабинеті
Зарарсыздандырылған аспаптарды сақтауға арналған қойма
1
Амбулаториялық көмек үшін урологиялық (хирургиялық) кіші жиынтық
2
Негатоскоп
1
Цитоскопиялық жиынтық
1
Жылжымалы медициналық шам
1
Таңу үстелі
1
Жылжымалы аспаптар үстелі
1
Бактерицидтік стационарлық сәулелегіш
1
Медициналық кушетка
1
Медициналық тексеріп-қарау креслосы
1
Медицина дәрігерінің үстелі
1
Мейіргер үстелі
1
Медицина дәрігерінің орындығы
1
Медицина мейіргерінің орындығы
1
Пациент орындығы
2
Медициналық шымылдық
1
Құжаттар үшін медициналық шкаф
1
Киімге арналған медициналық шкаф
1
Өлшеу жолағы
1
Бүйрек тәріздес бума
1
Дезинфекциялық ерітіндіге арналған стакан
1
Медициналық термометр
5
Тонометр
1
Фонендоскоп
1
Медициналық шпатель
20
Ем-шара кабинеті
Жылжымалы медициналық шам
1
Медициналық тоңазытқыш
1
Бактерицидтік стационарлық сәулелегіш
1
Медициналық кушетка
1
Медициналық тексеріп-қарау креслосы
1
Медицина мейіргерінің үстелі
1
Медицина мейіргерінің орындығы
1
Пациент орындығы
2
Медициналық шымылдық
1
Бүйрек тәріздес бума
2
Дезинфекциялық ерітіндіге арналған стакан
2
Бикс салғыш
2
Зарарсыздандыру қорабы
2
Зарарсыздандырылған аспаптар арналған үстел
1
Жылжымалы аспаптар үстелі
1
Медициналық бұрандалы отырғыш
1
Шұғыл көмек жиналғыш шемодан
1
А және Б тобының дәрі-дәрмектеріне арналған шкаф
1
Шыны дәрі-дәрмектерге арналған шкаф
1
Ұзақ құюға арналған штатив
2
Уродинамикалық зерттеулер кабинеті
Стационарлық бактерицидтік сәулелегіш
1
Медицина дәрігерінің үстелі
1
Медицина дәрігерінің орындығы
1
Медициналық кушетка
1
Мейіргер үстелі
1
Пациент орындығы
1
Медициналық шымылдық
1
Уродинамикалық жүйе
1
Пенильдік манипуляциялар кабинеті
Бактерицидтік стационарлық сәулелегіш
1
Медициналық кушетка
1
Пациент орындығы
1
Медициналық шымылдық
1
Көзбен көруге арналған теледидар
1
Бейнекүйтабақ ойнатқыш
1
Материал алу және ректалдық манипуляциялар кабинеті
Бактерицидтік стационарлық сәулелегіш
1
Медициналық кушетка
1
Медициналық шымылдық
1
Аспаптық жылжымалы үстел
1
Операцияалды бөлімше
Каталка-зембілдер
1
Урологтың қол жууына арналған қондырғы
2
Бактерицидтік стационарлық сәулелегіш
1
Операция залы
Жоғары жиіліктегі электрохирургия аппараты
1
Ингаляциялық наркоз аппараты
1
Рентген диагностикалық жылжымалы аппарат
1
Аспиратор
1
Дефибриллятор
1
Дәрілік заттар дозаторы
1
Зарарсыздандырылған аспапты сақтауға арналған камера
1
Оттегі концентраторы
1
Ларингоскоп
1
Пациентті бақылау мониторы
1
Қиын интубацияға арналған жиынтық
1
Үлкен хирургиялық аспаптар жиынтығы
1
Трахеостомияға арналған аспаптар жиынтығы
1
Негатоскоп
1
Хирургиялық жылжымалы шам
1
Хирургиялық стационарлық шам
1
Операциялық әмбебап үстел
1
Электрокоагулятор
1
Бактерицидтік стационарлық сәулелегіш
1
Анестезиолог үстелі
1
Зарарсыздандыру материалдарына арналған үстел
1
Медициналық үстел
1
Көп функциялық медициналық арба
1
А және Б тобының дәрі-дәрмектеріне арналған шкаф
1
Шыны дәрі-дәрмектерге арналған шкаф
1
Ұзақ құюға арналған штатив
1
Басқа 2
Урологиялық және андрологиялық
көмек көрсететін медициналық
ұйымдардың қызметі туралы ережеге
2-қосымша
Уролог кабинеті
Зарарсыздандырылған жабдықтарды сақтауға арналған камера
1
Урологиялық орындық
1
Уролог аспаптарының жиынтығы
2
Жылжымалы медициналық шам
1
Жылжымалы аспаптық үстел
1
Урометр
1
Цистоуретроскоп
1
Стационарлық бактерицидтік-сәулелегіш шам
1
Жалпы дәрігерлік жиынтық (қоса беріліп отыр)
1
Жалпы дәрігерлік қабылдау жиынтығы (қоса беріліп отыр)
1
Дәрігерлік қабылдау жиынтығы
Өлшеу таспасы
1
Бүйрек тәрізді тостаған
1
Секундомер
1
Дезинфекциялық ертіндіге арналған стақан
1
Медициналық термометр
5
Тонометр
1
Фонендоскоп
1
Медициналық қалақша
200
Жалпы дәрігерлік жиынтық
Медициналық кушетка
1
Медициналық дәрігер үстелі
1
Медициналық мейіргер
1
Медициналық дәрігер орындығы
1
Медициналық мейіргер орындығы
1
Пациенттің орындығы
2
Медициналық шымылдық
1
Құжаттарға арналған медициналық шкаф
1
Киім-кешекке арналған медициналық шкаф
1